57
Отандық іс-тәжірибеде бизнес-жоспардың үлгілік құрылымы:
1.
Кіріспе
2. Компанияның сипаттамасы
3. Өнімнің сипаттамасы (жұмыстар, қызметтер)
4. Нарықты және бәсекені талдау
5. Маркетингтік жоспар
6. Өндірістік жоспары
7.
Ұйымдастыру жоспары
8. Қаржылық жоспар
9. Инвестициялық жоспар
10. Тәуекелдерді талдау
11. Қосымшалар
Бизнес-жоспарға қосымшаларда заңды және
құқықтық сипаттағы құжаттар
(құрылтай құжаттары, ресурстарды иелену немесе пайдалану құқығы және т.б.)
келтіріледі.
Әрине, бизнес-жоспар – бұл сіздің жобаңыздың дамуы мен жұмыс істеуінің
үлгілік моделі. Есте сақтаған жөн, күтпеген жағдайлар да пайда болады, себебі
сіз бизнесті қағазда емес, нақты уақытта бастайсыз. Сіз, егер аталған
ұсыныстарды ұстанатын болсаңыз, көптеген
мәселелерді болдырмауға
мүмкіндік беретін толық және жұмыс бизнес-жоспарын жасай аласыз.
3. БИЗНЕС-МОДЕЛ НЕМЕСЕ БИЗНЕС-ЖОСПАР
Осы кезеңде сіз бизнес-модельдермен және бизнес жоспармен таныстыңыз.
Бірақ әлі де: «бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылық
неде?» деген сұрақ мазалайды. Жауап қарапайым: бизнес-модель – бұл сызба,
ал бизнес-жоспар – жан-жақты талдау.
Бизнес-жоспарда компанияның/жобаның мақсаттары мен миссиясы, құнды
ұсыныстарды жасау кезіндегі негізгі құзыреттіліктер,
қызметтің негізгі
ережелері, негізгі іргетасы бизнес-модель болып табылатын компанияның
белгілі бір кезеңге дамуы жүйеленеді.
Бизнес-модельді әзірлеу компанияны дайындаудағы алғашқы қадам болып
табылады және бизнес-жоспар құрудың алдында болады.
Бизнес-модельдің құрылымын және бизнес-жоспарды салыстыруды сіз 1-
суреттен көре аласыз.
Бизнес-жоспарды жасау мен үдерісті талдау кезінде, бизнес-жоспарда осы
үдерістің өнімі және бизнес-моделдің нүктесі ретінде кез келген үдерісті
жоспарлау арасындағы байланысты көрсетеді. Бизнес-модель
кәсіпкерліктің
негізгі төрт элементіне: клиенттерге, ұсыныстарға, инфрақұрылымдарға және
қаржылық тұрақтылыққа бағытталған. Бұл элементтер бизнес-жоспарда жан-
жақты қарастырылады.
Сізде
бизнес-жоспардың негізі болса, жоспарлау оңай. Бизнес-модельдің
көмегімен жоспарлау үдерісінде сіздің назарыңыз дұрыс нәрселерге
аударылады.
58
Олар өзара байланысты болғандықтан, бұл екі құрал бір-біріне сәйкес келуі
керек.
Осыған орай, егер бизнес-модель өзгерсе, сондай-ақ бизнес-жоспарды
қайта жасау қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: