191
лар» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964),
«Шымыр жаңғақ» (1984) кітаптары – қазақ әдебиетінің алтын қорына қо-
сылған туындылар.
Кейін, яғни 60-жылдардың екінші жартысынан бастап ересектерге ар-
налған өлеңдер де жазды. Шығармашылықтағы
осы өзгеріске орай ол
«Жұлдыз» журналы, «Жазушы» баспасындағы қызметтерімен жалғасын
тапты. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының ке-
ңесшісі, т.б. мәртебелі қызметтер атқарды.
Ақынның бұл кезеңдегі кітаптары: «Ой орманы» (1965) «Дала дидары»
(1966), «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Алақан» (1977), «Қо-
рамсақ» (1980), «Көкпар» (1981), «Күндер-ай» (1984), «Күміс қоңырау»
(1985), «Қызыл кітап» (1986), «Қылыш пен қанжар» (1991), «Мәңгі май-
дан» (1992), «Заман-ай» (1997), «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001), т.б.
2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан ақынның он екі томдық шығарма-
лар жинағы жарық көрді.
Ақын туралы ҚР ҰҒА академигі З.Қабдолов: «Қадыр Мырзалиев
1
–
сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап,
қым-қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырыл-
май, еркін жырлай алады ...Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты,
қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталан-
бас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирикасы-
ның
сыңғыры бөлек, сыры терең»
2
, – деп жазды.
Ақын қай тақырыпта өлең жазса да, негізгі нысанасы – адам, оның ең-
бегін, дәстүрін, тұтас болмысын жырға қосты. Ешкімге еліктемей, ешкімді
қайталамай, адам жанына терең үңіле білуі даралықты танытты.
Үңіліп көр адамдардың ойына,
Көрем десең жунглидің көкесін! –
дейді ақын. Өйткені әр адам – өзінше жеке құбылыс, бәрін бір қалыптағы
оймен түсінуге болмайды. Адам жанын түсінуге тырысқан ақын:
Күндіз-түні сабылып, ертелі-кеш індетер,
Тек
жақсылық, жақсылық іздеу – менің міндетім.
Мен жақсылық іздеймін қызу қанның өзінен,
1
Кеңес кезінде ақынның тегі Мырзалиев деп жазылған, кейін, еліміз тәуелсіздік алған соң,
ол Мырза Әли деп өзгертті.
2
Қабдолов З. Қадырдың қадірі // Қадыр Мырза Әли. Таңдамалы туындыларының көптом-
дығы. Т. 1. – Алматы; 2001, 7–14-беттер.
192
Мен жақсылық іздеймін бұзылғанның өзінен,
Мен жақсылық іздеймін қаскүнемнің өзінен,
Мен жақсылық іздеймін маскүнемнің өзінен.
Мен жақсылық іздеймін!
Әрлі-берлі із
кесіп,
Жамандықты іздесе,
Оңбағандар іздесін! –
деген ақын гуманизмді танытады.
Бабамыздың шоқ басқан табанымен,
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы –
жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен...
Ақын бейнелі ойларды арнайы іздемеген, оның шығармаларында афо-
ризмге айналған қанатты сөздер көп.
Қазақ боп
Туғаныңа өкінбе,
Қазақ боп
Жарыта алмағаныңа өкін!
Түйме ұрлаған адам түйені де ұрлай алады.
Парақордың
ақылы кем,
Көлемі кең.
Халқыңа жеккөрінішті болғанша,
Ханыңа жеккөрінішті бол!
Жаманның жағасына жармасқанша,
Жақсының етегінен ұста!
Түймедей іске де түйедей ақыл керек.