Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Үшінші көрініс
Сахнаға Мэлис Әлібаевич бастаған топ қайта шығады. Рестораннан 
шыққан беттері. Сондықтан бұрынғыдан да қызу, бұрынғыдан да көңілді. 
Көркемөнерпаздар тобы бұрынғыдан да бетер қызу әндетіп келеді. 
Қонақжай қазақ жасасын!
Кеңпейіл қазақ жасасын!..
Дастарқандар да жасасын!
Ресторандар да жасасын!
Үйге шақырғандар да жасасын!
Банкет бергендер де жасасын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, біздің қазақ деген... қазақтар деген ғажап қой! 
Қазақтың дастарқаны... Қонақжайлылығы...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Заман қанша қиындағанмен, қазақтың пейілі, 
дастарқаны тарылған жоқ!.. Сол баяғыдай...
ҚОШҚАРБАЙ. Дұрыс айтасыз! Баяғы коммунизмдегідей!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, Қошқарбай, сен де өзі, шынымен, азамат 
екенсің! 
(Қалтасынан конверт шығарып).
Әсіресе, мынау конвертің жақ-
сы екен! Жалтырап тұр!.. Қалыңдығы да біраз бар ма деймін...
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, шамамыз жеткенше... Қазақтың жолы деп...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Қазақтың жолы болған соң ғой... Не әйтпесе, біз 
сендерге конверт жинайын деп келді дейсіңдер ме?
ҚОШҚАРБАЙ. Мәке! Мэлис Әлібаевич, о не дегеніңіз, Құдай сақтасын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қазақтың азаматтары қандай? Шетінен ер ғой!.. Да-
нышпан, көреген ғой!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Оның ішінде мына Мәкең!.. Мэлис Әлібаевич... Қа-
зақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы!.. Бақ қонған, Қыдыр дарыған!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Мынау – Асай Мүсеевич... қазіргі заманның Асан 
қайғысы... Бұқар жырауы!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Сонда да көре алмайды кейбіреулер!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, солай!.. Ана жолы депутаттыққа өткізбей 
тастады, атаңа нәлеттер!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мені де... мені де... Академиктікке енді өтейін деп 
тұрған кезімде... Айтыңызшы, менен басқа кімі бар сонда?
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Сізге обал жасады. Бұл Академия деген... кілең 
бір қатып қалған... ескі... Президентінен бастап бәрін құрту керек.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әне, бәрекелді! Өте дұрыс айтасыз! Бәрін құрту ке-
рек! Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттік-
ке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!


222
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!.. Ең алды-
мен 
(даусын ақырын шығарып)
, сізден несін жасырайын, осы жақында 
министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Дұрыс. Өте дұрыс!.. Ай, қанша айтқанмен, біздің 
бастықтар кадр таңдай біледі. 
(Қошқарбайға).
Әй, Қошқарбай, айтшы, 
Мэлис Әлібаевичтен артық министр болатындай кім бар?
ҚОШҚАРБАЙ. Министр дейсіз бе? Қайдағы министр? Бұл кісі деген... 
бұл кісі деген... Мынау министріңіз не айтып тұрған? Одан да үлкен!.. 
Одан да жоғары!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жо-жоқ, әлі ертелеу!.. Айттым ғой – ертелеу!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жо-жоқ, ерте емес! Міне, халықтың өзі... халықтың 
өкілі солай деп тұр... Халықтың пікірімен санасу керек, жолдас Мэлис 
Әлібаевич.
ҚОШҚАРБАЙ. Иә, дұрыс! Халықпен санасу керек! Ең құрығанда – 
премьер-министр!.. Премьер-министр!.. 
Көркемөнерпаздар Мэлис Әлібаевичті айналып әндетіп, билей бастайды:
Жасасын Мэлис Әлібаевич!
Мэлис Әлібаевич жасасын! 
Жасасын асыл ағаларымыз!
Ұлы ағаларымыз жасасын! 
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Апырмай, адамды енді өстіп бұзасыңдар... Бі-
рақ... еңбекті бағалаған да дұрыс! Генерал болмаймын деген солдат – сол-
дат емес. Бәрімізде де үлкен армандар бар!.. Мақсат!.. Міне, сол мақсат 
жолында үнемі сапарда... жолда... Қарап отырсақ,.. бұл адам өмірі деген 
пойыз сияқты!.. 
(перронға қарап).
Тура мына пойыз сияқты... 
(Есіне бір-
деңе түскендей). 
Айтпақшы, бұл өзі неғылған пойыз?!
ҚОШҚАРБАЙ. Біздің пойыз емес!... Біздің пойыз «Қазақстан» пойызы 
кежегесі кейін тартып, үнемі кешігіп келеді.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, дұрыс... Ал сонымен менің айтпағым... 
Айтайын дегенім – бұл өмір деген сондай бір пойыз... сондай бір пойыз... 
(қайтадан вагонға қарап)
Сонымен мынау қай пойыз болды?
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қайдам!.. Көзім көріңкіремей тұр... Әшкиім қалып 
қойыпты...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, пойыз... 
(кенет шошып кетіп)
Әй-әй, мы-
нау біздің пойыз ғой... әне-әне, жазып қойыпты!.. «Қазақстан» деп жазып 
қойыпты.
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, сол екен... Өзі жүрейін деп тұр ма деймін?


223
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жүрейін деп тұрмаң не?! Жүріп бара жатқан жоқ 
па?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ойбай, не дейді? Жүгіріңдер!.. Жүгіріңдер!.. Біздің 
вагон – тоғызыншы вагон!
Екеуі вагонға қарай ұмтылады.
ҚОШҚАРБАЙ. Мен де... Мен де сіздерді келесі ауданға дейін шығарып 
саламын... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет