225
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Рақмет, қарағым! Қайтарда тағы мінем ғой пойызыңа!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Әрине... әрине!
(Жолсерік келіншекке жұрт
еститіндей етіп)
Жолаушылардан ешқандай жалоба түспейтіндей бол-
сын! Өте абай болу керек!... Әсіресе, күдікті адамдарға... Сосын ішіп алған
мастарға ешқандай аяушылық жасамау керек!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Дұрыс!.. Мас көрінсе, аямаймын!.. Ит қосып
қуамын!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Ал сау болыңыздар!..
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек кетеді.
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Апырмай, пойыздың бастығы ініңіз болғаны
қандай жақсы болды, әйтпесе, далада қалады екенбіз...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қайдағы іні? Мен оны өмірімде бірінші рет көріп
тұрмын!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. А, сонда қалай болғаны?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Туһ! Өзің шал болғанмен, түк білмейтін шал екенсің.
Заманың қандай болса, адам сондай болу керек! Жүр, шай ішеміз.
Екеуі купеге кіріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: