ТОЙДАН ҚАЙТҚАН ҚАЗАҚТАР
1
(«Қазақстан» пойызы)
(екі бөлімді комедиялық драма)
Қатысушылар:
Мэлис Әлібаевич – жауапты қызметкер
Асай Мүсеевич – тарихшы ғалым
Қошқарбай – аудандық әкімшіліктің қызметкері
Пойыздың бастығы
Жолсерік келіншек
Саудагер әйел
Билетсіз жолаушы
Көркемөнерпаздар ансамблі (екі-үш еркек, бір-екі әйел)
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші көрініс
Шағын перрон. Көз байланған кез. Сахнаға Мэлис Әлібаевич, Асай
Мүсеевич, Қошқарбай шығады. Соңдарында көркемөнерпаздар ансамблі.
Ансамбль әндетіп, билеп келеді.
Жасасын біздің меймандар!
Біздің меймандар жасасын!
Жасасын жақсы меймандар!
Құрметті меймандар жасасын!
Жасасын жақсы ағалар!
Асыл ағалар жасасын!
Жасасын қамқор ағалар,
Бастық ағалар жасасын!
Жігіттер музыка ойнап, қыздар мың бұрала билеп, думанды қыздыра
түседі.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ
(бишілерге қосылып билеп кете жаздап).
Ай, ке-
ремет қой... Керемет!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ
(саусағын сыртылдатып, биге қосылып).
Иә-иә, ға-
жап! Қандай әдемі!.. Қандай әдемі!..
1
Балғабаев С. Ең әдемі келіншек. Әңгімелер мен пьесалар жинағы. – Алматы: «Ана тілі»
баспасы, 2006, 123–161-беттер.
217
ҚОШҚАРБАЙ. Біздің ауылдың бәрі осы!.. Шетінен әнші!.. Шетінен биші!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жалпы, біздің халық дарынды халық қой!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Шетінен дарынды!.. Шетінен қабілетті!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Біздің қазақ ұлы халық қой!
ҚОШҚАРБАЙ. Дұрыс айтасыз! Біздің қазақтар деген...
(әндетіп)
Жасасын біздің қазақтар!
Қазақтар біздің жасасын!
Ұлы қазақтар жасасын!
Дана қазақтар жасасын!
Көркемөнерпаздар қосылып әндетіп, билейді.
Жасасын біздің қазақтар!
Батыр қазақтар жасасын!
Ақын қазақтар жасасын!
Дана қазақтар жасасын!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Өте керемет! Бүгінгідей той, бүгінгідей мереке өте
сирек болады.
ҚОШҚАРБАЙ. Бәрі сіздің арқаңыз, Мэлис Әлібаевич! Сонау Алматыдан
өзіңіз келген соң, жігіттер аянған жоқ! Барын салды!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Ертең Алматыға барған соң, айтамыз бұл туралы!
Тиісті орындардың бәріне жеткіземіз.
ҚОШҚАРБАЙ. Оның үстіне мына кісінің де...
(Асай Мүсеевичке қарап)
Асеке!.. Асай Мүсеевич дейім, сіздің баяндамаңыз... бүгінгі тойдағы баян-
дамаңызды айтам, сондай керемет болды!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ау, енді бүкіл Академияның атынан сөйлеген соң,
керемет болмаса, болмайды ғой.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Гениально!.. Классика!..
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, сондай!.. Әсіресе, батыр бабамызды бес жасында
шешен, он жасында қол бастаған көсем болды деген фактіңіз өте күшті
екен. Айтпақшы, ол фактіні қайдан тауып жүрсіз?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Таптық қой!.. Ғалым болған соң іздену керек.. Мен
ол туралы бүкіл газетке жазғам!.. Оқымайсыңдар!..
ҚОШҚАРБАЙ. Жо-жоқ, неге оқымаймыз?! Оқимыз ғой!.. Ойпырмай,
бес жасында шешен, он жасында көсем, шынында, ғажап!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мен үш жасында деп жазайын дегем!.. Қайта сыпа-
йыладым ғой...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Айтпақшы, тойдағы төбелес осы мәселеден шық-
ты дейді... Біреулер оған сенбей ме, қалай? Асеке, осы фактіні архивтен
алдым деген жоқ па едіңіз!
218
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә-иә, алуын алғам ғой... Бірақ енді ол тым ерте,
осыдан үш жүз жыл бұрынғы жағдай... ол кезде халық сауатсыз... архив
мәселесі нашарлау...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Дұрыс айтасыз!.. Қазақ деген қымызды ішуді біл-
ген... ал архив жазуды білмеген. Соған да мен кінәлімін бе?
ҚОШҚАРБАЙ. Асеке, біздің жақта да үнемі осы... Той болса, аяғы тө-
белес!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә, біздің жақта да осындай!.. Бірақ сіздерде сұм-
дық екен!.. Бәрі мас!...
ҚОШҚАРБАЙ. Әдейі жасайды!.. Бізде кірмелер бар!... Басқа рудың
адамдары... Солардың қастандығы!.. Көре алмайды, иттер!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә, қазақ болған соң, болады ғой ондай! Бірақ біз
провокацияға жол бермеуіміз керек!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Дұрыс айтасыз!.. Біз тарихты дұрыс білмейміз...
Меніңше, осы шежіре жазуды мемлекеттік деңгейде қолға алу керек!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Ұсынысыңыз өте орынды! Елдің ертеңін ойлаған
мәселе бұл!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әп, бәрекелді!.. Міне, басшылардың бәрі осылай ой-
ласа ғой – біз қайда, ендігі талай жерге барып қалар едік!
ҚОШҚАРБАЙ. Мен де соны айтам! Қазақтың қайраткерлерінің бәрі сіз-
дей болса ғой, шіркін!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Е, қызмет істеген соң, халықты ойлау керек! Сол
үшін жүрміз ғой, міне, күн-түн демей!
ҚОШҚАРБАЙ. Қандай тамаша сөз!.. Айтпақшы, Мэлис Әлібаевич, тағы
бір шаруа бар еді.. Кішкене шай дайындап қойғанбыз...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жо-жоқ, пойыздан қалып кетеміз!
ҚОШҚАРБАЙ. Қалмаймыз! Бұл «Қазақстан» пойызы ешқашан уақы-
тында келген емес... Үнемі кешігіп жүреді.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Сонда да болмайды! Ертең жиналыс... Баяндама жа-
сау керек!
ҚОШҚАРБАЙ
(сыбырлаңқырап).
Оның үстіне шамалы конвертіміз де
бар еді...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ
(ол да сыбырлаңқырап).
А, солай ма? Е, онда баян-
дама күте тұрады ғой...
(Мэлис Әлібаевичке қарап)
. Мәке дейім! Мынау
Қошқарбай деген жігіт өзі азамат жігіт екен! Бармасақ, ұят болады! Ренжіп
жүрер!
219
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, солай! Ештеңеден алаңдамаңыздар!.. Біз сіздерді
пойызбен келесі ауданның шекарасына дейін шығарып саламыз!
Бәрі сыртқа беттейді. Көркемөнерпаздар әндетіп соңдарынан ереді.
Той жасағандар жасасын!
Ас бергендер де жасасын!
Шапан жапқандар жасасын!
Ат мінгендер де жасасын!
Достарыңызбен бөлісу: |