229
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Қане, алға түсіңдер!.. Жүріңдер былай қа-
рай!.. Мен сендерге көрсетейін билет тексерудің қалай болатынын! Шагом
марш!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Дұрыс!.. Дұрыс, інім... бұларды сөйтіп құрту керек!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ
(даусын барынша ызғарлы шығаруға тырысып).
Тиш-ш! Тынышталыңдар! Бәрің де тынышталыңдар!..
(Саудагер әйелге қа-
рап).
Сіздер кімге жақтасып тұрсыздар? Кімнің сөзін сөйлеп тұрсыздар?
Сіздер қарапайым жолаушысыздар!..
(Пойыздың бастығын көрсетіп).
Ал
мыналар кімдер? Бұлар кімнің үстінен күн көріп жүр? Кімнің қанын со-
рып, ақысын жеп жүр?! Қайран, халқым-ай!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ
(кенет айқайлап жіберіп).
А-а, таныдым!..
Енді есіме түсті!.. Бұл кісі былтыр біздің ауылға депутат болам деп келген.
Осы сөздерін тура сонда айтқан!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ
(бұрынғыдан бетер айбаттанып).
Иә-иә, айт-
қам!.. Мен мұны талай жерде айтқам... Және болашақта да талай айта
беретін болам!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Ха-ха! Ол сөзің саған, бәрібір, жәрдемдесе ал-
ған жоқ!.. Біздің ауыл сені тырапай асырған болатын!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Өйткені сенің ауылың рушыл ауыл! ...Өз руынан
басқадан депутат сайламайды!.. Бірақ мен, бәрібір... бәрібір!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: