Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР
1. 
– Әй, керім!.. Әй, керім! – деп, Ербол да сұқтанып, тамсанудың үстінде еді.
Абай: «Қалай айттың, қалай айттың?» – деп, жолдасының жаңағы ай-
тысын қайта-қайта қайыртты да:
– Ал мен бір нәрсе айтайын ба? Бұның … деген аты сұлу емес. Сай емес! 
Жаңа ат қоямыз. Оны дәл осы арада сен таптың. … аты қалсын, шын 
аты «Әйгерім! Әйгерім» болады! – деді...
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңдар. 
2. 
Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның 
қатыны, ... деген бір жеңгесі:
– Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! – деп, 
мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Тағы бір жеңгесі – Ызғұтты-
ның қатыны Тобжан да сүйді... 
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, Абайды Телғара деген кім 
екенін анықтаңдар. 
3. 
... есіне Сыздық төре айтты деген сөз түсті. Оқи-оқи миында жатталып 
қалған сол монологті Кенесары ұрпағы – Сыздық төренің өзі келіп
құлағына сыбырлап тұрған тәрізді. «Арқа сүйер асқар тауың – өз мем-
лекетің болмаса, асыранды итсің. «Ит қарны тойған жерде жүреді» 
дейді...»
...Темір есік сарт-сұрт ашылып, камераға әлдекімдер кірді.
Сыздық төренің сөзін есіне алған кім екенін ойлап, қай шығармадан 
алынғанын анықтаңдар. 
4. 
Өзге-өзгеңді не қылайын, Біржан аға,– деп бастап, қонағына жаңа 
бір қуаныш жүзімен қарады. – Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін 
безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін сол кеті-
руші еді. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Әр 
кез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай 
арзан етіп еді. Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана 
қуанам... Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. – деді.
Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп:
– Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы
Абай! – деді. Әйгерім де, өзге жиын да екеуін дәл ұғынғандай, түгел 
қостап күлісті.


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет