Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Бұл сөздер кімге тиесілі? Оның бұлай айтуының себебі неде? Шығарма



Pdf көрінісі
бет73/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Бұл сөздер кімге тиесілі? Оның бұлай айтуының себебі неде? Шығарма
-
ның жанрын және авторын анықтаңдар. 
13. 
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып, 
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Үзінді қай шығармадан алынғанын, оның жанрын және авторын анық
-
таңдар. 
14. … 
Осылайша 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкин өзінің 
сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына ең 
алғаш рет қадам басты...
 
ЭПИЛОГ
...Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп, жатталып, Мұхаметжан 
әуенімен Ұлжан ауылына жеткен еді.
Көп нүкте арқылы жасырылған тараудың атын және оның қосымша 
тақырыбын табыңдар. 
 


244
15. 
Сендік арды,
Сендік намыс, ұятты
Ардақ тұтып,
Жұлдыздарың жиі ақты!..
Туған дала,
Түсінгенге –
Тағдырың 
Эстафета таяқшасы сияқты...
Қайран бабам
Бірақ оны
Әкеме
Аман-есен өз қолымен тапсырды!..
Сондықтан да
Мен оны
Салтанатпен ұсынамын ұлыма! 
Үзінді қай шығармадан алынғанын, оның жанрын және авторын анық
-
таңдар. 
16. 
Сыншының келiп көрдi отыз-қырқы,
Күреңбай көрiп дедi: «Жаман сұрқы,
Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,
Артынан жөнелгенде жетпес жылқы!»
Сөзiне Күреңбайдың жұрт таңғалды,
Не сыншы, не сұңғыла ортаға алды.
Жылқының қырағысы, шежiресi – 
Күреңбай көзiн сүзiп тұрып қалды.
Күреңбай көзi тұнып көп қадалды,
Айналып алды-артына көзiн салды.
Естуге Күреңбайдың байлау сөзiн,
Тарқамай көптiң тобы тұрып қалды.
Күреңбай көрiп тұрып артын, алдын:
– Жануар жүйрiгi екен жылқы малдың,


245
Жерi ұзақ, күшi алдында, өрен жүйрiк,
Бiтiмi өзi айтып тұр жануардың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет