Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

Ғылыми жаңалығы. 
Алғаш рет Солтүстік Қазақстан жағдайында 
Еуропадан және Канададан әкелінген етті бағыттағы абердин-ангус тұқымы 
малының үшінші генерация ұрпақтарының бейімделушілік және өнімділік 
қасиеттері зерттелді. Қазақстанның солтүстік өңірінің қатаң климаттық 
жағдайына етті бағыттағы ірі қара малының суыққа және ыстыққа төзімділігі 
анықталып, суыққа төзімділігі бойынша өнертабысқа патент алынды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. 
Ғылыми зерттеу жұмысының 
нәтижелері
 
шетелден әкелініп жатқан
 
асылтұқымды абердин-ангус тұқымы 
малының үшінші генерация ұрпақтарының Қазақстанның солтүстік өңірінің 
суық климаттық жағдайына бейімделу мүмкіндіктерін объективті бағалауға 
және олардың бейімделу қабілеттілігін арттыру әдістерін құрастыруда және 
теориялық негіздеуде қолданылады.
Зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданы, 
Кішкенекөл ауылында орналасқан әрі қазіргі таңда Канададан және Еуропадан 
әкелінген абердин-ангус тұқымы төлдерін өсірумен айналысатын 
«Жолдасбай-Агро» ФШ-да өткізілді. Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелері 
бойынша ұсыныстар әзірленіп шаруашылыққа берілді.
Зерттеу мақсаты. 
Солтүстік Қазақстан жағдайында шетелден әкелінген 
еуропалық және канадалық селекциядан алынған абердин-ангус тұқымының 
үшінші генерациясы төлдерінің өнімділік сапасы мен жергілікті жағдайға 
бейімділік қасиетін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталады:
1.
Импортталған етті бағыттағы абердин-ангус тұқымынан алынған 
генерация ұрпақтарының құрылымын ажыратып, дене бітімі және өнімділігі 
мен азықтандыру ерекшеліктерін зерттеу;
2. Еуропалық және канадалық екінші генерация құнажындарының 
клиникалық - физиологиялық көрсеткіштері мен
 
көбею қабілеттілігін зерттеу; 
3. Екінші генерация сиырларының аналық инстинктілігін және 
төлдердің этологиясын, сүт өнімділігін, сүтінің құрамын зерттеу; 


11 
4. Еуропалық және канадалық сиырларынан алынған үшінші генерация 
төлдерінің физиологиялық жетілуін, өсіп-даму ерекшеліктерін, клиникалық-
физиологиялық және гематологиялық көрсеткіштері мен табиғи резистенттілік 
жағдайын анықтау;
5. Үшінші генерация төлдерінің ет өнімділігін, етінің морфологиялық 
құрамын, сойыс сапасын анықтау; 
6. Үшінші генерация төлдерін бағып-күтудің экономикалық тиімділігін 
анықтау, зерттеу нәтижелеріне өндірістік талдау жасау және өндіріске 
ұсыныстар әзірлеу. 
Осы аталған мақсат пен барлық міндеттер орындалған жағдайда 
шетелден әкелінген етті ірі қара абердин-ангус тұқым малдарының аналық 
табынын іріктеу және жас төлдердің өсіп–дамуына онтайлы селекциялық-
генетикалық көрсеткіштері бекітілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет