Титанов жанат егинбаевич


 Зерттеу нысаны және зерттеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

2.2 Зерттеу нысаны және зерттеу әдістемесі 
Зерттеу нысаны – Солтүстік Қазақстан өңірінде өсірілетін канадалық 
және еуропалық (Ирландия) селекциядан алынған абердин-ангус тұқымы ірі 
қара малының үшінші генерация ұрпақтары болып табылады. Атап айтқанда, 
Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданы, Кішкенекөл ауылы 
«Жолдасбай-Агро» ФШ-ғы канадалық селекция мен еуропалық селекциядан 
алынған абердин-ангус тұқымды ірі қара малы зерттеу нысаны болып 
табылды.
Зерттеу барысында абердин-ангус тұқымының үшінші генерация 
ұрпақтарының енелері екінші генерация ұрпақтарының физиологиялық және 
өнімділік көрсеткіштері қоса зерттелді. Бұл зерттеулер алынған үшінші 
генерация ұрпақтары көрсеткіштерімен салыстыру негізінде жасалды.
Екі селекциядан алынған абердин-ангус тұқымы үшінші генерация 
малдарының бейімделу қабілеті мен өнімділік сапасын анықтау аясында 
малдың жас кезеңі бойынша 2018-2021 жылдарға арналып келесідей зерттеу 
жұмысының жоспары жасалып құрастырылды, сурет 1.
Зерттеу әдістемесі келесідей әдістерді қолдану арқылы анықталды.
Өсу және даму бойынша бағалау – стандарт талабына сәйкестендіру 
бойынша жүргізілді.
Қойылған зерттеу жұмыстары мақсатына жету және міндеттерді 
орындау үшін зоотехникалық, гематологиялық, клинико-физиологиялық 
зерттеу әдістері қолданылды. 
Зерттеу жұмысы орманды-даланың солтүстік аймағында орналасқан 
және етті ірі қара малын өсіру үшін қолайлы табиғи және шаруашылық 
жағдайлары бар "Жолдасбай-Агро" ФШ-да жүргізілді.
Жануарлардың тәжірибелік топтарын қалыптастыру А.И.Овсянников 
және П.И.Викторов әдістемелерінде келтірілген көрсеткіштерді ескере 
отырып, теңдестірілген ұқсас топтар әдісі бойынша жүзеге асырылды. Яғни 
шетелден әкелінген еуропалық және канадалық селекция малдарының 
Қазақстандағы екінші генерация ұрпақтарының құнажындарымен, олардан 
туылған үшінші генерация төлдері топталып (n=15) алынды.
Тәжірибелік малдар етті мал шаруашылығының классикалық 
технологиясы бойынша ұсталынды: байлаусыз, қыста тез ауыспайтын 
төсеніште, жазда жайылымда. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелерде малдарға 
азықтандыру мен күтіп-бағудың бірдей жағдайлары жасалды. 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет