Титанов жанат егинбаевич


 Үшінші генерация төлдерінің физиологиялық жетілуі



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.4 Үшінші генерация төлдерінің физиологиялық жетілуі 
Физиологиялық бейімделу ағзаның стресстік әсер ету жағдайында 
гомеостаздың өмірлік маңызды параметрлерін сақтау қабілеттілігінде 
байқалады. Бейімделу үдерісі ағзаның барлық жүйелерінің қалыптасу 
қызметіне байланысты, олардың толыққанды қалыптасуы антенаталдық даму 
кезеңінде басталады. 
Бейімделу реакцияларының материалдық негізі болып әртүрлі ағзалар 
мен жүйелердің жасушаларындағы метаболикалық үдерістер табылады, 
олардың қарқындылығы ағзаның функционалды жетілуіне байланысты. 
Осыған байланысты, физиологиялық көрсеткіштердің сәйкес келуі бойынша 
жаңа туған төлдерді физиологиялық жетілген (нормотрофиктер) және 
физиологиялық толық жетілмеген (гипотрофиктер) деп бөледі. 
Осы зерттеулердің міндеттерінің бірі болып импортталған екінші 
генерация малдарынан алынған жаңа туған үшінші буын бұзаулардың 
физиологиялық 
жетілуін 
бағалау 
және 
олардағы 
антенатальды 
гипотрофияның даму жиілігін белгілеу қарастырылды. Осы мақсатта төлдеу 
кезеңінде (ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында) шаруашылық 
мамандарымен бірлесіп, клиникалық белгілер кешені бойынша канадалық 
және еуропалық селекциялық жаңа туған төлінің физиологиялық жетілуіне 
бағалау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері «Абердин-ангус тұқымының үшінші генерация 
ұрғашы бұзауларының өсіп-жетілуі және жерсінуі». С.Сейфуллин атындағы 
Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы. Нұр-Сұлтан. 2020 ж. 
№1 (104). 29-40 б. (ҚР БжҒМ ККСОН ) басылымында жарияланды [117]. 
Жаңа туған бұзаулардың жалпы жағдайын сипаттау үшін анықталған 
клиникалық белгілерге негізделе отырып, нормотрофия мен гипотрофияны 
ажыратады. Нормотрофтарға жақсы дамыған, физиологиялық жетілген 
бұзаулар жатқызылды, олар дұрыс дамуы мен жақсы қоңдылығы, қысқа және 
тегіс жүн жамылғысы, жақсы дамыған тері асты клетчаткасы мен айқын 
көрінетін ему рефлексі арқылы бағаланды, 8-сурет. 
Физиологиялық жетілген бұзаулардың тірі салмағы зерттелген бұзаулар 
санының 79,2%-ында 23,6±1,62 кг, яғни абердин-ангус тұқымының жаңа туған 
бұзаулары денесінің орташа массасына сәйкес келді. Олардың дене 
температурасы зерттелген бұзаулар санының 85,4%–ы (39,2±1,35°C) 
шамасында болды, 83,4%-да катаболизм коэффициенті – 1,01 болды. 


63 
Сурет 8 – Абердин-ангус тұқымы канадалық селекциясының жаңа туған ІІІ 
генерация бұзауларының физиологиялық жетілу көрсеткіштері, % 
Гипотрофиктарға жалпы ағзаның, сондай-ақ жекелеген ағзалар мен 
жүйелердің дамуында айқын тежелуі және физиологиялық жетілмеген жаңа 
туған бұзаулар жатқызылды. Жаңа туған бұзауларды зерттеу нәтижелерін 
талдау әртүрлі текті сиырлардан алынған норма - және гипертрофия 
жағдайында туу пайызын анықтауға мүмкіндік берді, 9-сурет. 
Зерттеу барысында канадалық селекцияның 91,3% бұзаулары 
физиологиялық жетілген, ал антенатальды гипотрофиясы жағдайында 8,7% - 
ға дейін канадалық селекция бұзаулары дүниеге келгені анықталды. 
Физиологиялық жетілген бұзаулар жалпы және жергілікті сипаттағы 
рефлекстердің көрінісімен сипатталатын белсенділік деңгейінде болды. 
Сурет 9 – Канадалық және еуропалық селекция екінші генерация
сиырларынан алынған жаңа туған бұзаулардың жетілу үлесі 
Нормотрофик бұзаулар қалыптан рахиттық ауытқуларсыз дұрыс 
дамыған қаңқасы мен қалыпты дамыған бұлшықетке ие болды. Туғаннан кейін 
бұзаулар жарты сағат бойы сыртқы ортаға әлсіз әрекет ете отырып, 
"ұйқышылдық" күйде болды. Сыртқы ортаның жағдайына бейімделуіне қарай, 
басын көтеріп, ақырын мөңіреп дыбыстарын шығара бастады. Мінез-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет