Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

79,2
61,4
78,6
57,8
79
81,7
79,2
20,8
38,6
21,4
42,2
21
18,3
20,8
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
Тірілей салмақ
Дене 
температурасы
Ему рефлексі
Қозғалғыштығы
Жүрек соғысы 
жиілігі
Тыныс алу 
жиілігі
Катаболизм 
коэффициенті
Нормотрофик
Гипотрофик
87,7
12,3
Еуропалық селекция бұзаулары
Нормотрофик
Гипотрофик
91,3
8,7
Канадалық селекция бұзаулары
Нормотрофик
Гипотрофик


64 
құлықтарында екі мотивация байқалды – тағамдық және терморегуляциялық. 
Туғаннан кейін бір сағаттан кейін сыртқы тітіркендіргіштерге белсенді әрекет 
етті және дыбыстарға (енесінің дауысы және т.б.) табиғи рефлекстер көрсетті. 
Нормотрофик бұзаулар өздері енесінің желінін тауып, белсендіемді. Біраз 
уақыттан кейін ауыздарынан енесінің емшегін шығарып, тұмсықтарымен 
желінді соғып, содан кейін қайтадан аузына сол немесе басқа емшекті алып, 
қарқынды емуді жалғастырды және бірнеше рет солай қайталады. Бір тәулік 
ішінде бұзаулар 8-10 рет ене сүтін емді. Жиілігі бойынша қалыпты зәрі мен 
нәжісін шығаруы (нәжістің бөлінуі орташа 3 рет, зәрдің бөлінуі – тәулігіне 4 
рет болды) байқалды. Мұрын айнасы жылы, шырышты қабығы бозғылт-
қызғылт түсті, орташа ылғалды болды. Артериялық пульстері жақсы соғылып, 
тексерілген бұзаулар санының 79% минутына 98,2±8,4 пульстік соққы 
жасалынды. Жүрек соғысы қалыпты, әрі дыбысы анық болды. Тыныс алуы өте 
терең – бақыланған бұзаулар санының 81,7% минутына 27,8±4,5 тыныс алу 
қозғалысын жасады. Аускультация кезінде бөгде шу болған жоқ. Ішектің 
жиырылуы байқалды. Зәр шығару табиғи қалыпта және зәр мөлдір болды. 
Алғашқы нәжіс туғаннан кейін 2 сағат ішінде шықты. 
Барлық зерттелген бұзауларда физиологиялық нормаға сәйкес келетін 
алты жақсы дамыған кескіш тістері болды. Жоғарыда көрсетілгендей, 
канадалық селекцияның 12,3% гипотрофик бұзаулары антенаталды 
гипертрофия жағдайында туды. Канадалық селекция бұзауларында 
физиологиялық жетілмеудің ең кең тараған белгісі жас төлдерде 17,4-тен 
21,4% - ға дейін ему рефлексінің болмауы және қозғалыстарының аз болуы 
төмен реактивтілік болып табылады. Мұндай бұзаулар қоршаған орта әсеріне 
нашар жауап танытты, әрең тұрып, олардың кейбіреулерінде қозғалыс 
координациясы бұзылған, басын бір жағына қаратып жатты. Жүрістері 
қауырт, қадамдары қысқа, сирақтары алға қойылған, қозғалыстары кейде 
үйлеспеген түрде болды. Гипотрофик бұзауларының жалпы дамуы мен 
қоңдылығы қанағаттанғысыз дәрежеде болды. Гипотрофиктердің шырышты 
қабықтары бозғылт, терісі құрғақ, бозарған, қатпарланған. Көптеген 
бұзауларда тері асты май қабаты жоқ, тығыздығы төмен. Құлақ жарғақтары 
салыстырмалы түрде жұмсақ, олардың ұштары жазылған. Көз жанарлары көп 
жағдайда аздап солғын болды. Яғни гипотрофиктерде зат алмасудың 
төмендеуімен және қалыпты дамудағы ағзаны салқындаудан қорғайтын тері 
асты май қабатының аз болуымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай 
жануарлардың дене температурасы орташадан жартыградусқа (38,1±1,61°С) 
төмен болды (р<0,01). Гипотрофиктерді бақылау кезінде біркелкі емессыртқы 
тыныс алуы байқалды: мысалы демдерін ұзақ және баяу шығарды. Тыныс алу 
жиілігі минутына 22±3,57 құрады, бұл физиологиялық жетілген (81,7%) 
бұзауларға қарағанда 20,9%-ға төмен. Жүрек қантамыр жүйесін зерттегенде 
келесі өзгерістер байқалды: жүрек түрткісі күшейтілген, сол жақта да, оң 
жақта да жақсы көрініс тапты. Аускультация кезінде әлсіреу, кейде 
дыбысының күшеюі байқалды. Артерияларды қанмен толтыруы және пульс 
толқыны азайған.


65 
Еуропалық төлде туа біткен гипотрофияның таралу көрсеткіші 
қатарластарына қарағанда жоғары болды. Физиологиялық жетілген 87,7% 
бұзау дүниеге келді, 10-сурет. 
Сурет 10 – Абердин-ангус тұқымының Еуропалық селекциялық жаңа туған 
ІІІ генерация бұзауларының физиологиялық жетілу көрсеткіштері мен 
сипаты, % 
Еуропалық төлде физиологиялық жетілмеудің ең көп тараған белгілері: 
туу кезіндегі тірі салмағының төмен болуы, дене температурасының төмен 
болуы. 
Клиникалық 
белгілердің 
жиынтығы 
бойынша 
канадалық 
селекциялықабердин-ангус 
тұқымының 
жаңа 
туған 
бұзауларында 
антенаталдық гипотрофияның даму жиілігі 8,7%-ды, еуропалықтардікі – 
12,3% -ды құрады. 
Тиісінше сандық және сапалық өзгерістерге ілесе жүретін өсу мен даму 
жануарлар ағзасының жеке дамуын құрайды,ол тұқым қуалаушылық негізінің 
қоршаған орта жағдайларымен күрделі өзара қарым-қатынас кешенін 
қамтиды. Осыған байланысты, әсіресе жерсіндіру нәтижесінде алынған 
жануарлардың өсу және даму заңдылықтарын зерттеу тәжірибелік маңызы зор 
және ғылыми қызығушылыққа ие болады. 
Жаңа туған бұзаулардың 10 күнге дейінге уақытта зерттелген 
катаболизм коэфициенті төмендегі 23,24,25-кестелерде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет