Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет21/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

 
 

3.2.3 Екінші генерация құнажындарының көбею қабілеттілігі
 
Табын тұрақты толығып мал басының жыл сайынғы ұлғаюына 
сиырлардың көбею қабілеттілігі маңызды әсер етеді. Қазіргі таңда көптеген 
шаруашылықтарда табиғи ұрықтандырумен қоса қолдан ұрықтандыру жиі 
қолданылуда. Біздің зерттеу жұмысымыз жүргізіліп жатқан «Жолдасбай-
Агро» ФШ-да қолдан ұрықтандыру әдісі қолданылады. Біздің зерттеу 
жұмысымызға қажетті шаруашылықтағы екінші генерация құнажындарының 
көбею қабілеттілігі төмендегі 14-кестеде анық көрсетілген. 
Кесте 14 – Екінші генерация құнажындардың көбею қабілеттілігі 
Көрсеткіштер 
Құнажындар 
Канадалық 
селекция (n=15) 
Еуропалық 
селекция (n=15) 
Ұрықтандырылған құнажындар, 
бас 
48 
29 
Төлдегеннен кейінгі төл басы саны 
41 
24 
Төл шығымы, % 
85 
82 
Ұрықтанбағандары, барлығы 




54 
«Жолдасбай-Агро» ФШ-да барлығы n=77 екінші генерация 
құнажындары ұрықтандырылды, соның ішінде n=29 еуропалық селекция 
сиырларынан алынған төл саны n=24, ал n=48 канадалық селекция 
сиырларынан n=41 төл алынды. Ұрықтанбағандары n=14 құрады. 
2019 жылдың сәуір және мамыр айлары аралығында табындағы 77 
құнажындардың 63 басы шағылысқа түсті, яғни 81,8%. Жас құнажын 
қашарлардың алғашқы шағылысы 22 және оданда жоғары 24 айлық 
жастарында тіркелді. Олардың тірілей салмақтары 392,7 – 384,1 кг аралығында 
болды, 15-кесте. 
Кесте 15 – Канадалық және еуропалық ІІ генерация құнажындарының көбею 
қабілеттілігі 
Жас 
ерекшеліктері 
Ұ
рықт
ан
дырыл
ған
ы,
б
ас
Іш 
таст
ағ
ан
ж
ән
е 
қысыр 
қалғ
ан
ы
Т
оқт
ағ
ан
ы,
%
Туылған 
бұзаулар 
Т
өлд
ег
ішг
ішт
іг
і, 
%
(
ж
ең
іл
/ауыр)
10

бас
мал
ға
шақ
қан
да
ғы
бұ
за
у 
лар
шы
ғы
мы
,%
ті
рі
лері
өлі
лері
барлығ
ы
Канадалық 
селекция 
48 
2/5 
85,5 41 

41 
93/7 
85,0 
Еуропалық 
селекция 
29 
1/4 
72,5 24 

24 
88/12 
82,1 
15-кестедегі мәліметтерден табындағы канадалық және еуропалық 
құнажындарының төлдегіштігі 88-93% жеңіл жүретіні және 100 бас малға 
шаққандағы бұзаулар шығымы 82,1-85,0% құрайтыны анықталды. Бұл екінші 
генерация сиырлардың жаңа ортаға тез бейімделіп, көбею қабілеттілігінің 
жоғары екенін көрсетеді. 
Етті ірі қара шаруашылығында табынды өз төлімен толықтыруда тағы бір 
негізгі көрсеткіші сиырлардың бұзаулау аралығының мерзімі. Ғалымдар мен 
мамандардың зерттеуінше сиырлардың бұзаулау мерзімінің аралығы 12 ай.
Сиырлардың туғаннан ұрықтанғанға дейінгі өткен уақыт - 54,3 күнге 
созылып, орташа табын бойынша 52,5 күнді құрады.
Әртүрлі жастағы сиырлардың ішінде қысыр саналған уақытының 
ұзақтығы 79,6-97,1 күн аралығында болды. Бұл көрсеткіштер сиырлардың 
төлдегіштік қабілетінің жақсы екенін көрсетеді, 16-кесте.
Құрсақ көтеруінің ұзақтығы еуропалық селекция бойынша 282,3 күн, ал 
ең төмен көрсеткіш канадалық құнажындарда байқалды - 280,5 күн. Бұл 
көрсеткіш бойынша екінші генерация сиырларының арасында айқындылық 
дәрежесі анықталмады. 
Екінші генерация сиырлардың бұзаулау аралығының ұзақтығы бойынша 
378,9-365,7 күнге, яғни 12,5 айға созылды. 


55 
Екінші генерация сиырларын өз төл есебінде көбейтудің ең негізгі 
көрсеткіші ұрықтану индексі болып табылады. Өйткені ұрықтану индексі 
сиырлардың ұрықтану санын көрсетеді. 
Кесте 16 – Канадалық және еуропалық ІІ генерация сиырларының көбею 
қабілеттілігі 
Көрсеткіштер 
Сиырлар
Еуропалық
селекция (n=15) 
Канадалық 
селекция (n=15) 
Шағылысқа түскен жасы, күн 
628,1 ± 17,1 
635,0 ± 13,05 
Құрсақ көтеру ұзақтығы, күн
282,3 ± 1,17 
280,5 ± 1,67 
Бірінші төлдегендегі жасы, күн 
910,8 ± 21,3 
920,4 ± 20,1 
Қысырлық кезеңі, күн 
97,1 ± 5,01 
79,6 ± 2,85* 
Төлдеу кезеңдері аралығы, күн 
378,9 ± 5,1 
365,7 ± 7,11** 
Ұрықтану индексі 
1,47 
1,33 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001 
Біздің зерттеулерімізде барлық жастағы екінші генерация сиырларының 
ұрықтану индексінің саны 1,33 тен 1,47, ал табын бойынша 1,4-ке дейін болды. 
Яғни канадалық сиырлардың аналогтарымен салыстырғанда жақсы ұрықтану 
индексін көрсетті 1,33. Шынайлық айырмашылық және қысырлық кезеңдерде 
топтар арасында тиісінше **р <0,01 - *р<0,05 болды.

Бұл 14-кестеде келтірілген көрсеткіштерде қарап «Жолдасбай-Агро» 
ФШ-да екінші генерация сиырларының, жыл сайынғы төлдеу қабілетінің 
жоғары екенін көруге болады. Бұл жоғары көрсеткіш шаруа қожалығында 
күйіті келген сиырлар мен қашарларды уақытында мұқият ұрықтандыруды 
кеңінен енгізу арқасында болып отыр. Ал, төл алуға әсер ететін себептердің 
бірі-малды уақытында дұрыс ұрықтандыру болып табылады. 
3.2.4 Екінші генерация сиырларының аналық инстинктісі мен төлдердің 
этологиясы
Абердин-ангус тұқымының бірқатар маңызды аналық сипаттамалары 
бар. Соның бірі жеңіл төлдегіштілігі. Ол жаңа туған төлдердің жеңіл 
салмағымен байланысты. Шетелден әкелінген малдың шаруашылық 
жағдайында жөғары өнімділігімен ерекшеленсе, онда бейімделу үдерісі 
табысты және толық деп санауға болады. Аналық қасиет, шын мәнінде «сиыр-
бұзау» технологиясының негізі болып табылады және оны анықтау табынның 
асыл тұқымдылық дәрежесі мен бағып-күту тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Аналық қасиет деп – аналық сиырдан дені сау және толыққанды ұрпақ 
алу, оның сауым маусым кезеңінде қауіпсіздігі мен дамуына ықпал ететін 
өнімділік көрсеткіштері мен мінез-құлық реакцияларының жиынтығын 
айтады. Жалпы аналық қасиет нашар тұқым қуалайды деп саналады, ал 


56 
абердин-ангус малының аналық қасиеті басқа ірі қара малдарымен 
салыстырғанда өте жақсы деп бағаланады. 
Бейімделу үдерісінің сәттілігі көбінесе мінез-құлық реакцияларының 
сыртқы факторларға сәйкестік дәрежесіне байланысты. Екінші жағынан, 
жануардың жеке реакциясы көбінесе генетикалық түрде анықталады. Бұл, ең 
алдымен, азықтану, суды тұтыну, функционалды белсенділік және ұйқы 
кезеңдері сияқты ағзаның өмірлік циклінің ұзақтығына қатысты. 
Функционалды қызметтің мұндай түрлері, ең алдымен, туа біткен 
инстинкттерге байланысты. Екінші жағынан, олардың тіршілік ету ортасының 
жаңа жағдайларына сәйкестік дәрежесі жануардың бейімделу қасиеттеріне 
байланысты, сондықтан тез бейімделу ағзасының физиологиялық және мінез-
құлық реакциялары неғұрлым көп ықпал етсе, сол жануардың бейімделу 
потенциалы соғұрлым жоғары болады деп айтуға болады. Жануарлардың 
белгілі бір мінез-құлқын іс жүзінде тіркей отырып, олардың мінез-құлқының 
бейімделу дәрежесі туралы айтуға болады. Қарастырылған контексте 
жануардың қозғалыс белсенділігі, ұйықтау, азықтану, су ішу және орын 
ауыстыру сияқты функциялары практикалық қызығушылық тудырады. 
Осыған байланысты шетелден әкелінген абердин-ангус тұқымы ірі қара 
малының Қазақстандағы екінші генерация ұрпақтарының бейімделгіштігін 
және өнімділігін зерттеу барысында олардың аналық қасиеттерін бағалау 
мақсатында аналары мен алынған жас төлдердің этологиясы анықталды. Яғни 
бұл зерттеу бөлімінде сиырлардың туу үдерісі қалай жүретіні, енесінің төліне 
деген аналық инстинктісі, төлдердің енесіне деген инстиктісі зерттелді.
Аталған шаруашылықта өсірілетін екінші генерация сиырлары мен 
олардан алынған төлдердің этологиясы төмендегі 17-кестеде көрсетілген. 
Кесте 17 – Туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі сиыр мен төлдің 
этологиясы 
Көрсеткіштер 
Еуропалық 
селекция 
Канадалық 
селекция 
Төлдеу алдындағы сиырлардың жай-
күйі 
белсенді 
белсенді 
Төлдеу ұзақтығы, мин 
157,0 ±1,78 
152,0 ±2,10 
Төлдеу үдерісінің жеңіл не қиын өтуі 
жеңіл 
жеңіл 
Сиырдың төлін жалауы, мин 
16,0 ±0,30* 
12,0 ±0,70 
Төлдің аяққа тұру уақыты, мин 
54,0 ±2,50* 
41,0 ±3,60 
Төлдің енесінің емшегін тауып алу 
уақыты, мин 
74,0 ±8,20* 
67,0 ±7,70 
1 тәуліктегі ему кезеңділігі, рет 
4-5 
4-5 
Төлдің қозғалысы, ширақ және баяу 
Ширақ-26 
Баяу-4 
Ширақ-27 
Баяу - 3 
Туғандағы төлдің салмағы, кг 
21,9±2,2 
23,8±1,7 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001 


57 

Жалпы абердин-ангус тұқымы бойынша сиырлардың төлдер алдындағы 
қозғалысы белсенді әрі жан-жағына қарай беретіндігі анықталды. Табын 
бойынша төлдеу үдерісі жеңіл өтті. Сиырлардың төліне деген аналық 
инстинктісі жақсы дамыған. Жаңа туған бұзауларды сипаттайтын өте маңызды 
көрсеткіш, ол төлдің аяғынан тұру уақыты. Бұл көрсеткіш неғұрлым аз болса, 
соғұрлым жақсы деп саналады. Зерттеу барысында канадалық тұмса 
сиырлардан туған бұзаулардың ширақ және аяқтарынан аз уақытта орташа 
есеппен 41,0 ±1,60 минут аяқтарынан нық тұратыны байқалды. Бұл еуропалық 
сиырлардан туылған төлдерге қарағанда 11,7 %-ға басым. Төлдің енесінің 
емшегін тауып алу уақыты бойынша да канадалық төлдердің үлесіне тиісілі 
болды- 68,0 ±7,70 минут. 
Енелері мен бұзауларының мінез-құлқын сипаттайтын негізгі нәтижелі 
көрсеткіштердің бірі бірінші тәулікте тұтынатын уыз сүтінің мөлшері болып 
табылады, 18-кесте. Бұл фактордық маңыздылығы инстинктілігі нашар 
енелеріне байланысты бұзау алғашқы күні тиісті уыз сүтін жеткілікті 
мөлшерде ембеу салдарынан ағзаға қажетті иммунитетті құрайтын маңызды 
ферменттер мен ақуыздарды ала алмайды. Біздің жағдайда екі топтың 
сиырларының аналық инстинктерінің жоғары болуына байланысты төлдері 
тәулігіне 4-5 рет енелерін емді. 
Кесте 18 – Бірінші апта өмірлік кезіндегі төлдің этологиясы (n=30) 
Топ 
Кезең ұзақтығы, 
күндер 
Мінез-құлық реакциясы, мин 
жату 
тұру 
жүру 
ему 
Канадалық Бірінші күн 
968 
192 
73 
75 

71,17 
13,2 
5,5 
5,3 
Үшінші күн 
956 
210 
81 
78 

70,33 
15,28 
5,83 
5,56 
Алтыншы күн 
947 
234 
74 
83 

72,7 
16,25 
5,14 
5,90 
Еуропалық Бірінші күн 
982 
208 
80 
70 

75,14 
14,44 
5,56 
4,86 
Үшінші күн 
974 
213 
80 
76 

74,58 
14,58 
5,56 
5,28 
Алтыншы күн 
950 
232 
80 
78 

72,92 
16,11 
5,56 
5,42 
18-кестедегі көрсеткіштер ему уақытының ең төмендігі еуропалық 
селекция төлдерінде байқалды 70-тен 78 минутқа дейін. Зерттеу нәтижелері 
бойынша ең ширақ төлдер 75-83 минут канадалық селекция жолымен алған 
сиырлардың бұзауларында байқалды. Олар аз жатып, ұзақ тұру, жүрумен және 
емумен ерекшеленді. 


58 
3.2.5 Екінші генерация сиырларының сүт өнімділігі
 
Төлдердің дұрыс өсіп-жетілуі үшін ене сүтінің берер көмегі өте зор. 
Әсіресе алғашқы бір аптадағы уыздың дәрумендік, минералдық құнарлылығы 
өте жоғары. Уыз ішпеген төл әлсіз, әлжуаз болып келеді. Сондықтан сиыр 
төлдеген соң міндетті түрде төлінің уыз ішкенін қатаң қадағалау керек. 
Бұзаудың дұрыс өсіп-жетілуіне, қажетті салмақ қосуына сиырдың сүт 
өнімділігі қатты әсер етеді. Әрине етті тұқым сиырлары сүтті немесе қос 
бағыттағы сиырлардың сүт өнімділігін бере алмайтыны сөзсіз. Алайда бір 
бұзау күніне орта есеппен 5 л сүт ішетінін ескерсек, онда сиырдың бір 
тәуліктік сүт өнімі 5 л кем болмауы қажет. Етті бағыттағы сиырлардың сүт 
өнімділігін бақылау сауым жасау арқылы анықтамайтыны да белгілі, өйткені 
етті бағыттағы сиыр малының төлдері 6-7 айлыққа дейін енесінің қасында еміп 
жүретіні бар. Сол себепті сиырлардың сүт өнімділігін бұзауларды енесінен 
айырған соң 205 күндегі тірілей салмағы бойынша анықтайды. Етті бағыттағы 
сиырлардың сүт өнімділігін анықтау формуласы төменде көрсетілген. 
Осы формуланы қолдана отырып біздің шаруашылықтағы сиырлардың 
сүт өнімділігін анықтаған болатынбыз. 
Сүт өнімділігі (Еуропалық селекция) =
168,5 − 21,9
180
∗ 205 + 21,9 = 187,9кг


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет