Титанов жанат егинбаевич


Екінші бөлім бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

Екінші бөлім бойынша қорытынды 
Зерттеу жұмысы барысында зерттеу әдістемесі құрылып бекітілді және 
барлық бекітілген стандарт пен талаптарға сай орындалды. Зерттеу обьектісі 
ретінде Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданы, Кішкенекөл ауылы 
«Жолдасбай-Агро» ФШ-да өсірілетін абердин-ангус тұқымының канадалық 
және еуропалық селекциядан алынған үшінші генерация төлдері алынды.
Бейімделу 
барысындағы 
анықталатын 
физиологиялық, 
клинико-
гематологиялық және өнімділік көрсеткіштері белгілі топтарға бөлініп 
анықталды. Зерттеу барысында екі топ құрылды, олар І топ – канадалық 
селекция төлдері, ІІ топ – еуропалық селекция төлдері. Зерттеуге алынған 
орташа мал басы тобы – 15 басты құрады. Зерттеу барысында абердин-ангус 
тұқымының үшінші генерация ұрпақтарымен бірге екінші генерация 
ұрпақтарының физиологиялық және өнімділік көрсеткіштері қоса зерттелді. 
Бұл зерттеулер алынған үшінші генерация ұрпақтары көрсеткіштерімен 
салыстыру негізінде жасалды.
Зерттеу әдістемесі негізінде алынған мәліметтер статистикалық 
өңдеуден өтіп, зерттеу нәтижелерінде көрініс тапты.


40 
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 
 
3.1 Шаруашылықта абердин-ангус тұқымы малынан алынған 
ұрпақтарынының дене бітімі, өнімділігі мен азықтандыру ерекшеліктері
3.1.1 Әртүрлі селекциялық жолмен алынған малдардың дене бітімі мен 
тірілей салмақ ерекшеліктері. 
Шетелден 
әкелінген 
малдың 
бейімделуінің 
аса 
маңызды 
критерийлерінің бірі, оның жоғары өнімділігі, жергілікті климаттық 
жағдайларға бейімделуі, жем-шөпті пайдалану тиімділігі болып табылады. 
Импортталған жануарларды жерсіндіру ешқашан толық болмайды, ал 
оның теріс салдары жануарлардың келесі буындарында пайда болуы мүмкін. 
Сондықтан жерсіндіруді зерттеу әдетте жануарлардың үшінші генетикалық-
экологиялық генерацияларына жүргізіледі.
Соңғы 2011-2016 жылдары біздің елімізге батыс еуропалық, канадалық 
асыл тұқымды етті бағыттағы ірі қара малдары әкелінді, бірақ олардың 
ағзасының жаңа орта, аймақ жағдайларына бейімделу мүмкіндіктері толық 
зерттелмеген. Ал елімізге табиғи-климаттық жағдайлары әртүрлі жерлерден 
әкелінген етті бағыттағы ірі қара малдары бойынша ең үлкен үлес салмағы 
абердин-ангус тұқымы малдарына тиесілі.
Осы аталмыш тұқым малын қазақстанның солтүстік өңірінің табиғи-
климаттық жағдайына бейім келуі ескеріліп, 24748 бас аудандастырылған 
болатын. Қазіргі уақытта республикада абердин-ангус тұқымының малы
109050 басты құрайды, оның ішінде 32621 сиыр, соның ішінде солтүстік 
өңірде, сәйкесінше 7491 және 5046 бас. 
Солтүстік Қазақстан аймағына 2013 жылы Уәлихан ауданындағы 
"Жолдасбай-Агро" фермерлік шаруашылығы асыл тұқымды репродукторлы 
Канада мен Еуропадан 393 бас (377 сиыр, 16 бұқа) абердин-ангус тұқымын 
алып келді. Барлық әкелінген абердин-ангус малдары тоқал, қара түсті, 
бойшаң және дене бітімі мықты болды. Қазіргі уақытта шаруашылықта мал 
басы 37% өсіп, оның ішінде 17 бұқалар және 521 сиыр, 1-кесте.
 
Кесте 1 – Табындағы етті бағыттағы ірі қара малының құрылымы 
Жас-жыныстық топтар 
Мал 
басы 
Генерация ұрпақтар саны 
І (2014 ж) ІІ (2017ж) ІІІ (2020 ж) 
Өндіруші аталық-бұқалар 
17 
Сиырлар, соның ішінде: 
377 
144 


-
еуропалық
107 
52 
43 

-
канадалық
270 
92 
78 

Құнажындар (еуропа/канада) 
77 
29/48
24/41 
Төлдер (2020 жылғы) 
458 
296 
97 
65 


41 
1-кестедегі мәліметтерден зерттеліп отырған 377 сиырдың еуропалық 
және канадалық селекция бойынша, тиісінше 107 және 270 басты құрады.
Олардан 2014 жылы 144 бас бірінші генерацияның сиырлары табынды 
толықтырды, оның 52 еуропалық және 92-і канадалық селекция бойынша. Осы 
бірінші генерациядан 77 бас (2017 жылғы) екінші генерацияның құнажындары 
табынға іріктеліп қалдырылды, яғни сәйкесінше 29 – 48 бас. Осы 
құнажындардан 2020 жылы 65 төл алынды, оның 24-і еуропалық, 41-і 
канадалық селекцияның үшінші генерация ұрпақтары. Шаруашылықтағы 
абердин-ангус тұқымын малының төлдері жеңіл туылып, қысқа уақытта тез 
салмақ қосуымен ерекшеленді. 
Табын құрылымының селекция аралық бөлінісі төмендегі сурет 2-де 
көрсетілген.
Сурет 2 – Табын құрылымы 
Үшінші генерация төлдерінің өнімділік және бейімделу қасиетін зерттеу 
үшін, олардың енелерінің (екінші генерация құнажындары) тұқымдылық, 
өнімділік қасиеттері мен кейбір физиологиялық көрсеткіштері зерттелді. 
Тәжірибеге дене бітімі, тірілей салмақтары біркелкі екі селекция жолымен 
алынған құнажындар қойылды. Яғни І топ канадалық селекцияның 
құнажындары - 15 бас және ІІ топ еуропалық селекцияның құнажындары – 15 
бас.
Ауыл шаруашылық малдарының дене бітімінің ерекшелігін білмей 
асылдандыру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Асыл тұқымды малды 
қалыптастыруда жануарларды дене бітімі мен экстерьеріне қарай бағалау 
ежелден қолданылып келеді, ол жануар денесінің сыртқы құрлысы мен оның 
шаруашылыққа пайдалы белгілері арасында әлде бір байланыстардың бар 
екеніне негізделген. Малдың дене бітіміне берілген бағаны пайдалана отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет