Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.2 
Екінші генерация 
құнажындары мен сиырларының 
физиологиялық жағдайы мен көбею қабілеттілігі және сүт өнімділігі
3.2.1 Екінші генерация құнажындардың физиологиялық жағдайы 
Жануарлардың жаңа климатқа бейімделуінің маңызды параметрлері 
болып тыныс алу ырғағы, жүрек соғысы ырғағы және дене температурасы 
табылады. Бұл өмірлік функциялардың салыстырмалы нормасының 
көрсеткіштері болып саналады. Біз бұл сипаттамаларды тәжірибелі топтардың 
импорттық қашарларында әртүрлі маусымдарда зерттедік, өйткені 
Қазақстанның солтүстік өңірі жануарларды әкелу өңірлерімен салыстырғанда 
жыл бойы климаттық жағдайлардың айтарлықтай жоғары өзгергіштігімен 
сипатталады.
Екінші-үшінші генерация ұрпақтары үшін жаңа бейімделу жағдайында 
импортталған жануарлардың физиологиялық стандарттарының әртүрлілігі 
туралы сенімді дәлелдер бар. 


48 
Солтүстік Қазақстан жағдайында әр маусым бойынша тәжірибеге 
алынған канадалық және еуропалық селекция төлдерінің физиологиялық 
көрсеткіштері зерделенген болатын, 9-кесте.
Кесте 9 – Жыл маусымы бойынша ІІ генерация құнажындардың 
физиологиялық көрсеткіштері 
Факторлар 
Абердин-ангус тұқымы (n=30 бас) 
Канадалық селекция 
Еуропалық селекция 
Қыс (-32 °С) 
Дене температурасы, ° С 
37,5 ± 0,33 
37,6 ± 0,22 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
74,2 ± 0,27 
73,7 ± 0,18 
Тыныс алу 
жиілігі, рет/мин. 
27,5 ± 0,46 
27,3 ± 0,34 
Көктем (+4 °С) 
Дене температурасы, ° С 
38,2 ± 0,31 
38,4 ± 0,27 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
71,7 ± 0,43 
71,6 ± 0,52 
Тыныс алу 
жиілігі, рет/мин. 
24,8 ± 0,39 
24,5 ± 0,41 
Жаз (+25 °С) 
Дене температурасы, ° С 
38,4 ± 0,18 
38,6 ± 0,13 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
69,6 ± 0,32 
69,4 ± 0,27 
Тыныс алу 
жиілігі, рет/мин. 
26,1 ± 0,29 
26,3 ± 0,31 
Күз (-8 °С) 
Дене температурасы, ° С 
38,9 ± 0,25 
38,7 ± 0,11 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
64,8 ± 0,34 
64,7 ± 0,28 
Тыныс алу 
жиілігі, рет/мин. 
23,1 ± 0,22 
22,8 ± 0,32 
Әртүрлі маусымдағы құнажындардың физиологиялық көрсеткіштері 9-
кестеде көрсетілген. Селекция аралық айырмашылық (p≤0,05-0,001) 
тәжірибелік топтарда әртүрлі маусымдарда дене температурасының белгілі 
бір өзгеруі 37,5-38,9 °С аралығында анықталды. Олардың канадалық селекция 
жастастарында дене температурасының ауытқуы 0,4-0,6 °С деңгейіне жетіп, 
37,5-тен 38,9 °C-қа дейін болды. 
Зерттеу нәтижелері «Солтүстік Қазақстан жағдайындағы импортталған 
абердин-ангус тұқымы екінші генерация қашарларының бейімделу 
көрсеткіштері». «Инновациялар-ауыл шаруашылығына» атты Халықаралық 


49 
ғылыми-тәжірибелік конф.мат-ы. Павлодар, 2019 ж. 158-164 б. Басылымында 
жарияланды [115,116]. 
9-кестеден барлық тәжірибелік жануарларға қыста температураның 
төмендеуі (37,5–37,6 °С) және күз-көктемде температураның жоғарылауы 
(38,9-38,7 °С) тән екенін көруге болады. Қоршаған ортаның жоғары 
температурасы акклиматизацияның негізгі тұрақсыздандырушы факторы 
болып табылады. Атап айтқанда, жоғары температура сиыр еті мен сүттің 
өнімділігіне, сондай-ақ гомеостазға айтарлықтай әсер етеді. 
Әрі қарай, біз екінші генерация канадалық және еуропалық селекция 
бойынша құнажындарының ыстыққа төзімділігін зерттедік, 10-кесте. 
Тәжірибе топтағы жануарлардың ыстыққа төзімділік индексі сәйкесінше 71,1 
және 70,2 жылу кедергісінің ең жоғары көрсеткіштеріне ие болды. Бұл 
параметр бойынша канадалық басқа қатарластарынан (p>0,05) оң нәтиже 
көрсетті. 
Кесте 10 - Канадалық және еуропалық селекция құнажындарының ыстыққа 
төзімділік индексі, (n=30 бас) 
Топтар 
Таңдағы дене 
температурасы, 
° С (қоршаған 
орта 
температурасы 
22 °С ) 
Күндізгі дене 
температурасы, 
° С (қоршаған 
орта 
температурасы 
31 ° С ) 
Таңғы және 
күндізгі дене 
темературасы 
ның айырмашы 
лығы, °С 
Ыстыққа 
төзімділік 
индексі 
Канадалық 
38,39 ± 0,35 
39,36 ± 0,17 
0,97 ± 0,39 
71,1 ± 7,54* 
Еуропалық 
38,43 ± 0,25 
39,38 ± 0,32 
0,95 ± 0,41 
70,2 ± 3,14 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001 
Осы 10-кестедегі деректерге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындағы 
термонейтралдылық аймағы немесе қолайлы температура аймағы + 19-22, + 
27-31 °С шегінде болған. Жануарлардың бұл топтары терморегулацияның 
жетілдірілген жүйесіне ие, бұл оларға Қазақстанның солтүстік аймағының 
климатында жаз айларына тән ыстық ауа-райында дене ресурстарын ұтымды 
пайдалануға мүмкіндік берді. Зерттеу материалдары алынған уақыттағы 
сыртқы орта температурасы туралы ақпарат төмендегі сурет 4-те көрсетілген.


50 
Сурет 4 – Жаз мезгіліндегі сыртқы орта температурасы 
Ал қыс мезгілінде екінші генерация құнажындарының суыққа төзімділік 
көрсеткіштері зерттеліп, индексі анықталған болатын. Алынған мәліметтер 
бойынша биометриялық өңделген деректер төмендегі 11-кестеде берілген.
Кесте 11 – Канадалық және еуропалық селекция құнажындарының солтүстік 
Қазақстан жағдайындағы суыққа төзімділік индексі, (n=30 бас) 
Факторлар 
Абердин-ангус тұқымы 
Канадалық селекция Еуропалық селекция 
Қыс, -31 
о
С
Дене температурасы, °С 
38,2 ± 0,3 
38,0 ± 0,2 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
72,8 ± 0,3 
73,7 ± 0,3 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
24,5 ± 0,5 
25,2± 0,4 
Суыққа төзімділік индексі 
3,02± 0,4 
3,05 ± 0,5 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
11-кестеде көрсетілгендей канадалық селекция құнажындарында суыққа 
төзімділік индексі 3,05 шамасын құрады. Бұл дегеніміз аталған канадалық 
селекция төлдері Солтүстік Казақстан өңірінің суық климаттық жағдайына 
бейімделгенін көрсетеді. Бұл ретте ең төменгі шама 5 болса, ең жоғарғы шама 
1-ді құрайды.
Зерттеу жұмыстары жүргізілген уақыттағы сыртқы орта температурасы 
туралы ақпарат төмендегі сурет 5-те берілген.


51 
Сурет 5 – Қыс мезгіліндегі сыртқы орта температурасы көрсеткіші 
Сонымен қатар жыл мезгілдері бойынша зерттеуге алынған мал топтарының 
дене температрасы, тыныс алу жиілігі көрсеткіштері анықталып бейімделу 
коэффициенті зерттелген болатын. Зерттеу көрсеткіштері төмендегі 12-
кестеде көрсетілген.
Кесте 12 – Жыл маусымдары бойынша екінші генерация құнажындарының 
бейімделу коэффициенті
Факторлар 
Абердин-ангус тұқымы 
Еуропалық селекция Канадалық селекция 
Қыс (-20°С) 
Дене температурасы, ° С 
38,90 ± 0,3 
39,00 ± 0,2 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
26,21± 0,5 
27,51 ± 0,4 
Адаптация коэффициенті 
2,22± 0,3 
2,18± 0,2 
Көктем (+8 °С) 
Дене температурасы, ° С 
38,98 ± 0,3 
38,85 ± 0,2 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
25,75 ± 0,5 
25,50 ± 0,3 
Адаптация коэффициенті 
2,14± 0,4 
2,10± 0,2 
Жаз (+25°С) 
Дене температурасы, ° С 
38,42 ± 0,2 
38,64 ± 0,06* 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
26,13 ± 0,3 
26,38 ± 0,3 
Адаптация коэффициенті 
2,18± 0,3 
2,20± 0,4 
Күз (-12°С) 
Дене температурасы, ° С 
38,88 ± 0,3 
38,75 ± 0,3 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
24,15 ± 0,4 
23,55 ± 0,3 
Адаптация коэффициенті 
2,11± 0,4 
2,07± 0,4 


52 
Жоғарыдағы 12-кестені талдай келе жоғары бейімделу коэффициенті күз 
мезгіліне сай келгенін аңғарамыз. Барлық жыл мезгілінде тыныс алу жиілігі 
мен дене температурасы физиологиялық норма шегінде болды. Тек қыс мезгілі 
уақытында дене температурасы бойынша физиологиялық норманың жоғарғы 
шегінде болғанын көруге болады.
 
3.2.2 Екінші генерация құнажындарының бейімделу кезеңіндегі мінез-
құлық ерекшеліктері
Жануарлардың мінез-құлқы сыртқы және ішкі ортаның көптеген 
факторларымен анықталады. Шын мәнінде, мінез-құлық жануардың 
белсенділігін анықтайтын сол немесе басқа қоршаған орта факторларына 
реакциясының көрінісі болып табылады.
Ірі қара малы бөтен жаңа орта 
жағдайларына енген жағдайда, олардың
мінез-құлық реакциялары белгілі бір 
дәрежеде жаңа жағдайларға бейімдеуге
ұмтылудың көрінісі болып табылады.
Бейімделу үдерісінің сәттілігі көбінесе мінез-құлық реакцияларының сыртқы 
факторларға сәйкес келу дәрежесіне байланысты. Екінші жағынан, жануардың 
жеке реакциялары негізінен генетикалық түрде анықталады. Бұл, ең алдымен, 
азықтану, суды тұтыну, функционалдық белсенділік және ұйқы сияқты 
дененің өмірлік циклдерінің ұзақтығына қатысты. Ал функционалдық 
белсенділіктің мұндай түрлері ең алдымен туа біткен инстинкттерге 
байланысты. 
Осы жоғарыда айтылған жайыттарды ескере отырып, бейімделу 
кезеңіндегі малдың мінез-құлқын анықтау үшін күндізгі уақытта 
жануарлардыың мінез-құлқын бақылау әдісін қолдандық.
 
Жануарлардың бейімделуі барысында біз олардың мінез-құлық 
өзгерістерін тәулік бойына қадағаладық. Жануарлардың мінез-құлық 
өзгерістері әр 30 минут сайын тіркеліп отырды. Әдістеме бойынша 
жануарлардың жату кезеңі, тұру кезеңі, азықтану мен су ішуге кеткен уақыты 
және орын ауыстыру, яғни жүру қозғалысы тіркеліп отырды. Алынған 
бақылау нәтижелері төмендегі 13-кестеде берілген. Айта кету керек, 
бейімделген жануарлар азық тұтынуға к уақыт жұмсады. 
Екінші генерация малдарының мінез-құлқын зерттеулердің нәтижелері
бойынша канадалық құнажындардың тәулік бойы азықтануға көбірек уақыт 
жұмсайтыны байқалды. Яғни канадалық құнажындардың тәулік бойы 
азықтануға 
жұмсаған 
уақыт 
шығымы 
еуропалық 
аналогтарымен 
салыстырғанда 33,2 минут немесе 2,2% (р<0,001) басым болды. Тәжірибе 
топтар арасындағы ұқсас айырмашылықтар күйіс қайыру үдерісіне жұмсалған 
уақытта орын алды. Суды тұтыну мөлшері бойынша да канадалық 
құнажындар да 2 минутка басым болды немесе 0,6%. Ол тәулігіне азықты көп 
мөлшерде тұтынуына байланысты деп ойлаймыз. 
Азықтануға жұмсалған ең көп уақыт бір жарым сағатқа дейін болды. 
Барлық топтардың жануарлары жаңа күнделікті азықтандыру режиміне тез 
бейімделді – азық тарату, көң жинау уақыты, жазда – жайылым уақыты. Күндіз 
жануарлар жиі демалды – кем дегенде он-он бес рет жатты. 


53 
Кесте 13 – Екінші генерация құнажындарының мінез-құлық өзгерістері
Мінез-құлық көрсеткіші 
Еуропалық (n=15) 
Канадалық (n=15) 
Ұзақтығы, 
мин 
Тәулік 
уакыт 
үлесі,% 
Ұзақтығы, 
мин 
Тәулік 
уакыт 
үлесі,% 
Азықты тұтынуы, мин 
329,8 ± 8,3 
22,8 
363,0± 
10,3*** 
25,2 
Демалуы, барлығы 
1049,8 ± 25,5 
73,0 
1020,6± 21,4 
70,8 
оның ішінде: тұруы, мин 
394,4 ± 15,7 
37,4 
367,0 ± 16,5 
35,7 
жатуы, мин 
662,5 ± 17,3 
62,3 
655,4 ± 14,9 
63,0 
Күйіс қайыруы, мин 
410,7 ± 8,3 
38,9 
420,3 ± 9,8 
41,1 
Қозғалу 
белсенділігі, 
мин 
46,8 ± 1,7 
3,2 
43,1 ± 2,6* 
3,0 
Су ішу, мин 
9,1 ± 0,18 
0,58 
11,1 ± 0,21 
0,78 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001 
 
13-кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, бейімделудің ең төмен деңгейі 
еуропалық құнажындарда байқалды. Олар ұзақ жатып (662 минут), аз 
қозғалып және азықты аз тұтынды (46,8 минут). Ал канадалық 
құнажындарының қозғалыс белсенділігі бойынша еуропалық селекция 
жастастарынан тіиісінше 3,7 минутқа төмен болды. Ол дегеніміз канадалық 
селекция жануарлары солтүстік Қазақстан облысының суық климаттық 
жағдайына тез бейімделгіштігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет