Титанов жанат егинбаевич


Үшінші генерация төлдерінің суыққа және ыстыққа төзімділік



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.5 Үшінші генерация төлдерінің суыққа және ыстыққа төзімділік 
қасиеттері 
Импортталған ірі қара малдың бейімделуіне ең басты фактор болып 
сыртқы орта факторларының әсері болып табылады. Сол себепті қайбір жерге, 
елді-мекенге бейімделу барысында оның суық, ыстық ауа температурасына 
бейімделуін анықтаған жөн. Жануарлардың ыстыққа төзімділік индексі 
Ю.А.Раушенбах (1985 ж) әдістемесі бойынша анықталды. Ыстыққа төзімділік 
индексін анықтау формуласы төмендегідей. 
60
80
100
120
С
ира
қты
лы
ғы
С
оз
ы
лы
ңқ
ы
лы
ғы
К
еу
де
лі
лі
гі
К
еу
де

ам
ба
с 
сә
йк
ес
ті
гі
Т
олы
қты
ғы
Б
ой
ш
ы
ңд
ы
лы
ғы
С
үй
ек
ті
лі
гі
К
ең
д
ен
елі
лі
гі
Ж
ұм
ы
рлы
ғы
Е
тт
іл
іг
і
Т
үрі
ні
ң 
ай
қы
нд
ы
лы
ғы
Еуропалық селекция бұзаулары
Канадалық селекция бұзаулары


71 
ЫТИ = 2 (t2 -10ΔT+10) 3.5.1 
мұндағы: ΔT – Таңғы және күндізгі жануар дене температурасының 
айырмашылығы.
t2 – Сыртқы орта температурасы 
Зерттеу жұмысы тәулігіне 2 рет таңертең ерте және түстен кейінгі 
уақытта жүргізілді. Таңдағы ауа температурасы 21,5 градус болды. Түстен 
кейінгі ауа температурасы 31°С болды, сурет 13. Жануарлардың бейімделу 
көрсеткішін жан-жақты зерттеу үшін осындай температура аралығында тыныс 
алу жиілігін, жүрек соғысы жиілігін де анықтадық.
Үшінші генерация төлдерінің ыстыққа төзімділік индексі төмендегі 27-
кестеде көрсетілген.
Кесте 27 – Үшінші генерация төлдерінің ыстыққа төзімділік индексі (n=20) 
Топтар 
Таңдағы дене 
температурасы, 
° С (қоршаған 
орта темпера 
турасы 21,5 °С ) 
Күндізгі дене 
температурасы, 
° С (қоршаған 
орта темпера 
турасы 31 °С ) 
Таңғы және 
күндізгі дене 
температура 
айырмашылығ
ы, °С 
Ыстыққа 
төзімділік 
индексі 
Канадалық 
38,59 ± 0,35 
39,21 ± 0,17 
0,62 ± 0,32 
71,6 ± 6,52 
Еуропалық 
38,63 ± 0,25 
39,27 ± 0,32 
0,64 ± 0,45 
71,2 ± 4,14 
Жоғарыдағы 27-кестеде көрсетілгендей үшінші генерация төлдерінің 
ыстыққа төзімділік индексі бойынша канадалық селекция төлдері еуропалық 
селекция жастастарынан 0,4-ке басымдылық танытты. Бұл көрсеткіш аталған 
екі селекция төлдері үшінші генерация ұрпақтарының Солтүстік Қазақстан 
өңіріндегі жоғары ауа температурасына бейімділігі артқанын көрсетеді. Оның 
бір себебі екінші генерация ұрпақтарында ыстыққа төзімділік индексі 71,1 мен 
70,2 көрсеткішіне ие болғаны. Салыстырып айтатын болсақ канадалық 
селекция үшінші генерация ұрпақтарында жоғары ауа температурасына 
бейімделу көрсеткішінің айырмашылығы 0,4-ті құраса, еуропалық селекция 
ұрпақтарында бейімделу көрсеткіші 1-ге артқаны байқалады.


72 
Сурет 13 – Жаз мезгіліндегі сыртқы орта температурасы 
Сонымен қатар абердин-ангус тұқымы канадалық және еуропалық 
селекция үшінші буын ұрпақтарының суыққа төзімділік индексі анықталған 
болатын. Суыққа төзімділік индексін анықтау формуласы төменде 
көрсетілген.
Ка = Тд : 39,1 + ТЖ: 31+ ЖСЖ : 84 3.5.2
Мұнда Ка –адаптация коэффициенті (минус температура кезінде); 
Тд – Тәжірибедегі жануар дене температурасы (градус Цельсий); 
39,1 – Қалыпты жағдайдағы жануар дене температурасы (градус 
Цельсий); 
ТЖ – Тәжірибедегі жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 
31 – Қалыпты жағдайдағы жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 
ЖСЖ – Тәжірибедегі жануардың жүрек соғысы жиілігі; 
84 – Қалыпты жағдайдағы жануардың жүрек соғысы жиілігі. 
Зерттеу барысында төлдердің физиологиялық көрсеткіштерімен бірге 
суыққа төзімділік индексі көрсетілген мәлімет төмендегі 28-кестеде 
келтірілген.


73 
Кесте 28 – Үшінші генерация төлдерінің суыққа төзімділік индексі (n=30) 
Факторлар 
Абердин-ангус тұқымы 
Канадалық селекция Еуропалық селекция 
Қыс, -30°С
Дене температурасы, °С 
39,2 ± 0,3 
39,0 ± 0,2 
Жүрек соғысы 
жиілігі, соққы / мин. 
72,8 ± 0,3 
73,7 ± 0,3 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
24,5 ± 0,5 
25,2± 0,4 
Суыққа төзімділік индексі 
2,95± 0,4 
2,87 ± 0,5 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
28-кестеде көрсетілгендей канадалық селекция төлдерінде суыққа 
төзімділік индексі 2,65 шамасын құрады. Бұл дегеніміз аталған канадалық 
селекция төлдері Солтүстік Казақстан өңірінің суық климаттық жағдайына 
бейімделгенін көрсетеді. Бұл ретте ең төменгі шама 5 болса, ең жоғарғы шама 
1-ді құрайды. Зерттеу жүргізілген уақытта сыртқы орта температурасы -30 °С 
болды, сурет 14. 
Сурет 14 – Қыс мезгіліндегі сыртқы орта температурасы 
Суыққа және ыстыққа төзімділігімен қатар олардың бейімделу 
коэффициенті есептеліп шығарылды, 29-кесте.


74 
Кесте 29 – Жыл маусымдары бойынша үшінші генерация ұрпақтарының 
бейімделу коэффициенті
Факторлар 
Абердин-ангус тұқымы 
Еуропалық селекция
Канадалық селекция 
Қыс (-20°С) 
Дене температурасы, ° С 
39,00 ± 0,3 
39,21 ± 0,2 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
25,21± 0,5 
24,51 ± 0,4 
Адаптация коэффициенті 
2,11± 0,3 
2,07± 0,6 
Көктем (+8 °С) 
Дене температурасы, ° С 
38,92 ± 0,3 
38,75 ± 0,2 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
24,83 ± 0,4 
24,50 ± 0,4 
Адаптация коэффициенті 
2,08 
2,07 
Жаз (+25°С) 
Дене температурасы, ° С 
38,42 ± 0,2 
38,64 ± 0,10 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
26,13 ± 0,3 
26,38 ± 0,3 
Адаптация коэффициенті 
2,13± 0,3 
2,14± 0,4 
Күз (-12°С) 
Дене температурасы, ° С 
38,93 ± 0,3 
38,72 ± 0,1 
Тыныс алу жиілігі, рет/мин. 
23,15 ± 0,3 
22,81 ± 0,3 
Адаптация коэффициенті 
2,01± 0,5 
2,0± 0,4 
29-кестеден жыл маусымдары бойынша канадалық селекция үшінші 
генерация ұрпақтары біздің өңірдің климаттық жағдайы мен күтіп-бағу, 
азықтандыру жағдайына бейімделгендігін аңғаруға болады. Тек жаз 
уақытында еуропалық селекция үшінші генерация ұрпағы 0,1 есеге асып, жаз 
мезгілі бойынша бейімделуге оңтайлылығын көрсетті.
Төмендегі суретте біз екінші және үшінші генерация төлдерінің 
бейімделу барысындағы суыққа және ыстыққа төзімділігі, бейімделу 
коэффициенті бойынша салыстырмалы айырмашылығын келтірдік, сурет 15.
Сурет 15 – Екінші және үшінші генерация төлдерінің бейімделу 
көрсеткіштері бойынша салыстырмалы диаграммасы 


75 
Жоғарыдағы 15-суреттегі диаграмманы талдай келе суыққа төзімділік 
индексі бойынша канадалық селекция екінші-үшінші генерация төлдері 
тиісінше 3,02 және 2,65 шамасын көрсетсе, ыстыққа төзімділік индексі 
бойынша тиісінше 71,1 және 71,6 шамасын көрсетті, ал бейімделу 
коэффициенті бойынша 2,13 және 2,07 шамасында болды. Еуропалық 
селекция төлдері жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша тиісінше 3,05 және 2,67, 
70,2 және 71,2, 2,16 және 2,08 шамасын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет