Титанов жанат егинбаевич


Бейімделу барысындағы үшінші генерация төлдерінің түк



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.8 Бейімделу барысындағы үшінші генерация төлдерінің түк 
жамылғысының көрсеткіштері 
Ірі қара малдың терісі мен түгінің құрылымы мен ерекшеліктері жоғары 
және төмен температура жағдайларына бейімделуде үлкен маңызға ие. 
Көптеген зерттеулер терінің қалыңдығы мен түк құрылымында тұқымаралық, 
жас және маусымдық айырмашылықтарды анықтады. Әдебиеттегі деректер 
жыл ішінде жануарлардың терісі мен түктері айтарлықтай өзгерістерге 
ұшырайтындығын көрсетеді, бұл дененің жақсы бейімделуіне және 
терморегуляциясына ықпал етеді. 
Етті малдың жас төлінің түк жамылғысының жай-күйін талдау 
нәтижелері 32-кестеде келтірілген. 
Кесте 32 – Үшінші генерация төлдерінің түк жамылғысының жай-күйі (n=10) 
Көрсеткіштер 
Абердин-ангус тұқымы 
І (канадалық) 
ІІ (еуропалық) 
Қыс/Жаз 
Қыс/Жаз 
Түк салмағы 
1 мг/кв. cм 
16,95 ±0,49 
12,77±0,43 
16,83 ±0,49 
12,85±0,77 
Түк ұзындығы, мм 
26,28 ±1,01 
18,20±0,88 
25,12 ±0,93 
18,52±0,78 
Түк қалыңдығы, дана/cм
2
701,25 ±18,8 
506,53±19,6 
688,50 ±13,80 
490,10±19,30 
Жоғарыдағы 28-кестеден 1 см
2
түк жамылғысының салмағы қысқы 
және жазғы уақытта екі селекция малдары бойынша бір деңгейде екенін 
аңғаруға болады. Ал түк ұзындығы бойынша қысқы уақытта канадалық 
селекция малдары басым түссе, жаз мезгілінде еуропалық селекция малдары 
басым болды. Түк жамылғысының қалыңдығы бойынша да канадалық 
селекция малдары еуропалық селекция малдарынан қыс және жаз мезгілі 


79 
бойынша тиісінше 12,75 және 16,43 данаға артық болды. Қыс мезгіліндегі 
түк жамылғысының қалың болуы Солтүстік Қазақстан облысының суық 
континетальды климатына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Әртүрлі селекция сиырларының түк жамылғысының жағдайынан 
басқа, түк жамылғысының құрылымы зерттелді: қылшық, аралық және 
түбіт, 33-кесте. 
Кесте 33 – Үшінші генерация төлдерінің түк жамылғысының құрылымы, % 
(n=10) 
Көрсеткіштер 
Абердин-ангус тұқымы 
І (канадалық) 
ІІ (еуропалық) 
Қыс/Жаз 
Қыс/Жаз 
Қылшық,% 
50,83±0,33 
52,10 ±0,47 
50,35±0,41 
52,00 ±0,24 
Аралық талшық 
22,22±0,29 
25,10 ±0,33 
25,60±0,42 
24,90 ±0,45 
Түбіт 
26,95±0,38* 
22,80±0,63 
24,05±0,24 
23,10 ±0,43 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
Жоғарыдағы 33-кестені талдай келе солтүстік Қазақстанның суық 
климатына оңтайлы болып келетін түк жамылғысының құрылымын 
канадалық селекция малдарынан көруге болады, себебі қысқы уақыттағы 
маңызды түк жамылғысы болып саналатын түбіт саны бойынша еуропалық 
селекция малынан басым болып табылды.
Осылайша, канадалық селекцияның жас малдары қоршаған ортаның 
жоғары температурасына бейімделушілікке ие, өйткені оларда Қазақстанның 
солтүстік аймағының жаз айларына тән ыстық ауа-райында ағзаның 
ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін жетілдірілген 
терморегуляция жүйесі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет