Титанов жанат егинбаевич


Үшінші бөлім бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

Үшінші бөлім бойынша қорытынды 
Зерттеу нәтижелері бойынша абердин-ангус тұқымының канадалық және 
еуропалық селекция 
екінші және үшінші генерация төлдерінің 
физиологиялық, клинико-гематологиялық, этология, табиғи резистенттілік 
көрсеткіштері және азықтандыру, сүт өнімділігі, ет өнімділігі көрсеткіштері 
анықталды. Зерттеу барысында шаруашылықтағы азықтандыру дәрежесі 
анықталып, шаруашылық толыққанды азық базасына сай екендігі және азық 
сапасы жақсы деңгейде болды. Шаруашылықтағы жануарларды азықтандыру, 
күтіп-бағу, олардың есебі мен тіркеуі сынды зоотехникалық-ветеринарлық 
жұмыстардың орындалуы жоғары дәрежеде.
Шаруашылықтың азық базасы мен күтіп-бағу жағдайы зерттеліп 
анықталған соң, келесі кезекте екінші генерация құнажындарының сүт 
өнімділігі, олардың көбею қабілеті, физиологиялық көрсеткіштері, түк 
жамылғысы көрсеткіштері, аналық инстікті қасиеттері, суыққа төзімділік 
индексі, ыстыққа төзімділік индексі, бейімделу коэффициенті зерттелді. 
Алынған үшінші генерация төлдерінің туылу дәрежесі, этологиясы, туғандағы 
және өсу барысындағы динамикалық өзгерістері бақыланып жазылып отырды. 
Олардың өсу кезеңіндегі тірі салмағы өзгерісі динамикасымен бірге, 
физиологиялық, клинико-гематологиялық, жүн 
жамылғысы, табиғи 
резистенттілік, суыққа төзімділік индексі, ыстыққа төзімділік индексі, 
бейімделу коэффициенті көрсеткіштері анықталды.
Үшінші генерация төлдерінің ыстыққа төзімділік индексі бойынша 
канадалық селекция төлдері еуропалық селекция жастастарынан 0,4-ке 
басымдылық танытты. Бұл көрсеткіш аталған екі селекция төлдері үшінші 
буын ұрпақтарының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жоғары ауа 
температурасына бейімділігі артқанын көрсетеді. Оның бір себебі екінші 
генерация ұрпақтарында ыстыққа төзімділік индексі 71,1 мен 70,2 
көрсеткішіне ие болғаны. Салыстырып айтатын болсақ канадалық селекция 
екінші және үшінші генерация ұрпақтарында жоғары ауа температурасына 
бейімделу көрсеткішінің айырмашылығы 0,5-ті құраса, еуропалық селекция 
ұрпақтарында бейімделу көрсеткіші 1-ге артқаны байқалды. 
Канадалық селекция төлдерінде суыққа төзімділік индексі 2,65 шамасын 
құрады. Бұл дегеніміз аталған канадалық селекция төлдері Солтүстік 
Казақстан өңірінің суық климаттық жағдайына бейімделгенін көрсетеді.
Жыл маусымдары бойынша канадалық селекция үшінші генерация 
ұрпақтары біздің өңірдің климаттық жағдайы мен күтіп-бағу, азықтандыру 


85 
жағдайына бейімделгендігін аңғаруға болады. Тек жаз уақытында еуропалық 
селекция үшінші генерация ұрпағы 0,1 есеге асып, жаз мезгілі бойынша 
бейімделуге оңтайлылығын көрсетті.
Этология көрсеткіштері бойынша 
канадалық селекция төлдері өзінің белсенділігін танытып, Қазақстанның 
солтүстік өңірі жағдайына тез бейімділігін көрсетті. Ол дегеніміз канадалық 
селекция төлдері еуропалық селекция төлдеріне қарағанда ширақ болды және 
тәуліктің көп уақытын белсенді қозғалыспен әрі азықтануға жұмсаған.
Физиологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеу барысында еуропалық 
селекцияның 87,7% бұзаулары физиологиялық жетілген, ал антенатальды 
гипотрофиясы жағдайында 12,3%-ға дейін еуропалық селекция бұзаулары 
дүниеге келгені анықталды. Физиологиялық жетілген бұзаулардың тірі 
салмағы зерттелген бұзаулар санының 79,2%-ында 23,6±1,62 кг, яғни абердин-
ангус тұқымының жаңа туған бұзаулары денесінің орташа массасына сәйкес 
келді. Олардың дене температурасы зерттелген бұзаулар санының 85,4%–ы 
(39,2±1,35 °C) шамасында болды, 83,4%-да катаболизм коэффициенті – 1,01 
болды.
Клиникалық белгілердің жиынтығы бойынша еуропалық селекциялық 
абердин-ангус тұқымының жаңа туған бұзауларында антенаталдық 
гипотрофияның даму жиілігі 12,3%-ды құраса, канадалық селекцияның 91,3% 
бұзаулары физиологиялық жетілген, ал антенатальды гипотрофиясы 
жағдайында 8,7% -ға дейін болды. 
Қан сарысуының лизоцимдік, бактерицидтік және қанның фагоцитарлық 
белсенділігінің көрсеткіштері физиологиялық норма шегінде екенін көрсетеді. 
Қашарлардың да, бұқашықтардың да осы белсенділік көрсеткіштері 
қанадалық селекциясында басым болды. Фагоцитарлық көрсеткіш бойынша 
канадалық селекция қашарларында төменгі шек жазғы уақытта байқалса, 
еуропалық селекция қашарларында күзгі уақытта байқалды.
Ет өнімділігін бұқашықтардың 15 айындағы сойыс көрсеткіштері 
бойынша анықталды.
Канадалық және еуропалық селекция бұқашықтары жоғары ет өнімділігін 
көрсетті. Алайда селекция аралық салыстыру бойынша канадалық селекция 
бұқашықтары сойыс салмағы бойынша еуропалық селекция бұқашықтарынан 
3,57 кг-ға немесе 0,4%-ға басым болды.
Канадалық селекция бұқашықтарының 
ұша құрамы 73,7% таза ет бөлігінен тұрса еуропалық селекция құрдастарында 
0,5%-ға кем, ал сүйек және сіңір шығымы бойынша еуропалық селекция 0,5%-
ға басым болды. Алынған нәтижелерді қорытындылай келе канадалық 
селекция бұқашықтары ет құрамы бойынша еуропалық селекция 
құрдастарынан басым болып шықты.
Жалпы ірі қара малын өсіру экономикалық тиімді екені анықталды, 
рентабельділік деңгейі канадалық қашарларында 35,6% болса, еуропалық 
селекция қашарларында 32,4% болды. Сонымен қатар бұл импортталған 
абердин-ангус тұқымының үшінші генерация төлдерінде канадалық селекция 
ұрпақтары мөл өнім беретіндігі және Солтүстік Қазақстан өңірінің 
экстремалды қатал климатына бейім екендігін көрсетеді. 


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет