Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Абердин-ангус тұқымының канадалық және еуропалық селекция үшінші 
генерация ұрпақтарының бейімделу және өнімділігін анықтау бойынща 
жүргізілген зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан 
ауданы, Кішкенекөл ауылында орналасқан «Жолдасбай-Агро» ФШ-да 2018-
2021 жылғы жоспар бойынша жүргізілді. Абердин-ангус тұқымының 
канадалық және еуропалық селекция үшінші генерация ұрпақтарының 
бейімделу және өнімділігін анықтау бойынща жүргізілген зерттеу жұмыстары 
Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданы, Кішкенекөл ауылында 
орналасқан «Жолдасбай-Агро» ФШ-да 2018-2021 жылғы жоспар бойынша 
жүргізілді.
 
1. Зерттеліп отырған 377 сиырдың еуропалық және канадалық селекция 
бойынша, тиісінше 107 және 270 басты құрады.
Олардан 2014 жылы 144 бас 
бірінші генерацияның сиырлары табынды толықтырды, оның 52 еуропалық 
және 92 -і канадалық селекция бойынша. Осы бірінші генерациядан 77 бас 
(2017 жылғы) екінші генерацияның құнажындары табынға іріктеліп 
қалдырылды, яғни сәйкесінше 29 – 48 бас. Осы құнажындардан 2020 жылы 65 
төл алынды, оның 24-і еуропалық, 41-і канадалық селекцияның үшінші 
генерация ұрпақтары.
Канадалық және еуропалық селекция бойынша екінші генерация 
құнажындары, орта есеппен 2019 жылдың көрсеткіштері бойынша 21 айлық 
жасында 375,7 кг және 372,1 кг тірілей салмақ тартып, тұқым стандартының І 
класс талаптарынан тиісінше 20,7-17,1 кг немесе 3,3-1,0% басым келетіні 
анықталды.
Екінші генерация құнажындарының бойшаңдығы көбінесе жалпақ 
тұлғасымен ұштасады. Канадалық және еуропалық селекция бойынша 
құнажындары, негізгі дене өлшемдері бойынша тұқым стандартынан 
шоқтығының биктігі – 5 және 4 см, кеудесінің ені 7 және 5 см, тұрқының қиғаш 
ұзындығы – 12 және 8 см, кеуде орамы - 18 және 8 сантиметрге жоғары және 
түсі 100% толық қара болып келді. Салыстырмалы түрде қарасақ канадалық 
селекция жолымен алынған құнажындар өздерінің жастастарынан сәл 
бойшаңдығымен (1 см), тұрқының ұзындығымен (5 см), кеудесінің 
тереңдігімен (5,7 см) ерекшеленеді. 
Канадалық құнажындары қора жағдайында бағып-күту кезден бастап 
төлдегенге дейінгі уақыт ішінде құрамында 1007,1 ЭАӨ және 79,6 қорытылған 
ақуыз бар азықты тұтынды. Бұдан сәл төмен көрсеткіштер еуропалық 
құнажындарда байқалды - 997,5 ЭАӨ және 78,7 кг қорытылған ақуыз. Жалпы 
алғанда, барлық топтағы құнажындар бірдей дерлік азық-түлікті тұтынды 
(айырмашылық маңызды емес), сондықтан тәжірибе нәтижелерін тек сол 
құнажындардың ұрпақтарына тән генетикалық факторлармен түсіндіруге 
болады. 
2..... Тәжірибелік топтарда екінші генерация канадалық және еуропалық 
селекция бойынша құнажындарының ыстыққа төзімділігін индексі


87 
сәйкесінше 71,1 және 70,2 жылу кедергісінің ең жоғары көрсеткіштеріне ие 
болды. Бұл параметр бойынша канадалық құнажындар қатарластарынан 
(p>0,05) оң нәтиже көрсетті. Ал канадалық селекция құнажындарында суыққа 
төзімділік индексі 3,05 шамасын құрады. Бұл дегеніміз аталған канадалық 
селекция төлдері Солтүстік Казақстан өңірінің суық климаттық жағдайына 
бейімделгенін көрсетеді. 
Осы 
деректерге 
сәйкес 
солтүстік 
Қазақстан 
облысындағы 
термонейтралдылық аймағы немесе қолайлы температура аймағы + 19-22 
және + 27-30 °С шегінде болатыны анықталды, бұл оларға Қазақстанның 
солтүстік аймағының климатында жаз айларына тән ыстық ауа-райында дене 
ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. 
Біздің зерттеулерімізде барлық жастағы екінші генерация сиырларының 
ұрықтану индексінің саны 1,33 тен 1,47, ал табын бойынша 1,4-ке дейін болды. 
Яғни канадалық сиырлардың аналогтарымен салыстырғанда жақсы ұрықтану 
индексін көрсетті 1,33. Шынайлық айырмашылық және қысырлық кезеңдерде 
топтар арасында тиісінше
**р <0,01 - *р<0,05 
болды.

3. Екінші 
генерация малдарының мінез-құлқын зерттеулердің 
нәтижелері бойынша канадалық құнажындардың тәулік бойы тамақтануға 
көбірек уақыт жұмсайтыны байқалды. Яғни канадалық құнажындардың тәулік 
бойы тамақтануға жұмсаған уақыт шығымы еуропалық аналогтарымен 
салыстырғанда 33,2 минут немесе 2,2% (р<0,001) басым болды. Тәжірибе 
топтар арасындағы ұқсас айырмашылықтар күйіс қайыру үдерісіне жұмсалған 
уақытта орын алды. Суды тұтыну мөлшері бойынша да канадалық 
құнажындар да 2 минутка басым болды немесе 0,6%. Ол тәулігіне азықты көп 
мөлшерде тұтынуына байланысты деп ойлаймыз. 
Екі топтағы сиырлар сүтінің химиялық құрамын зерттеу кезінде сүттің 
негізгі 
компоненттерінің 
мөлшерінде 
және 
оның 
энергетикалық 
құндылығында біршама айырмашылықтар анықталды. Сүттегі құрғақ заттың 
жоғары мөлшері канадалық ІІ генерация сиырларында 13,36% құрап, 
еуропалық жастастарынан 0,47% жоғары болды. Сүттің майлылығы бойынша 
да басымдылық канадалық селекцияның сиырларының үлесіне тиісілі болды 
4,08%, немесе 0,27% жоғары. Канадалық ІІ генерация сиырларының сүтіндегі 
қанттың, құрғақ майсыздандырылған сүт қалдықтарының және күлдің деңгейі 
5,10; 9,92 және 0,72% құрап, тиісінше еуропалық сиырлардан 0,12; 0,25 және 
0,02% басым болды. 
4.
Өсіп-жетілу көрсеткіштері бойынша канадалық селекция төлдері 
еуропалық жастастарынан 3,7 және 2,1 кг басым болды, тек 3 айлығында ғана 
еуропалық селекция төлдері тірі салмақ бойынша 7,9-3,9 кг басымдылық 
көрсетті. Оның себебі төлдердің ене сүтін ему кезеңіне байланысты деп 
ұйғаруға болады.
Физиологиялық жетілген бұзаулардың тірі салмағы зерттелген бұзаулар 
санының 79,2%-ында 23,8±1,7 кг, яғни абердин-ангус тұқымының жаңа туған 
бұзаулары денесінің орташа массасына сәйкес келді. Олардың дене 
температурасы зерттелген бұзаулар санының 85,4%–ы (39,2±1,35°C) 


88 
шамасында болды, 83,4%-да катаболизм коэффициенті – 1,01. Клиникалық 
белгілердің жиынтығы бойынша еуропалық селекциялық абердин-ангус 
тұқымының жаңа туған бұзауларында антенаталдық гипотрофияның даму 
жиілігі 12,3%-ды құраса, канадалық селекцияның 91,3% бұзаулары 
физиологиялық жетілген, ал антенатальды гипотрофиясы жағдайында 8,7% - 
ға дейін. 
Қан сарысуының лизоцимдік, бактерицидтік және қанның фагоцитарлық 
белсенділігінің көрсеткіштері физиологиялық норма шегінде екенін көрсетеді. 
Қашарлардың да, бұқашықтардың да осы белсенділік көрсеткіштері 
қанадалық селекциясында басым болды. Фагоцитарлық көрсеткіш бойынша 
канадалық селекция қашарларында төменгі шек жазғы уақытта байқалса, 
еуропалық селекция қашарларында күзгі уақытта байқалды.
Түк жамылғысының қалыңдығы бойынша да канадалық селекция 
малдары еуропалық селекция малдарынан қыс және жаз мезгілі бойынша 
тиісінше 12,75 және 16,43 данаға артық болды. Қыс мезгіліндегі түк 
жамылғысының қалың болуы Солтүстік Қазақстан облысының суық 
континетальды климатына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
5. Канадалық және еуропалық селекцияның ІІІ генерация бұқашықтары 
жоғары ет өнімділігін көрсетті. Алайда канадалық селекция бұқашықтары 
сойыс салмағы бойынша еуропалық селекция бұқашықтарынан 3,57 кг-ға 
немесе 0,4%-ға басым болды. Канадалық селекция бұқашықтарыны ұша 
құрамы 73,7% таза ет бөлігінен , еуропалық селекция жастарында 0,5%-ға кем, 
ал сүйек және сіңір шығымы бойынша еуропалық селекция 0,5%-ға басым 
болды. 
6.
 
Жалпы ірі қара малын өсіру экономикалық тиімді екені анықталды, 
рентабельділік деңгейі канадалық қашарларында 35,6% болса, еуропалық 
селекция қашарларында 32,4% болды. Сонымен қатар бұл импортталған 
абердин-ангус тұқымының үшінші генерация төлдерінде канадалық селекция 
ұрпақтары мөл өнім беретіндігі және Солтүстік Қазақстан өңірінің 
экстремалды қатал климатына бейім екендігін көрсетеді 
Ұсыныстар: 
1 Солтүстік Қазақстан өңірінің қатаң климаттық жағдайына 
импортталған абердин-ангус тұқымы ірі қара малының генетикалық әлеуетін 
жақсарту бойынша кейбір физиологиялық көрсеткіштерін ескеріп, 
селекциялық асылдандыру жұмыстарды жүргізу үшін канадалық селекциядан 
алынған малдарды қолдану ұсынылады.
2. Импортталған жануар төлдерінің бейімділік қасиетін анықтау 
барысында, олардың суыққа төзімділік көрсеткіштерін анықтау үшін келесі 
теңдікті қолдану ұсынылады: Ка = Тд : 39,1 + ТЖ: 31+ ЖСЖ : 84 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет