Титанов жанат егинбаевич


  Абердин-ангус тұқымы үшінші генерация төлдерінің



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.6 
Абердин-ангус тұқымы үшінші генерация төлдерінің 
гематологиялық көрсеткіштері
Денедегі қан өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол арқылы метаболизм 
жүзеге асырылады. Қан дененің жасушаларына метаболизм өнімдері мен 
көмірқышқыл газын алып тастап, қоректік заттар мен оттегін жеткізеді. 
Қанның биохимиялық көрсеткіштеріне сәйкес метаболикалық процестердің 
қарқындылығын бағалауға болады. Қанның ферменттері, олардың 
белсенділігі, метаболизм деңгейі, сондай-ақ биохимиялық бейімделу олардың 
гендерінде кодталған, бұл жануарлардағы қанның биохимиялық құрамы 
олардың асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерімен байланысты. 
Бұл зерттеудің мақсаты ағзаның қоршаған ортаның қолайсыз 
факторларына жоғары төзімділігін анықтау үшін абердин-ангус төлдерінің 
табиғи тұрақтылығының жалпы көрсеткіштерін зерттеу болды. Ол үшін 
канадалық және еуропалық селекция бұқашықтары мен тайыншаларының 
гематологиялық қан анализі жасалып, қанының биохимиялық көрсеткіштері 
алынды. 
Жас жануарлардың бейімделу көрсеткіштерін анықтау және салыстыру 
үшін канадалық және еуропалық селекция абердин-ангус тұқымының үшінші 
генерация бұқалар мен қашарларының қан сарысуының көрсеткіштері 
зерттелді. Қашарлар мен бұқашықтардың қан сарысуының гемотологиялық 
көрсеткіштерінің алынған нәтижелері 30-кестеде келтірілген. 
Кесте 30 – Үшінші генерация бұқашықтары мен қашарлардың гематологиялық 
көрсеткіштері (n=10) 
Топтар 
Эритроцит-
тердің тұну 
жылдамды-
ғы, мм/24сағ 
Гeмоглобин 
г/л 
Эритроцит, 
10
12
/л 
Лeйкоцит, 
10
9
/л 
Жалпы 
белок, г/л 
Бұқашықтар 
Канадалық 
4,2±0,31 
103±0,42 
6,2±0,36 
9,7±0,43 
71,5±0,39 
Еуропалық 
4,1±0,28 
107±0,43 
6,5±0,46 
9,5±0,37 
70,7±0,42 
Қашарлар 
Канадалық 
3,3±0,22 
102±0,33 
6,2±0,45 
9,1±0,38 
70,9±0,34 
Еуропалық
3,9±0,15 
111±0,38* 
6,9±0,32 
9,3±0,46 
70,5±0,43 
Нормa 

99-129 
5,0-7,5 
4,5-12,0 
70-85 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001


76 
30-кестеге сәйкес жас жануарлардың қан сарысуының негізгі 
биохимиялық көрсеткіштері қалыпты шектерде екендігі байқалады, бұл сау 
жануарға тән көрсеткіш.
Қанның тыныс алу функциясының қарқындылығы көбінесе 
эритроциттердегі гемоглобин деңгейімен анықталады. Біздің зерттеулерімізде 
бұқашықтар мен қашарлардың қанындағы ұлпалар мен органдарға осы негізгі 
жеткізушінің деңгейі қалыпты болды. 
Ақ қан клеткаларының сандық құрамын талдау осы көрсеткіш бойынша 
нормамен салыстырғанда айырмашылықты анықтаған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет