Титанов жанат егинбаевич


Жұмыстың құрылымы мен көлемі



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

Жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Диссертация кіріспе, әдебиетке 
шолу, зерттеу жүргізу әдістемесі және материалдары, зерттеу нәтижелері, 
қорытынды және өндіріске ұсыныс, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 
қосымшадан тұратын бөлімдерден құрылып, 127 бетте компьютерлік 
мәтінмен берілген, 38 кесте, 16 суреттен тұрады. Қолданылған әдебиет тізімі 
117 әдебиет көзінен тұрады, соның ішінде 14 шетел тілінде. 


13 
1 ӘДЕБИ ШОЛУ 
 
 
1.1 Импорттық етті ірі қара малының Қазақстан жағдайында даму 
келешегі мен жай-күйі 
Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласын дамыту ауыл 
шаруашылығының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан 
Республикасы ауыл шаруашылығы саласында жоғары әлеуетке ие, өйткені 
оның тиісті табиғи-климаттық жағдайлары және мал шаруашылығының 
табысты дамуына ықпал ететін бай жайылымдық алқаптары бар. Мал 
шаруашылығы халықты ет, сүт, жұмыртқа сияқты жоғары бағалы тамақ 
өнімдерімен қамтамасыз етеді, өнеркәсіпте жүн, тері, елтірі, қой терісі, 
мамықты пайдаланса, фармацевтикалық өндірісте жануарлардың қаны қажет, 
техникалық мақсатта желім, пластмасса, альбумин өндіру үшін өнімдер 
пайдаланылады [1]. 
Кеңес Одағы ыдырағанға дейін, Қазақстанда 16,5 млн адам болған 
уақытта ірі қара 9,5 млн бас, қой мен ешкі 36,4 млн басты құрады. 
Қазақстанның мал шаруашылығының жалпы ішкі өнімі, республиканың 
барлық ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің 58%-ын құрады. Кеңес 
Одағы ыдырағаннан кейін мал шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығы 
экономикасындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты үлкен өзгерістерді 
бастан кешірді, нәтижесінде мал мен құс санының көп бөлігі (80%-дан астам) 
жеке иеліктерге өтті, олар өз кезегінде жануарларды қажетті жағдайлармен 
қамтамасыз етпейді. Бұл мал саны мен ет өндіру көлемінің төмендеуіне әкеліп 
соқты. Жыл сайын мал шаруашылығында мал басы азайып келеді, соның 
ішінде генетика саласында білім жетіспейді, азықтандыру жүйесі жеткілікті 
зерттелмеген, білікті ветеринарлар мен зоотехниктердің жетіспеушілігі, 
заманауи талаптарға жауап беретін зертханалардың жоқтығы біздің 
фермерлерге әсерін тигізеді [2]. 
Мал шаруашылығының дамуы мал басының санымен, азықтандыру 
базасын дамытумен, ветеринарлық қызмет көрсетумен тікелей байланысты. 
1990 
жылдан 
2010 
жылға 
дейін 
Қазақстан 
Республикасы 
шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ірі қара малдың (бұдан әрі – 
ІҚМ) саны 9757,2 мың бастан 6 160,4 мың басқа дейін төмендеді (оның ішінде 
сиырлар 3368 мың бастан 2778,78 мың басқа дейін). 
Бұл ретте ІҚМ басының 81,4%-ы халықтың жеке қосалқы 
шаруашылықтарына (2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 
азаматтардың жеке шаруашылықтарында ІҚМ басының саны 5 011,08 мың 
басты құрайды); 13,6% - шаруа (фермер) қожалықтарына; және 5%-ы ауыл 
шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі. 
Республикадағы ІҚМ жалпы санының ішінде (6095,2 мың бас) асыл 
тұқымды ІҚМ басы санының үлес салмағы (343,4 мың бас) 5,6%-ды құрайды, 
оның ішінде етті тұқымды асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 1,9%-ды 
құрайды. Ал еуропалық елдерде бұл көрсеткіш 50-60%-дан, АҚШ-та 80%-дан 
айтарлықтай жоғары. 


14 
Әлемдік көрсеткіште отандық ірі қара мал басының үлес салмағы 0,6% 
құрайды. Қазақстан Республикасында 2010 жылы әлемдік өндірістің жалпы 
көлемінің 0,7% сиыр еті өндірілді. Қазақстанда етті бағыттағы сиыр саны 
сиырлардың жалпы санының 1,2%-ын құрайды [3]. 
Бүгінгі таңда Қазақстанда импорт есебінен мал басы тез өсіп келеді. Бұл 
жағдай асыл тұқымды базаның дамуына оң әсер етеді. Асыл тұқымды мал 
шаруашылығы бойынша селекциялық жұмыстар қазір өте мұқият жүргізілуде, 
бұл сапалы өнімдер шығаруға, сондай-ақ асыл тұқымды малдарды шығаруға 
ықпал етеді. Мал импорты барлық ілеспе қондырғылар бойынша өтуі тиіс, 
мысалы, тұқымның қазақстандық климаттық жағдайларда өмір сүруі үшін 
сәйкестігі, жемшөп базасының бірдейлігі, ерекше тұқымдарға және т. б. 
арналған ветеринариялық көмекті қамтамасыз ету мүмкіндігі маңызды сәт 
болып табылады [4].
Соңғы жылдары біздің елімізге батыс еуропалық, канадалық (АҚШ) 
тұқымды жануарларды әкеледі, оларды пайдалану жұмыстары ағзасын жаңа 
жағдайларға 
бейімделу 
мүмкіндіктерін 
ескерместен 
жүргізіледі. 
Импортталған асыл тұқымды ресурстардың ең үлкен үлес салмағы өте 
сараланған табиғи-климаттық жағдайлары бар, әртүрлі елдерден әкелінетін 
герефорд және абердин-ангус етті бағыттағы тұқымдарына тиесілі. Мұндай 
жағдайда жерсіндіру проблемаларын зерттеу біздің елімізде басқа климаттық 
аймақтардан әкелінетін асыл тұқымды малдың генетикалық әлеуетін 
арттырудың қажетті негізгі шарты болып табылады [5]. 
Импортталған жануарларды жерсіндіру ешқашан толық болмайды, ал 
оның теріс салдары жануарлардың келесі ұрпақтарында пайда болуы мүмкін. 
Сондықтан жерсіндіруді зерттеу әдетте жануарларға үш генетикалық-
экологиялық ұрпақтары бойынша жүргізіледі [6]. 
Қазақстандағы аграрлық сектордың әлеуеті, барлық сын-қатерлерге 
қарсы тұратын жүйені құруға мүмкіндік береді, орта мерзімді 
мүмкіншіліктерге бағытталған мақсатты бағдарламалар кешені әзірленді. 
Осындай бағдарламалардың бірі "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ 
жүзеге асыратын "ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасы болып 
табылады. 
Қазақстанда қазіргі уақытта жылына 939,4 мың тонна ет өндіріледі, бір 
адамға – 57 кг., қалыпты жағдайда – жылына 67 кг. Кемшілік, әрине, елеулі 
емес, алайда төмен өндіріс кезінде ел ет өнімін экспорттай алмайды. Бағаларға 
келер болсақ, олар жыл сайын өсіп келеді. Оның себебі сол мал басының 
тапшылығы. Көптеген фермерлер 100%-дан 200%-ға дейін үстеме баға 
жасауға мәжбүр, себебі олай істемесе олардың еңбегі ақталмайды. Сиыр еті 
импорт бойынша ең бірінші орынды алады, бізге ет экспорттайтын негізгі 
елдер – Польша, Австралия және Аргентина, бізге әкелетін жалпы ет көлемінің 
74%-ын құрайды [7]. 
2011 жылы Қазақстан етті мал шаруашылығын және оның экспорттық 
әлеуетін дамытуға бағыт алды. Құжатқа сәйкес "2011-2015 жылдарға арналған 
ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру бойынша 


15 
кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді, ал, 2015 жылға қарай Қазақстан етінің 
экспорттық әлеуетін 60 мың тоннаға дейін жеткізілуі тиіс болатын. Бұл 
міндетті орындау отандық табынның генетикалық сапасын жақсартумен 
шешілді. 
Бірнеше жыл ішінде елге Еуропадан (абердин–ангус, герефорд), 
Австралиядан, Америкадан (АҚШ-33,6%, Австралия – 22,8%, Канада – 12,6%, 
Ресей – 8,3%, Австрия – 7,1%, Ирландия – 6,3%, Чехия – 5,2%, Дания – 3,1%, 
Украина – 0,5%, Франция – 0,4%) 55 мыңнан астам асыл тұқымды етті 
тұқымды малдар әкелінген [8]. 
Импорттық малды өсіру, ең алдымен, оның асыл тұқымды және 
өнімділік қасиеттерін сақтай отырып, қолайсыз табиғи-климаттық және 
биотикалық факторларға бейімделу қабілетіне байланысты. 
Сондықтан импорттық жануарларды пайдалану тиімділігі әкелінетін 
малдың биологиялық ерекшеліктеріне едәуір дәрежеде сәйкес келетін табиғи-
климаттық жағдайларда дұрыс орналасуына байланысты. 
Қазіргі таңда бұл жануарлардың жағдайы мен олардың жаңа климаттық 
жағдайларға бейімделуі жақсы нәтижелерге ие, сондықтан Солтүстік 
Қазақстан 
жағдайына 
жануарларды 
жақсы 
бейімдеу 
мақсатында 
технологияны пысықтау қажет. 
Оны әрі қарай дамыту үшін келешегі бар аудандардың бірі, жем-шөп 
жайылымдары мен астық өндірісінің қалдықтарына ие Солтүстік Қазақстан 
болып табылады. Қазақстанның солтүстік өңірінде абердин-ангус және 
герефорд тұқымдарының өкілдері жақыннан ғана өсіріледі. 2011-2014 
жылдары Солтүстік Қазақстанға 4889 бас абердин-ангус тұқымдары және 2530 
бас герефорд тұқымдары әкелінген. Қазіргі уақытта республикада абердин-
ангус малының саны 109050 басты құрайды.
Көптеген авторлардың пікіріне сәйкес абердин-ангус және герефорд 
тұқымдарының малдары кең жерсіндіруге қабілетті деп санайды, бірақ 
климаты ерекшеленетін басқа елдерге әкелу кезінде олар сыртқы ортаның 
жағымсыз әсеріне ұшырайды және қосымша қорғау күштерін өндіру 
жануарларды азықтандыру және ұстау жағдайлары жақсы болатын жерлерде 
жылдам жүзеге асырылады [9-12]. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда нарықтық экономика жағдайында мал 
шаруашылығы саласын дамыту үшін іс жүзінде барлық заңнамалық негіздер 
құрылды. Парламент осы сала бойынша қатынастарды реттейтін барлық 
негізгі заңнамалық актілерді қабылдады, олардың ішінде "агроөнеркәсіптік 
кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", 
"асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы", "Ветеринария туралы", 
"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 
заңдары және т.б. Бірақ заң негізін құру – тек бастапқы кезең екенін түсіну 
керек. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін биліктің заңнамалық 
және атқарушы тармақтарының шоғырландырылған жұмысы қажет [13]. 
Осыған байланысты селекцияның тиімді әдістері мен тәсілдерін 
пайдалану, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жаңа генотиптерді құру 


16 
негізінде ет малының өнімділік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстың 
бағыты, әкелінген ет малының бейімделуі мен жерсіндірілуін зерттей отырып, 
азықтық, технологиялық және биотехнологиялық зерттеулермен қатар, үлкен 
практикалық маңызы бар және жалпы мемлекеттік міндетті орындаумен тығыз 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет