Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Хат жазу үлгісі
. Хат - бұл ақпаратпен алмасудың ең кең таралған тәсілі, ол мәтіннің берілу 
жолымен ерекшеленетін, мазмұны әртүрлі құжаттардың үлкен тобын біріктіреді. Хаттар кез келген 
мекеменің кіріс және шығыс құжаттарының көп бөлігін құрайды және көптеген түрлерге 
ие. Хаттың жауап беруді қажет ететін өтініш хат, ұсыным хат, шағым хат, сұрау салу хаты және т. 
б. түрлері бар және жауап беруді талап етпейтін хабарлама хат ақпарат, ескерту хаты, бас тарту хаты 
мазмұнындағы түрлері де кездеседі. Салтанатты жағдайда құттықтау, тілек білдіру сияқты хат 
түрлері бар. Хаттар драмалық және қайғылы жағдайларда оны бөлісу және көңіл айту белгісі 
ретінде де жіберіледі. 
Хат құжаттың осы түріне арнайы жасалған А4 тұрпатындағы бланкіде ресімделеді. Егер хат мәтіні 
жеті жолдан аспаса, хат үшін А5 тұрпатын пайдалануға болады. Әрбір хат түрінің өз мақсаты 
болады, сол себептен ол мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы керек. 


18 
Ұсыным хат
. Ұсыным хат — бұл ұйым басшысы тарапынан ізденуші туралы немесе 
қызметкерге кәсіби көзқарас тұрғысынан пікір жазылған құжат. Ұсыным хатта адамның кәсіби 
шеберлігі, жетістіктері, оқу немесе жұмыс кезіндегі негізгі жетістіктері, күшті жақтары туралы 
қысқаша сипаттама беріледі. Ұсыным хат арқылы жұмыс беруші үміткердің кәсіби іс-әрекетінің 
айқын бейнесін көре алады, жұмыскер ретіндегі ол туралы пікірді онымен бірге жұмыс істеген 
немесе оқыған адамдардан біле алады. Жоғарғы оқу орнының түлегі - жұмыс тәжірибесі жоқ адам 
үшін оқытушы, кафедра меңгерушісі немесе факультет деканы ұсынушы бола алады, ал жұмыс 
тәжірибесі бар адамға оның тікелей бастығы, ұйым директоры немесе алдыңғы жұмыс орнындағы 
әріптесі ұсынушы болады.
Ұсыным хат жазу үлгісі: ұсыным хат іскери хаттың жалпы құрылымына сәйкес дайындалады. 
Алдымен құжаттың атауы көрсетіледі. Бұдан кейін, егер ұсыным хат нақты бір жұмыс берушіге 
арналып жасалған болса, жолдама түрінде көрсетуге болады. Егер ұсыным хат кез келген әлеуетті 
жұмыс берушіге жасалған болса, жолдаманы қолданбаса да болады. Бұдан әрі ұсынылып отырған 
тұлғаның қайда және қашан жұмыс істегені, ұсыным берушіге ол кім болып келетіні туралы 
мәліметтер келтіріледі. Содан кейін оның атқарған лауазымы, қызметтік міндеттері, кәсіби 
шеберлігі, жетістіктері мен ұсынылып отырған тұлғаның жеке қасиеттері туралы айтылады. 
Ұсыным хаттың келесі бөлімі тікелей ұсыным берушінің ұсыныстары мен тілектерінен тұрады. 
Соңында ұсыным берушінің қолтаңбасы қойылады, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, 
байланыс телефоны және дайындалу күні көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет