Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Академиялық хат және оның ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет15/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Академиялық хат және оның ерекшелігі. 
Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі 
жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық 
емес деп 2 бөлуге болады:
 


16 
Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, 
авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың 
өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады. 
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу 
әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын 
болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар 
арқылы оқырмандарға түсіндіру. Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге 
бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми 
мәлімет беруге бағытталады. Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері 
болады: 
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен 
сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. 
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және 
т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. 
Нақты. Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. 
Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 адам» деп нақты санын 
көрсету қажет. 
Обьективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, 
біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек 
ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Академиялық мәтінді оқу 
барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. 
Сондықтан «менің ойымша», «мен сенемін», «мен», «менің», «менікі» деген сөз тіркестері 
қолданылмағаны абзал. 
Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Мысалы, 
«менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына 
«жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «сіз», «сен» деген сілтеу 
есімдіктерін қолданбаған дұрыс. 
Шектеулі. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан 
ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының 
жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. 
Жауапкершілікті. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен 
келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу 
барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай қолданғаны 
үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек. 
Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы. 
Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі: 
Обьективті түрде жазылады 
Ғылыми стильде жазылады 
Жүйелі құрылыммен жазылады 
Сілтемелерді жиі қолданады. 
Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша, академиялық 
жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді 
обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа 
жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады». Академиялық бағыттағы 
сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, 
академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті 
дәлелді етіп анық жеткізу. 
Академиялық хат және ғылыми стиль. Академиялық хат – арнайы мамандықтарға 
байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып 
төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және 
оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз 
бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады. 
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде 
стильдің 5 түрі: 
Ауызекі 
Публицистикалық 
Әдеби 


17 
Ғылыми 
Ресми іс-қағаздар. 
Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы 
тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі. 
Ғылыми стильдің өзіне тән түрлері де болады, олар: 
таза ғылыми стиль 
ғылыми-оқулық стилі 
ғылыми көпшілік стиль. 
Сонымен қатар, пәнді оқу арқылы өзін-өзі басқару, жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза 
білу, соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету сияқты дағдыларды қалыптастыруға болады. 
Академиялық хаттың мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми 
мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға 
үйретеді. 
Сонымен ғылыми стиль: 
жазба стилінің бір түрі 
логикалық оймен жазылуы тиіс 
терминдер қолданылады. 
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. 
Өзге стильдермен ерекшелейтін қасиеттері: 

нақтылық 

обьективтілік 

қисындылық. 
Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі 
мынандай: 

титул бет 

мазмұн бет 

кестелер тізімі (міндетті емес) 

алғыс (міндетті емес) 

түйіндеме 

кіріспе 
Хат жазу үлгісі, атап айтқанда, ұсыным хат бұрынғы басшы тарапынан ізденуші туралы 
немесе қызметкерге кәсіби көзқарас тұрғысынан пікір жазылған құжаттың үлгісі. Қызметтік хаттар 
- жеке тұлғалармен және мекемелермен байланыс құралы ретінде қызмет ететін басқару 
құжаттарының үлкен тобының жалпыланған атауы, бір нәрсе туралы хабарламалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет