Нақты . Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге
тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 адам» деп
нақты
санын
көрсету
қажет.
Обьективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір ұстанбауы тиіс.
Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың
мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады.
Академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не
жасалғаны қызықтырады. Сондықтан «менің ойымша», «мен сенемін», «мен», «менің», «менікі»
деген сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.
Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Мысалы,
«менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына
«жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «сіз», «сен» деген сілтеу
есімдіктерін
қолданбаған
дұрыс.
Шектеулі. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс.
Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман
қызығушылығының
жоғалуы
мен
жұмыс
сапасының
төмендеуіне
алып
келеді.
Жауапкершілікті. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер
мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді
жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай
қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.
Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі: -Обьективті түрде жазылады
-Ғылыми стильде жазылады
-Жүйелі құрылыммен жазылады
-Сілтемелерді жиі қолданады.
Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша,
академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген
сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның
басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады».
Академиялық
бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді.
Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін
ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу.