Еңбек шарты -
бұл қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалатын
екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе
лауазым бойынша жұмыс берушінің актілерін орындауға, ал жұмыс беруші
уақытында жəне толық көлемде қызметкердің еңбекақысын, заңмен жəне
тараптардың келісімі бойынша көзделген басқа да ақшалай төлемдерді төлеуге,
еңбек туралы заңнамамен жəне ұжымдық шартпен көзделген еңбек жағдайын
қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі бір
мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт
жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның
ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге
жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған
қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару
мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде
-
бірі
тəулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол
белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Белгілі бір жұмыстың
орындалу уақытына, жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру
уақытына, маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. Сынақ мерзімі
қызметкердің жұмыс стажына қосылады жəне үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер
жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс . 22
сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6
-
ға дейінгі
уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа
тарту осы Кодексте белгіленген шектеулер сақтала отырып жүргізіледі.Үстеме
жұмыстарға: жүкті əйелдер, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.