Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет160/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Жұмыстан
 
шеттету
 
1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, 
уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні 
ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;
 
2) 
еңбек қауіпсіздігі 
жəне еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған;
 
3) жұмыс беруші 
берген жеке жəне (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған; 4) 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті болып табылатын 
болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық 
куəландырудан өтпеген; 5) егер оның іс
-
əрекеттері немесе əрекетсіздігі 
авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не 
көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына əкеп соғуы мүмкін болса,
қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
 
Еңбек
 
ету
 
бостандығына
 
құқықтылық

Еңбек құқығы жұмыс беруші 
мен қызметкердің еңбек міндеті бойынша, олардың арасындағы жеке еңбек 
шарты негізінде туындайтын қатынасты реттейді. Еңбек құқығы, сондай
-
ақ 
еңбекақы, еңбек тəртібі, жұмыс уақытын белгілеу жəне пайдалану, еңбекті 
қорғау бойынша қатынастарды да реттейді.
 
Еңбек құқығы нормалары 
қызметкерге əлеуметтік қорғану, еңбегін қорғау, жұмыс уақытын мөлшерлеу, 
еңбек тəртібін орнату құқығын береді. Қызметкер ішкі еңбек тəртібі ережелеріне 
бағынады; оның еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды жұмыс беруші қамтамасыз 
етеді; жеке еңбек шартының тақырыбы жұмыс берушінің арнайы 
мамандандырылған еңбек процесінің өзі болып табылады.
 
Еңбек тұрғысындағы азаматтық қатынаста азаматтың өзі өз еңбегін қорғау 
мен ұйымдастыруды іске асырады, азаматтық құқықтық шарттың тақырыбы 
еңбек нəтижесін затқа айналдыру, мысалы, үй салуға келісімшарт, мердігерлік 


~235~ 
шарт, жекеменшік мүдделі нысананы құру шарты.
 
Еңбек етуге құқықтылық 
еңбек қызметін таңдау бостандығы тұңғыш рет ҚР Конституциясында 
жарияланды (24
-
бап). Еңбек етуге бостандық құқығы əрбір адамның еңбекке 
қабілеттілігін дербес пайдалана білуін, қызмет пен мамандық түрін еркін таңдай 
алатындығын білдіреді.
 
Еңбек ету бостандығы, қызмет пен мамандықтар таңдау 
бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігін пайдалану бостандығы азамат пен 
жұмыс берушінің жұмыстың шарттары мен сипаты туралы өзара келісімін 
білдіретін еңбек шарты бостандығының салалық қағидаты түрінде көрінеді.
 
Еңбек шарты бостандығының қағидаты еңбектік құқық қатынастарын 
жасасудың еріктілігін ғана емес, сондай
-
ақ оның болашақ тағдырының қандай 
болатындығын да айқындайды. Мəселен, сол ұйымның өзі ішінде басқа жұмысқа 
ауыстыру, не сол ұйыммен бірге басқа жерге ауысу, өндірістік қажеттілік жəне
кідіріске байланысты уақытша ауысуды қоспағанда, қызметкердің жазбаша 
келісімімен ғана жүзеге асырылады. Еңбектік құқық қатынастарын, оның 
себептерін түсіндірмей тоқтату құқығын жүзеге асыруды заң тек қызметкерге 
ғана береді. Мерзімі көрсетілген еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу қызметкер 
ауырған, зейнет жасына жеткен, басқа жерге көшкен жəне өзге де дəлелді 
себептері болған жағдайда оның талабы бойынша іске асырылады. Жұмыс 
беруші қызметкерді заңда белгіленген шектеулі жағдайларда ғана жұмыстан 
босата алады.
 
Еңбек шартының еркіндігі, сондай
-
ақ қызметкердің бірден бірнеше жұмыс 
берушімен толық емес жұмыс уақыты шартымен жеке еңбек шарттарын 
жасасуға құқығы барлығын білдіреді.
 
Азаматтардың шетелдерде өз бетімен жұмыс іздеуіне жəне жұмысқа 
орналасуына құқығы
бар. Өздерін табыс табатын жұмыспен қамтамасыз ететін 
азаматтар дербес жұмыспен қамтылғандар деп есептеледі. Заңнамада еркін 
таңдап алынған жұмыспен қамтылу деген ұғым қолданылады. Ол азаматтардың 
өздерінің еңбекке қабілеттілігін еркін пайдалану жолымен жұмыс орны мен 
мамандықты таңдап алуға қатысты іс
-
əрекетін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет