Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Жұмысты вахта əдісімен атқаратын  қызметкерлерді вахталық əдіс деп атайды



Pdf көрінісі
бет162/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
Жұмысты вахта əдісімен атқаратын 
қызметкерлерді вахталық əдіс деп атайды.
 
Жұмыссыз
 
азаматтардың
 
құқықтары
.
 
Еңбекке қабілетті жастағы 
жұмысы, табысы жоқ, өзіне қолайлы жұмыс іздеп жүрген жəне оған кірісіп 
кетуге даяр адамдар жұмыссыздардың қатарына жатады. Жұмыссыздарды тіркеу 
үшін анықталған құжаттар керек. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 
бұдан басқа осында тұратындығын айғақтайтын (шетелдіктер үшін) куəлік жəне 
азаматтығы жоқ адамның тұракты тұратын жерінде тіркелгендігі туралы белгі 
соғылған куəлігі. Өкілетті орган немесе еңбекпен қамтудың жекеменшік 
агенттігі осы көрсетілген құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күнтізбелік 
күннен кешіктірмей белгіленген нысан бойынша мəліметтерді жеке есеп 
карточкасына (деректердің компьютерлік базасы) жазу арқылы азаматтарды 
тіркейді. Жұмыссыз азаматтар осы сəттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде кем 
дегенде бір рет тұрған орны бойынша өкілетті адамға келіп белгі соқтырып 
тұруы қажет, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар —
кем дегенде 
айына бір рет поселке, ауыл округы əкіміне келіп белгіленуі тиіс.
 
Жұмыссыздардың кəсіби даярлыққа қайта даярлауға жəне біліктілігін 
көтеруге құқылығын ерекше атап айту қажет. Еңбекпен қамту мəселелері 
жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган берген жұмыссыздың қажетті кəсіби 
біліктілігі болмағандығынан оған лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған 
жағдайда мұндай азаматтарды тиісті оқу орындарына оқуға жібереді. 
Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін көтеру заңда 
белгіленген тəртіп бойынша еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, 
республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдарында жүзеге 
асырылады. Халықтың мақсатты тобына кіретін жұмыссыздардың кəсіби 
даярлықтан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін көтеруден басымдылық тəртібі 
бойынша өтулеріне құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет