~241~
-
кінəлі адамға əкімшілік жаза беру əкімшілік құқық бұзушылыққа
мемлекеттің жаза беруі болып табылады
-
əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды тəрбиелеу жəне құқық
бұзушының өзін де, сондай
-
ақ басқа адамдарды да жаңа құқық бұзушылықтың
алдын алу мақсатында қолданылады.
-
Адамның абыройын түсіруді, жеке басына жапа шектіруді, жеке адамның
іскерлік беделіне нұқсан келтіруді өзіне мақсат тұтпайды.
Əкімшілік жауаптылық мақсаттары əкімшілік құқық
бұзушылық туралы
кодексте белгіленген заңнама міндеттерінен туындайды. Олар жеке адамның
құқытары мен бостандықтарынан, қоршаған ортаны, меншікті, қоғамдық тəртіп
пен қауіпсіздікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріндегі əкімшілік
құқықұзушылықтың алдын алады.
ҚР əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ƏҚБ) əкімшілік
жауаптылық мəселелерін реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады.
Кодекстің жалпы бөлімінде əкімшілік жауапкершілік институтының негізгі
ережелері баяндалған, ол Ерекше бөлімде оны жасағаны үшін берілетін
жазалардың нақты түрлерін көрсете отырып, əкімшілік құқық бұзулардың тізбесі
берілген.
Жеке немесе заңды тұлға ƏҚБ нормаларын бұзатын жəне əкімшілік жаза
беру түрінде жауаптылыққа тартылатын əкімшілік құқық бұзушылығы, яғни
құқыққа қарсы əрекеті немесе əрекетсіздігі əкімшілік жауаптылыққа негіз болып
табылды.
Достарыңызбен бөлісу: