Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Азиялық Барыс 
болу үшін біздің басымдықтарымыздың 
қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы 
халықаралық тəжірибе енгізілуге тиіс. Ол 

инфляция мен бюджет 
тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау 
нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, 
Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.
Біздің алдымызға не 
инфляция, не экономикалық өсу деген таңдау қойылған жоқ жəне қойылмайды 
да. Түпкілікті мақсат экономикалық
өсу жəне макротұрақтандыру арқылы
мақсатқа жетудің құралы
екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Əрине, басқа 
процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың көптеген əлеуметтік топтардың 
жағдайын қиындатқаны белгілі.
Бірақ жүйелі жəне құрылымдық қайта құру 
жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық 

қатаң қаржылық 
жауапкершілікке толы демократия. 
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті 
экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз

Бұл орайда, таяудағы жылдарда 
экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды жəне монетарлық 
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті əлеуметтік саясатқа көңіл 
аударамыз.
Жеке меншік институттары
 
жерге деген құқықтың, сондай
-
ақ меншік 
құқықтарын жəне келісім
-
шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін 
құрудың есебінен нығайтылады.
Кəсіпорындарды жекешелендіру
 
негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен 
аграрлық кешен мен əлеуметтік салада түпкілікті аяқтау жəне акциялардың 
айналымы процесін дəл реттеу керек. Ырықтандыру жолында біз үлкен 
жетістіктерге
жеттік, бірақ ауыл шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар 
мен əлеуметтік секторда нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. 
Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейтін жəне 
жемқор басшылардың іс
-
əрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап 
шегіп отыр.
Көптеген ірі нарықтар
арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі 
біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды
 
талап етеді.
Өзіміздің энергетикалық жəне өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса 
береді. Оның мақсаты 

экспорттан экономикалық өсумен қатар елдің саяси 
тұрақтылығына, сондай
-
ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
жəрдемдесетін табыс алу. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды жəне 
пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші 
кезектегі мəселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: 
табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар жəне ақпарат, 
еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық 
өсуге ғана емес, əлеуметтік салаға да, сондай
-
ақ Қазақстанның халықаралық 
қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. 
Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан 
тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға 


~128~ 
шығуы үшін бізге саяси ерік

жігер мен нақты іс
-
қимыл қажет. Əлемге əйгілі 
инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді 
пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру 
қажеттілігі дүниежүзілік тəжірибеден туындап отыр.
 
Дамушы елдердің барлығы 
дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды 
қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Дүниежүзілік тəжірибе жалпы 
ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркəсіптің үлесін ұдайы 
кеміту жəне керісінше өңдеуші өндірістің, ең ал
-
дымен 

ғылымды қажет ететін, 
қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай
-
ақ қызмет көрсету саласының үлесін 
ұлғайту
саясатының
қажеттілігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қоғамның жəне экономиканың күрделі жүйелік қайта 
жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мəселесі күн 
тəртібіне өткір қойылып отыр. Əрине, бүған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің 
функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дəйекті жоспарын 
алдын ала əзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.
Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік 
беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған саяды:
1.
Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған 
ықшам əрі кəсіпқой Үкімет.
2.
 
Стратегиялар 
негізіндегі 
іс
-
қимыл 
бағдарламалары 
бойынша 
атқарылатын жұмыс.
3.
Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4.
Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың 
есептілігін жəне олардың қызметіне стратегиялық бақылауды
 
арттыру.
5.
Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға жəне мемлекеттен 
жекеше секторға қарай орталыққа тəуелділікті жою.
6.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес
7.
Кадрларды жалдау, даярлау жəне жоғарылату жүйелерін жақсарту
.
Табысқа жеткен үкіметтер, əдетте ықашам келеді əрі мемлекет қана атқара 
алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Əлбетте, оңтайлы үкіметтер 
өз қызметін аз санды басымдықтарға жəне осы мақсатқа жету жолындағы 
стратегияларды іске асыруға ұмтылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының 
негізінде 1998
-
2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды міндеттері 
төмендегілер

Басым мақсаттар былайша түзілуге тиіс:
-
ілгері елдермен белсенді қарым
-
қатынас жасау, Қазақстанның 
энергетикалық секторына капитал тарту жəне еліміздің əскери доктринасын 
əзірлеу арқылы ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
-
ауылдың неғурлым өткір проблемаларын шешу;
-
кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
-
ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен 
экономикалық өркендеуге жету;


~129~ 
-
барлық əлеуметтік
-
экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен 
бюджет 
саласындағы 
реформаларды 
аяқтау, 
соның 
нəтижесінде 
зейнетақыларды, жалақыны жəне əлеуметтік жəрдемақыларды толық көлемінде 
уақытылы төлеу;
-
қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
-
үкімет пен мемлекеттік қызмет реформаларын
жеделдету, сыбайлас 
жемқорлық пен қиянатқа қарсы күресті күшейтуі.
Экономикалық жəне əлеуметтік реформаларға байланысты жоспарларға 
жатады:
-
жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды 
-
бұл өткен уақыт 
құбылысына айналады;
-
қоғамымыздың барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам 
кіші кредиттердің көмегімен жəне 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді 
қоса) əлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы мемлекеттен көмек алады;
-
барлық өнімділігі
төмен жəне шығындық жағдайда жұмыс жасайтын
зауыттар банкроттық жағдайға жеткізіледі;
-
ұзақ мерзімді басымдықтарымызды қолдауға бағытталған бюджет 
реформаларын батыл жүргіземіз, қолымыздағы қаражатымызға қарай өмір сүру 
принципін ұстанатын боламыз;
-
қазақстандықтар үшін салық төлеу үйреншікті іске, отаншылдық 
парызға айналады;
-
зейнетақыларды, жəрдемақыларды жəне бюджеттік ұйымдарда 
жалақыны толық жəне уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.
-
бір жыл ішінде кемінде аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бірінші 
кезекте ауылды жерлерде жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ
долларына парапар сомада кіші кредиттер беру.
-
үстіміздегі жылдан бастап шағын жəне орта бизнесті, фермер 
қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға кемінде 100 млн. АҚШ 
доллары сомасында кредиттердің берілуін қамтамасыз ету
-
мектептерді, 
ең 
алдымен 
ауылдық 
жерлердегі 
мектептерді 
компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл 
мақсатқа 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долларын бөлу.
-
шаруа жəне фермер қожалықтарына арналған кредиттердің кемінде 2,5 
млрд. теңгеге арзандатылуын қамтамасыз ету;
-
салауатты өмір салты жолындағы қоғамдық науқанды бастау;
-
тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға кірісу;
-
балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.
Біздің стратегиялық жолымыздағы алғашқы қадамдар мен алғашқы 
нəтижелерді неғүрлым тереңірек таңдау мен қадағалау мүмкіндігі бар. Солардың 
негізінде таңдап алған жолымыздың дұрыстығын терең пайымдайтын боламыз, 
мемлекетке деген сенім артады, ортақтық жəне отан сүйгіштік сенім беки түседі.
Бірталай жылдардың ішінде экономика
толық қалпына
келтірілмегенше,
барлық 
əлеуметтік өткір мəселелерді шеше алмайтындығымыз түсінікті

Таяудағы 
бірнеше жылдың ішінде ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру жəне ұзақ 
мерзімді стратегияның шеңберінде қысқа мерзімді нақтылы іс
-
қимыл 


~130~ 
жоспарларын орындау үшін мемлекет ресурстарының шектеулі екенін де 
түсінеді.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайларында əрбір 
адамның денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды 
бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің əлеуетін
анықтайтын 
факторға айналып отыр. Халық денсаулығы елдің жағдайының деңгейі өз 
кезегінде əлеуметтік
-
экономикалық, мəдени жəне индустриялық даму өлшемін 
анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен 
сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын əлеуметтік бағдарлы жүйені 
ұсынатын денсаулық сақтау саласы халық əл
-
ауқатының бірқалыпты жəне 
тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі жəне басымдық 
берілетін саланың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.
Назарбаевтың ««Қазақстан 

2050» барлық қазақстандықтардың өсіп
-
өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл
-
ауқатын 
жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау 
деңгейін жақсарту қажет екендігі жөніндегі «Қоғамымызды құруымызға қарай 
азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жəне қоршаған табиғи 
ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық жəне 
сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамынан тұрады. 
Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның
құрылымдарын 
перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен 
ықпалдастыруға негізделген жаңа стратегияларды енгізе отырып қазіргі замаңғы 
ғылыми, əлеуметтік жəне институционалдық технологияларды қолдану негізінде 
одан əрі жетілдіруді талап етеді. Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің 
көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық 
сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі болуы тиіс. Дамыған 
қоғамда денсаулық сақтау ісі жəне онымен байланысты фармацевтикалық 
индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, 
медициналық 
сақтандыру, 
əлеуметтік 
жұмыс, 
коммуникациялық
-
психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті 
өзара байланысты элементтері болып табылады.
Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды 
қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау жəне басқару,
тиімді жəне 
дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми
-
əдістемелік жəне қазіргі замаңғы институционалдық даму базалары сияқты 
компоненттер қажет. 
«Қазақстан стратегиясы 2050» Жолдауына сəйкес «Саламатты Қазақстан 
2011-
2015» бағдарламасы өңделіп дайындалған болатын. Бұл бағдарламаның 
мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту жəне еліміздің 
тұрақты əлеуметтік
-
демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бəсекеге 
қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады. 
Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары болып мыналар 
саналады:
-
ҚР Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру;
-
халықтың өмір сүру ұзақтығын 70
-
72 жасқа дейін ұлғайту;


~131~ 
-
ана мен бала өлім
-
жітімін азайту;
-
туберкулез ауруын төмендету жəне жою;
-
медициналық ұйым жəне дəрігерді еркін таңдау жүйесін енгізу;
-
тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді 
көлемі шеңберінде медицина қызметтерді алуда республика азаматтарына тең 
жағдайлар жасау;
-
халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейін төмендету;
-
денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігін қарастыру;
-
тиімді тарифтік
саясат енгізу

«Саламатты Қазақстан 2011
-
2015» бағдарламасының негізгі бағыттары:
1.
Азаматтардың денсаулығын қорғау мəселелері бойынша сектораралық 
жəне ведомствоаралық өзара іс
-
қимылдың тиімділігін арттыру;
2.
Профилактикалық іс
-
шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, 
негізгі əлеуметтік
-
елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу жəне оңалтуды 
жетілдіру;
3.
Санитариялық
-
эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіру;
4.
Денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық жүйесінде медициналық 
көмекті ұйымдастыру, басқару жəне қаржыландыруды жетілдіру
5.
Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицинада 
инновациялық технологияларды дамыту жəне енгізу;
6.
Халыққа дəрі
-
дəрмектің сапасы мен қол жетімдігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет