Үркер ( роман) бірінші бөлім тығырық


ТІЛМАШ ТЕВКЕЛЕВТІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата22.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#187452
1   2
Байланысты:
3. Үркер Әбіш Кекілбаев (9 сынып)

ТІЛМАШ ТЕВКЕЛЕВТІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН 
 
Эпилог орнына 
«... 1733 жылғы ғинуардың екісі. Тілмаш Тевкелев Уфаға келді. 
Ғинуардың mөpmi. Санктп-Петербургтан қайтып келе жатқан қырғыз-қайсақтардың 
елшісі Құлеке хан баласына улы мәртебелі императрица ағзам керуенінің тоналғаны үшін 
қатты ашуланып, елшілерді жібермей қалды деген хабар айтыпты. Оны естігенде, ханның 
баласы, өзге қырғыздар, әсіресе Бөкенбай батырдың інісі Құдайназар мырза ас батпай жаман 
ауырып қалды. 
Ғинуардың тоғызы. Тілмаш Тевкелев қасындағылардың ас-судан қалып, азып-тоза 
бастағанын көріп, Құлеке елші әлгі хабарды әдейі оларды қорқыту үшін айтқанын, ондай-
ондай қаңқу сөздерге құлақ аспау керектігін ескертті. 
... Оның бұл сөзіне ешкім илана қоймады... Құдайназар мырза Уфадан еліне қайтаруды 
сұрады... Тілмаш Тевкелев оған: «Марттың аяғына дейін кідіре тұр, оған Бөкенбай екеуіңнің 
адал қызметтеріңіз үшін сый-сияпат бермей, қалай құр қол қайтара алам? Ол жайында 
Москваға хат жазып жібердім, содан жауап келсін», — деді. Ол хат келгенше өзінің Қазанға 
барып, улы императрица ағзамның әмірі бойынша, губернатормен ақылдасып қайтатынын, ол 
жақтан келген бойда оны еліне жіберетінін айтты. Ал егер де ол жақта оған елшілікті Санкт-
Петербургке өзің апарып қайт деген бұйрық берілсе, Қазаннан әрі Петербургке асып, одан 
елшілікпен бірге Уфаға оралып, бәріңді елге бірге қайтарамын деп уәде етті. 
Тілмаш Тевкелев қырғыз-қайсақ ортасында болған кезінде қырғыз-қайсақтардың 
зеңбірек құймайтынын ондайларының болмайтынын және пайдаланбайтынын, сол сияқты оқ-
дәрілі мылтықтарды да өздері жасамайтынын, Хиуа мен Бұхарадан қойға, жылқыға 
айырбастап алатынын, оқ-дәрі мен тотияйынды әркім керегінше әртүрлі әдіспен жасап 
алатынын, ірі-ірі заводтарының жоқ екенін, садақты аз қолданатынын, соғыста көбінесе 
шүріппесі жоқ пілтелі мылтық пайдаланатынын байқады. Башқұрттар соғыс жағдайында тек 
жебе мен садақты ғана пайдаланып, оқ-дәрілі мылтықты атымен білмейді екен. 
Тілмаш Мәмбет Тевкелев». 
Июнь 1978 жыл — март 1980 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет