■
шашыратусыз қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі;
■
оңтайландырылған қысқа доғамен пісіру режимі;
■
пісірудің ірі тамшылы режимі;
■
импульстік пісіру режимі;
■
металды ағындық (Spray) тасымалдау режимі;
■
металдың үздіксіз айналатын тасымалдау (ротациялық
тасымалдау) режимі.
Ағындық және ірі тамшылы режимдері, сондай-ақ, металдың
үздіксіз айналатын тасымалдау режимі доғаның салыстырмалы
түрде үлкен энергиясымен байланысты және әдетте қалыңдығы 3
мм-ден асатын металды төмен және көлденең қалпында пісіру үшін
қолданылады.
Шашыратусыз қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі мен
импульстік пісіру режимінде төмен энергетикалық көрсеткіштері
болады, бірақ, олар әдетте қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі металды
барлық кеңістік қалыптарда пісіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: