Түбір өтуі аяқталғанда, жанарғының үстіне саңылаудың
жиектері мен түбір өтуінің жік бетіне тірелетін үлкен шүмекті
орнатқан жөн. Сондай-ақ, пісіру процесі кезінде жанарғыны пісіру
жүрісі бойынша кезекпен жүргізіп, оны алға-артқа қарай баяу
жылжыту керек. Пісіру сымын балқытылған металға батырмай,
пісіру ваннасының алдыңғы шетінде ұстап отыру керек.
Барлық келесі өтулерді де дәл осылай орындайды.
Шүмекті жалғастың жиектеріне тіреп, құбырларды пісіру
әдістемесі электродтың ұлғайтылған шығуын талап етеді. Бірақ, бұл
жағдайда электрод пісіру ваннасының балқытылған металына
жанаспау керек. Пісіру процесі аяқталған соң, пісіру тогын
төмендетіп немесе доғаны бірте-бірте ұзартып, доғаны үзген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: