жоғары қарай баяу көтереді. Вольфрамдық
электродтың қызған
ұшы электрондардың көзі болып табылғандықтан, доғалы
аралықтың иондануы мен доғаның қозуы орын алады. Яғни,
электрод көтерілгенде, доға қалыптасады.
Жанасып тұтану режиміне бұйымға электрод тиген кезде пісіру
тогының шектелуі кіреді. Бұл вольфрамдық электродты қызып кету
мен жабысып қалудан, ал пісірген жіктің металын ластанудан
сақтайды.
Доғаны жанасып тұтанудың сипатталған
тәсілі белгілі бір
дағдыны талап етеді. Доғаны жанасып тұтанудың одан да
қарапайым тәсілі кезіндегі әрекеттердің реті 3.7-суретінде
көрсетілген:
1
— электродты бұйымға сәл тигізу;
2
— триггердің батырмасын басып, бұл жағдайда қорғаушы
газы
беріле бастап, шағын ток электродтан өтетін болады. Шүмек
бұйымға сәл жетпей тигізетіндей етіп, жанарғыны баяу еңкейту
керек;
3
— электрод бұйымнан үзілгенше, жанарғыны еңкейтуді қосу
керек, бұл кезде доға тұтанатын болады;
4
—
жанарғыны көтеріп, бұл кезде ток берілген өсу уақыты
ішінде берілген деңгейге дейін көтерілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: