Қоспа сымын металл балқытыла бастайтын нүктеге пісіру
ваннасының шетіне беру керек. Пісіру процесі кезінде жанарғыны
еңкейту бұрышын және қоспа сымын орналастыруды түзету
тіліктерді болдырмауға көмектеседі.
Бұл ретте жіктің ойыстығын
болдырмау үшін пісіру ваннасының ойымы қоспа сымымен
толтырылу керек. Бұл ретте берілетін қоспа сымының көлемін жік
дөңестігінің қалыптасу шарттарына сүйеніп таңдайды.
Бұрыштық жалғасты төменгі қалыпда және «қайықша»
түрінде пісіру
. Жіктің «қайықша» түрінде
орындалуын бұрыштық
жіктің сыртқы жағын төменгі қалыпта пісіру мысалында
қарастырайық. Осындай пісіру процесі кезінде қасындағы
бөлшектердің
шеттері балқытылып, ал пісіру ваннасы орталық
сызық бойынша өту керек. Қоспа металын дөңес жікті алуға
жеткілікті болатын мөлшерде қосқан жөн.
Жұқа материалдарды
пісіру кезінде қоспа материалын пайдаланбай, түйісетін
бөлшектердің жиектерін балқытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: