жанарғының алға қарай тұрақты қозғалысынан басқа ешқандай
теңселу мен жылжу орындалмайды.
Жанарғыны пісіру ваннасының артқы шетіне жылжытып, пісіру
ваннасының сыртқы
шетін сыммен тез тигізіп, қоспа сымының
металын қосу. Бұл ретте қоспа сымды бөлшектің бетіне қарай 15°
бұрышпен ұстап тұру керек.
Қоспа сымды алып тастап, доғаны
пісіру ваннасының сыртқы
шетіне жылжыту. Пісіру ваннасы қайтадан жарқын әрі сұйық
болған кезде, қоспа металды қосуды қайталау. Пісірілген жік
білікшесінің биіктігі мен ені пісіру (бойлай ілгерілемелі қозғалыс)
жылдамдығына, жанарғының көлденең
жылжуына және пісіру
ваннасына енгізілетін қоспа металының мөлшеріне байланысты
болады.
Пісіру процесі кезінде қоспа сымының ыстық ұшы қорғаныш
газын қамту аймағынан шықпау керек. Пісіру аяқталғанда, инерттік
газ ортасында белгілі бір уақыт ішінде электрод пен пісіру ваннасы
ғана емес, қоспа сымының ыстық ұшы да болу керек.
Төменгі қалыпта жиектерін бөлмей түйіс жалғасты пісіру
.
Төменгі қалыпта түйіс жалғасты пісіру алдында сипатталған
пісірілген жікті алу әдістемесі бойынша орындалады. Пісіру
процесі кезінде доғаның жік сызығы бойынша үнемі орналасқанын
қадағалау керек. Кратерді пісіру үшін,
жіктің соңында жанарғыны
еңкейту бұрышын кішірейтіп, қоспа металын көбірек енгізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: