3.10-суретінде төбелік қалпында пісіру кезінде жанарғы мен
қоспа сымының қалпы көрсетілген.
Әрине, пісіруші үшін төбелік қалпында пісіру ең қиын әрі ол
жалықтырып кетеді. Пісіру процесі баяу болғандықтан, оған көп
уақыт кетеді. Тәжірибесі аз пісірушілердің көбісі төбелік қалпында
пісіруді ыңғайсыз деп есептейді. Төбелік қалпында пісіру кезінде
қолайлы әрі еркін тұру пісірушіге жанарғыны тұрақты және түзу
ұстап, қоспа сымымен жұмыс істеуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: