Мыс пен оның негізіндегі қорытпалардан жасалған
дәнекерлеу сымы.
Мыс пен оның қорытпаларын пісіру, балқытып
қаптау және пісіріп біріктіру кезінде МЕСТ 16130 — 72 стандарты
бойынша өндірілген пісіру сымын және мыс негізіндегі мыс пен
оның қорытпаларынан жасалған шыбықшаларды пайдаланады.
Мыс пен оның қорытпаларынан жасалған пісіру сымының
МЕСТ 16130 — 72 стандарты бойынша он жеті маркасы өндіріледі:
M1; MCp1; МНЖ5-1; МНЖКТ5-1-0,2-0,2; БрКМц3-1; БрОЦ4-3;
БрАМцЭ-2; БрОФ6,5-0,15; БрАЖМцЮ-3-1,5; БрХ0,7; БрХНТ;
БрНЦр; БрНЦрТ; Л63; ЛО60-1; ЛК62-0,5; ЛКБО62-0,2-0,04-0,5.
Шығарылатын сымның беті жарықтарсыз және қабатталусыз
таза әрі тегіс болу тиіс. Тереңдігі диаметр бойынша шекті
мәндерден асатын (кетірілген кезде) сымдар мен шыбықшалардың
бетінде ақаулардың (қабықтардың, тегіс емес жерлердің,
қуыстардың, сызаттардың, нақылдардың, майысқан жерлердің және
т.б.) болуына жол берілмейді. Өңделгеннен кейін бетінің қызыл
болуы мен құбылу түсінің пайда болуы ақаудың белгілері болып
табылмайды.
Сым жұмсақ (Ж), жартылай қатты (ЖҚ) және қатты (Қ) деп
бөлінеді.
ЛК62-0,5 маркалы 2 мм диаметрлі жұмсақ сымның шартты
белгіленуінің мысалын келтірейік:
ЛК62-0.5-М-2 сымы МЕСТ 16130 — 72.
Сымдар мен шыбықшалар партиялармен жеткізіледі. Әрбір
партияда жеткізудің бір маркалы, бір диаметрлі және бір күйдегі
сымдар мен шыбықшалардан тұру керек. Партияның массасы 1000
кг-нан аспау керек.
Никель мен оның қорытпаларын пісіру кезінде Н-1 (МЕСТ 2179
— 59) және НП-1, НП-2 (МЕСТ 492 — 73) маркалы 3...5 мм
диаметрлі сымды пайдаланады. Қоспа металы ретінде МЕСТ 492 —
73 стандарты бойынша өндірілген НМц-2,5 мен нихромның
(Х20Н80) қорытпасынан жасалған сымды да қолданады.
96
3.4
.
Достарыңызбен бөлісу: |