3.3-кесте. Гелийдің әртүрлі сұрыптарындағы компоненттердің
массалық үлестері, % (ТШ 51-689-75)
Гелий
сұрыпы
Не, кем емес
Н
2
N
2
О
2
Көмір
сутектер Ne
2
артық емес
Тазалығы
жоғары
99,985
0,0025
0,005
0,002
0,003
0,002
А
99,950
0,008
0,02
0,005
0,007
—
Көміртекті легирленген болаттарды балқымалы электродпен
пісіру үшін, құрамында О
2
1-5% мөлшері бар аргон қажет. Осындай
аргон құрамы бойынша В маркалы аргонға жақын.
Аргонға қарағанда, өнеркәсіпте гелий азырақ көлемдерде
қолданылады.
Гелий
көптеген
элементтермен
химиялық
қосылыстарды түзбейді. Гелий — бұл иісі мен дәмі жоқ түссіз газ,
ол улы емес, қатты денелер арқылы жақсы диффузияланып, ауа мен
аргоннан әлдеқайда жеңіл (3.1-кестесін қараңыз). Гелийді әдетте
табиғи газдарды сұйылту арқылы алады. Пісіру үшін тазалығы
жоғары және А сұрыпты гелийді (3.1-кесте) пайдаланады.
Гелий
p
= 15 МПа қысымы кезінде газ тәрізді түрде немесе
p
< 2
МПа кезінде сұйылтылған күйде болат баллондарда тасымалданады
және сақталады. Аргонға қарағанда, гелийдің құны әлдеқайда
жоғары, сондықтан оны негізінен химиялық тұрғыдан таза және
белсенді материалдар мен қорытпаларды, сондай-ақ, алюминий мен
магний негізіндегі қорытпаларды пісіру кезінде қолданады.
Іс жүзінде аргон мен гелийдің қоспалары (50 % Аг + + 50 % Не
және 40 % Аг + 60 % Не) сирек қолданылады. Қоспаларды екі бөлек
баллоннан іріктелетін екі газды араластыру арқылы алады.
91
3.4-кесте. Газ тәрізді және сұйық азоттағы компоненттердің
көлемдік үлестері, % (МЕМСТ 9293-79)
Азот түрлері
N
2
, кем емес
О
2
, кем емес
Газ тәрізді:
электр вакуумды
99,9
0,1
1-ші сұрыпты
99,5
0,5
2-ші сұрыпты
99,0
1,0
Сұйық
96,0
4,0
Пісіру өндірісінде азот шектеулі түрде қолданылады. Оны мыс
пен оның қорытпаларын пісіру үшін пайдаланады. Азот оларға
қатысты инерттік газ болып табылады. Көптеген басқа металдарға
қатысты ол белсенді газ болып табылғасын, оны пайдаланбауға
тырысады. Азот — бұл түссіз, улы емес газ (3.4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |