В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет40/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

ГАЗДЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫ ЖАСАУ
Пісіру аймағын пісіру жанарғысының шүмегінен шығатын 
газбен ағындық жергілікті қорғанысы кең таралған (3.3-сурет). 
Ағындық қорғаныстың сапасы шүмектің 1 құрылымы мен 
диаметріне, 
L
-дің шүмек кесіндісінен А — А пісірілетін 
материалдың бетіне (L + 
H)
және қорғаушы газының шығынына 
байланысты болады. 
Газ ағыны шекаралық қабатпен 
3
бөлінетін ядродан 
2
және 
перифериялық аумақтан 4 тұрады
.
Қоршаған ауа ортасына таусылғанда, ағынның өзегінде шүмек 
кесіндісінің 
А
— 
А 
қимасындағы газдың жылдамдығы мен құрамы 
сақталады. Ағынның перифериялық аумағында қорғаушы газы 
қоршаған ауамен араласып, ағын ұзындығы бойы өтетін 
жылдамдық шүмектің кесіндісіндегі алғашқы жылдамдықтан 
ағынның сыртқы шегіндегі нөлдік жылдамдыққа дейін өзгереді. 
Осыған орай, металдың сенімді қорғанысы ағын өзегінің шегінде 
ғана жүзеге асырылады. Осы жердің ұзындығы 
Н
неғұрлым үлкен 
болса, оның қорғаныс қасиеттері соғұрлым жоғары болады. Макси-
малды ұзындығы 
Н
газдың шүмектен ламинарлық таусылуы кезінде 
байқалады. Газдың турбуленттік таусылуы жағдайында ағыншаның 
осындай құрылымы бұзылып, оның қорғаныс қасиеттері күрт 
төмендейді. 
3.2. 
87 


3.3-сурет. Қорғаушы газының пісіру жанарғысының шүмегінен таусылудың 
сұлбасы: 
1
— шүмек; 
2
— әлеуетті ағын ядросы; 
3
— шекаралық қабаты; 
4
— ағынның перифериялық 
аумағы; 
Н
— ядроның шүмек кесіндісінен шығып кетуі; 
h
— шүмек кесіндісінен пісірудің 
тиімді қорғаныс аймағының диаметрі d
3
тең болатын деңгейге дейінгі арақашықтық; 
L
— 
шүмек кесіндісінен бұйымның бетіне дейінгі арақашықтық; dc — шүмектің шығыс диаметрі 
Іс жүзінде конустық, цилиндрлік және пішінделген шүмектерді 
(3.4-сурет) қолданады. Шүмектің кіру жерінде ағындық қорғанысты 
жақсарту үшін жанарғыда шүмектің шығу жерінде газ ағыншасын 
қосымша түзетуге мүмкіндік беретін ұсақ торларды, кеуекті 
материалдарды және басқа да бөлшектерді орнатады. Қорғаушы 
газының шығыны ламинарлық таусылуға жақын келетін ағынның 
таусылуын қамтамасыз ету тиіс. 
3.4-сурет. Конустық (а), цилиндрлік (ә) және пішінделген (б) шүмектердің 
сұлбалары: 
dc — қимадағы шүмектің диаметрі 
88 


3.5-сурет. Газ ағыншаларының пісіру аймағына кіру сұлбасы: 
а
— концентрлік 
түрде доғаның айналасына; 
ә
— бүйір жағынан; 
б
— екі концентрлік ағыншамен; 
1
— электрод; 
2
— қорғаушы газы; 
3, 4
— қорғаушы газының сәйкесінше сыртқы 
және ішкі ағыншалары 
Қорғаушы газы пісіру аймағына концентрлік түрде доғаның 
айналасына, ал балқытылатын электродпен жоғары пісіру 
жылдамдығы кезінде бүйір жағынан және екі концентрлік 
ағыншамен (3.5-сурет) кіру мүмкін. Белсенді материалдарды пісіру 
кезінде ауаның жанасуын алдын алу үшін, балқытылатын металмен 
ғана емес, қыздырылған қатты металмен де ұлғайтылған қорғаныс 
аймағы бар шүмектерді қолданады. 
3.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет