Бұл жағдайда пісіру доғасының ұзындығы үлкен болмау тиіс.
Бұлай пісіру кезінде электрод қозғалысының траекториясы 2.18,
ә-суретінде
көрсетілген
.
Электродтың жылжытылуы тез және жылжымалы түрде
орындалып, алайда, бұл жағдайда доға ұзындығының елеулі
ұлғаюының орын алмайтынын қадағалау керек.
Пісіру процесі кезінде пісіру доғасының тұрақты жануын
сақтап,
оның
үзілуіне
жол
берілмеу
керек.
Кратер
кристаллизацияланғаннан соң оған электродты жақындатып,
кратерді қайтадан пісіру керек. Бұл пісіру ваннасының қызып
кетуін және пісірілген жік металында жарықтардың пайда болуын
болдырмай, электрод металын балқытып қаптау алдында пісірілген
жіктің негізгі бөлігінің алдын ала жылытуын қамтамасыз етеді.
Оған қоса, бұндай пісіру техникасы қожды балқытып қапталған
металдың үстіңгі бөлігіне ығыстыруға мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда балқытып қапталған металды және пісіру доғасын
бақылау мүмкіндігі жақсарып, пісірілген жік тіліктерінің,
қатпарлар мен артық дөңестігінің пайда болуы болдырылмайды,
сондай-ақ, үстіңгі бетінің сырты жақсарып, ол біртекті болады.
Пісірудің екінші өтуі алғашқысы сияқты орындалады, тек
екінші өтуінде электродты металдың көбірек мөлшері балқытып
қапталады. Әдетте, бірінші өтуге қарағанда, екінші өтуді орындау
әлдеқайда қиын.
Достарыңызбен бөлісу: