В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Көлденең күйде жиек қиғашы бар таңбалы жалғастарды



Pdf көрінісі
бет34/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Көлденең күйде жиек қиғашы бар таңбалы жалғастарды 
пісіру. 
Жіктерді орындаудың осы тәсілдері құбырларды пісіру 
кезінде, сондай-ақ басқа да жауапты таңбалы жалғастарда жиі 
кездеседі. Кейбір жұмыстар кезінде жіктерді электродтың көлденең 
тербелісімен орындау талап етіледі. Алайда көптеген жағдайларда 
осындай пісіру электродтың көлденең тербелісінсіз жіңішке 
білікшелермен жүргізіледі.
Бұл жағдайда пісіру үшін кері кереғарлық тоғы пайдаланылады
бұл ретте бірінші өткелде пісіру тоғы кішірек көрсеткішке ие болуы 
тиіс.
Көлденең тербелісті пісіру кезіндегі электродтың күйі 2.15 
а -
суретте көрсетілген.
Пісіру кезінде электродты металды жалғастың тікелей тамырлы 
бөлігіндегі тесікте балқыуына күштей отырып, қысқа доғалық 
аралықты ұстау және электродтың қайтымды-ілгері жылжуын 
пайдалану керек. Электрод алдыға қозғалған кезде пісіру доғасының 
үзілуіне жол бермеу керек. Осындай жылжулар процесінде металдың 
балқудағы жік алдында алдын ала қызуын қамтамасыз ету керек. 
Сонымен бір уақытта пісіру ваннасының балқыған металының 
жеткілікті түрде жылдам қатуын бақылау керек, яғни ол төменгі 
тілікшеге ақпауы тиіс. Бұл ретте жалғастың кері жағында металдың 
толық балқуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Екінші және келесі өткелдерді пісіру тоғын айтарлықтай арттыруға 
және электродтың көлденең тербелістерінсіз немесе көлденең 
тербелуімен жіңішке білікшелермен пісіруді пайдалануға болады 
(2.15 
б -
сурет
). 
Бұл ретте әрбір ағымдағы өткелдің барлық алдыңғы 
өткелдердің бетімен, сондай-ақ балқытылатын тілікшелердің бетімен 
кепілді балқуын қамтамасыз ету талап етіледі.
Пісіру процесінде 
тіліктердің пайда болуының алдын алу керек.
76
 


Бірінші өткел 
Екінші өткел 
Үшінші өткел 
2.15-сурет. Көлденең күйде жиектің қиғашымен 
айқасқан жалғастың көлденең тербелісімен 
пісіру кезіндегі электродтың күйі (а) және 
электрод бүйірінің көлденең қозғалысының 
мысалы (б): 
1
— электрод; 
2
— бұйым; 
3
— пісіру жігі 
Айқасқан жалғасты көлденең күйде төменнен жоғарыға қарай 
пісіру. Көлденең күйдегі айқасқан жалғастарды пайдалана отырып, 
жауапты пісіру жұмыстарын орындау кезінде әдетте пісіруді 
төменнен жоғары қарай жүргізеді. Мұндай пісіру кеме жасаудағы 
пісіру жұмыстарын орындау кезінде және қысымы жоғары 
түтікшелерді 
дайындау 
кезінде, 
сондай-ақ 
металл 
конструкцияларын дайындау кезінде орын алады.
Қалыңдығы кішірек бөлшектерді пісіру кезінде, сондай-ақ 
айқасқан жалғастардың көп өткелді пісіру жіктерінің бірінші 
өткелдерін орындау кезінде төмендеу пісіру тоғын пайдалана 
отырып, бір өткелді бұрыштық жіктер орындалады.
Мұндай 
пісіру 
кезінде 
жалғастың 
төменгі 
бөлігінде 
балқытылған металдан мөлшері пісіру жігінің мөлшеріне сәйкес 
келетін сөре түзіледі. Электродты қайтымды-ілгері жылжытқан 
дұрыс болады. Электродты металды жылжыту кезінде қысқа 
доғаны сүйемелдеу қажет, ал жоғары ауысқан кезде оның үзіліп 
кетуіне жол берместен доғаны созу керек. Электрод пісіру 
ваннасының үстінде тұрған кезде оны аздап көлденең жылжытуға 
болады, бұл пісіру жігінің жақсы қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Алайда пісіру процесінде электродтың қозғалысы ылғи жік енінің 
шегінде болуын, яғни жоғарғы білікшенің жиегі күйіп кетпеуін, ал 
тілімшенің тегіс бетінде тіліктердің пайда болмауын қадағалау 
керек. 
77
 


Қалың айқасқан жалғастарды пісіру жіктерін орындау үшін 
электродты көлденең жылжыта отырып, көп өткелді немесе бір 
өткелді пісіру қолданылады.
Бұрыштық жікпен көп өткелді пісіру кезінде бірінші өткел 
электродты 
көлденең 
жылжытпастан 
жіңішке 
білікшемен 
орындалады. Екінші өткелді орындау кезінде пісіру тоғы 
жалғастың түпкі бөлігінің кепілді балқуын және жиектермен 
жабысуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс.
Көп өткелді бұрыштық жікті орындау кезіндегі электрод 
қозғалысының күйі және траекториясы 2.16 
а
-суретінде берілген. 
Бұл жағдайда электродты пісіру ваннасының бетінде ұстай отырып, 
оны жоғары қарай жылжытқан және бір мезетте солға және оңға 
кезектестіре отырып, жан-жаққа жылжытқан жөн.
Айқасқан жалғастарды пісіруді, сонымен бірге, электродтың 
көлденең тербелісімен бір өткелді бұрыштық жікпен жүргізуге 
болады. Бұл жағдайдағы электрод қозғалысының күйі және 
траекториясы 2.16 
б
-суретінде берілген. Бұл кездегі пісіру 
техникасы көп өткелді пісірудің екінші өткелін орындау 
кезіндегідей, тек электродты төменгі білікшеге үлкен бұрышпен 
орналастыру және оның тек төменгі білікшеде ғана жылжуын ұстап 
тұру қажет.
2.16-сурет. Айқасқан жалғастарды тік күйінде төменнен жоғарыға қарай көп 
өткелді бұрыштық жікпен (а) және электродты көлденең жылжыта отырып, бір 
өткелді бұрыштық жікпен (б) пісіру кезіндегі электродтың күйі және жылжуы 
78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет