В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет31/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

«Қайықшаға» пісіру. 
Бір өткелді бұрыштық жік қалыптасқан 
кезде шала пісірудің алдын алу пісірілетін жазықтықтар көлденең 
жазыққа 45° бұрышпен жантайтылады - «симметриялық 
қайықшаға» пісіру (2.11, а -сурет), сондай-ақ 30 немесе 60° 
бұрышпен — «симметриялық емес қайықшаға» ( 2.11, 
б- 
сурет
). 
Пісіруді тік және сол сияқты кері кереғарлықта пісіру тоғының 
жоғары көрсеткіштерінде жүргізеді. Кері кереғарлық тоғымен 
пісіру қысқа доғамен жүргізіледі. Бұрыштық жікпен пісіру кезінде 
электродты дұрыс салу 2.11, 
в -
суретінде көрсетілген. 
71
 


2.11-сурет. «Симметриялық қайықшаға»(а), «симметриялық емес қайықшаға»(б) 
пісіру кезіндегі электродтың күйі және электродтың бұрыштық жікпен пісіру 
кезіндегі дұрыс жазықтықтық күйі (в): 
1
— электрод; 
2
— бұйым; 
3
— дәнекерлеу жігі 
Пісіру процесінің басында электродты пісірілетін тілікшенің 
жиегіне шығару және доғаланып созылған тілікшелердің жиекті 
қыздырғаннан кейін балқытудың талап етілетін енімен және 
тереңдігімен пісіру жігін салуды бастау қажет. Бұл ретте пісіру 
жігінің бағытында электродты кішірек қайтымды-ілгері жылжыту 
жүргізіледі. Бұл пісіру жігінің тамыр бөлігін алдын ала қыздыруды 
қамтамасыз етеді және басты бөлік алдындағы пісіру ваннасының 
балқыған қождың ағып кетуінің алдын алады.
Электродты пісіру доғасының пісіру жігін қалыптастыру 
аумағының шегінен тілікшенің бетіне шығып кетуіне жол бермей 
тікелей пісіру жігінің тамырына бағыттаған дұрыс. Бір өткелде өте 
көп металды балқытуға жол берілмейді.
Төменгі күйде сыртқы бұрышы бар бұрыштық жалғасты 
пісіру
. Сыртқы бұрыштық жіктері бар бұрыштық жалғастар 
конструкцияларда 
сирек 
қолданылады. 
Бұл 
жалғастар 
технологиялық, ал олардың пісіру режимдерінің параметрлері 
жиектер қиғаштары бар түйіс жалғастарды пісіруде қолданылатын 
параметрлерге ұқсас.
72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет