2.8-сурет. Жік жиектерін толтыру тәсілдерінің сұлбалары:
а
— блоктармен;
б, в
—
тиісінше біржақты және екіжақты каскадтармен
Түйіс жіктерді пісіру кезіндегі қабаттардың саны мынадай
қатынастарды пайдалана отырып, таңдалады.
Табақша қалыңдығы, мм....... 1...5
6
8
10
12
14
16
18
Қабаттар саны ........................ 1
2
2; 3
3; 4
4
4; 5
5; 6
5; 6
Көлемді кернеулердің пайда болуы және жарықшақ қалыптасуы
қаупі арту салдарынан қалыңдығы үлкен (25 мм артық) жауапты
конструкциялардың түйіскен жерлерін
пісіру жік жиектерінің
өңделуін: блоктармен (2.8, а- сурет) немесе каскадтармен (2.8, б -
сурет) толтыру арнайы тәсілдерін пайдалана отырып, орындалады.
Каскадпен пісіру кезінде жиек өңдеуіне бірінші ұзындығы
кішірек қабатты (200-300 мм), содан кейін бірінші қабатты жауып
тұратын және ұзындығы шамамен екі есе екінші қабатты балқытып
қаптайды, үшінші қабат бірінші және екінші қабатты жауып тұруы
тиіс. Келесі қабаттар кішірек бөлікшеде бірінші қабаттың үстінде
бөлініс толтырылғанға дейін үшінші
қабат сияқты балқытып
қапталады. Одан кейін осы бөлікшеден пісіруді сол тәсілмен қысқа
жіктермен жан-жаққа алып кетеді. Осылайша пісіру аумағы бар
уақытта ыстық күйде тұрады, бұл жарықшақтың пайда болуының
алдын алады.
Блоктық тәсіл кезінде кері сатылы пісіру пайдаланылады, яғни
көп қабатты жік олардың әрқайсысын
толық біртіндеп толтыра
отырып, жеке бөлікшелермен орындалады.
Ұзындығы бойынша пісіру жіктері қысқа (300-350 мм), орташа
(350-1 000 мм) және ұзын (1000 мм артық) болып бөлінеді. Қысқа
жіктерді өңделуінің бір ұшынан басқа бұрышына қарай өткелде
(2.9, а -сурет), ұзындығы орташа жіктер – түйіскен тұстың
ортасынан ұшына қарай (2.9, б -сурет), ал ұзын жіктер – керісатылы
тәсілмен
орындалады, яғни олар бірінен кейін бірі бөлікшелермен
орындалатын жіктердің кері үстемеленуі бағытында болады (2.9,
в...
д
-сурет). Сатылардың (бөлікшелердің) ұзындығы жұқа металды
пісіру кезінде 100*350 мм, ал қалың металды пісіру кезінде сатылар
неғұрлым ұзындау болады.
69
Достарыңызбен бөлісу: