Тура полярлық токпен пісіру кезінде
пісірлген жікте артық дөңес-
тіктің түзілуі байқалады.
Төсемдегі жиектерін қисайтып, түйіс жалғас көп өтпелі жікпен
төбе қалпында пісіру. Бұл пісірлген жалғас көптеген жағдайда
құбырлар мен резервуарларды
пісіру кезінде қолданылады
.
Пісіру кері полярлық токпен орындалады. Бұл жағдайда пісіру
тогы жеткілікті түрде үлкен болу керек. Металды басқа жерге
жақсы тасымалдау үшін қысқа доғаны сақтау керек. Бұл жағдайда
электродтың жылжуы сырғымалы түрде орындалу тиіс. Сондай-ақ,
төсем жағында және жалғастың негізгі
бөлігіндегі жиектері
арасында дұрыс қосып қорытылуын қамтамасыз ету керек.
Пісірілген жіктің беттік жағының дөңестілігі мүмкіндігінше азырақ
болу тиіс.
Осылай пісіру кезінде екінші және одан кейінгі өтулер
электродтың көлденең теңселуінсіз оның сырғымалы жылжу
техникасын пайдалану арқылы да орындалады. Металл қызып кете
бастаса, доғаны ұзартып, қызып кеткен
пісіру ваннасы бар кратер
суығанша, электродты алға қарай жылжыту керек.
Бұл жағдайда алдында балқытып қапталған білікшелердің
беттерімен де, бөлшектеу қабырғаларымен де жақсы қосып
қорытылуын қамтамасыз ету керек. Әрбір өтуден кейін жіктің
беттерін қождан тазартып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: