Көп өткелді таңбалы жалғасты орындау кезінде пісіру тік
кереғарлы тоқпен де сол сияқты кері кереғарлы тоқпен де
орындалады, ал пісіру тоғының көрсеткіші жіңішке бір өткелді
жікпен пісіру кезіндегідей белгіленеді. Бұл жағдайда электродтың
күйі қабаттарды салу кезектілігіне байланысты өзгереді, ал оны
жылжыту бір өткелді жікпен пісіру кезіндегі жылжытуға ұқсас
болады. Тараптар бойынша білікшелердің орналастыру немесе
тарату қапталған қабат бұрышты жік катетінің белгіленген
мөлшеріне нақты сәйкес келетіндей үлгіде жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: