Одан басқа, электродтың көлденең жылжу траекториясы пісірілген
жік енінен шықпау керек. Тіліктердің пайда болуын болдырмау
үшін электродты көлденең теңселу траекторияларының шеткі
нүктелерінде ұстап тұру пайдаланылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Пісіру доғасын
қоздырудың қандай тәсілдері
қолданылады?
2.
Доғаның ұзындығы пісірілген жіктің пішініне қалай әсер
етеді?
3.
Пісіру процесі кезінде жіктің жасалуын қалай басқарады?
4.
Металл табақтарды пісіру кезінде деформацияны
азайтудың қандай әдістері қолданылады?
5.
Бөлшектеуді көп өтпелі жікпен толтыру кезінде қандай
әдістер қолданылады?
6.
Пісіру режимі дегеніміз не?
7.
Қолмен доғалық пісіру режимінің параметрлері қандай?
8.
Пісіру тогының күшін қандай
критерийлер бойынша
таңдайды?
9.
Әртүрлі кеңістік қалыптарында пісіруге арналған
электрод маркалары мен диаметрлерін қандай
параметрлер бойынша таңдайды?