В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет48/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Электродтың шығып кетуі
— бұл вольфрамдық электродтың 
шүмектен шығып тұратын арақашықтығы. Электрод шүмектің 
бүйірінен шығып, бірақ, оның шығыс диаметрінен көбірек шыға 
алмайды. Көбірек шығып кеткенде, электродтың пісіру ваннасына, 
пісіруші беретін пісіру сымына немесе бұрыштық жіктің бүйір 
бетіне жанасу мүмкіндігі пайда болады. Келесідей жалпы ереже 
бар: пісіруді электродтың бір диаметріне тең болатын шығып кету 
жерінен бастау керек. Түйіспе мен бұрыштық жіктердің түбірін 
пісіру кезінде электродтың шығып кету жерін ұлғайтады. 
Доғаның тұтануы. 
Заманауи қондырғылар доғаның жанасусыз 
және жанасып тұтануын орындауға мүмкіндік береді. Доғаның 
жанасусыз тұтануы айнымалы токпен пісіру кезінде, ал жанасып 
тұтануы тұрақты токпен пісіру кезінде орындалады. 
Доғаның жанасусыз тұтануы үшін жанарғының электродын 
бөлшекке жақындатып, бірақ оған тигізбеу керек. Триггерді қосу 
батырмасын басқан кезде, доғалы аралықтың иондануы мен 
доғаның қозуы орын алады. Бұл ретте 1 с ішінде доға жанбаса, 
электронды сұлба осцилляторды өшіріп тастайды. Онда триггердің 
батырмасын жіберіп, оны қайтадан басқан жөн, яғни доғаны 
қайтадан қоздырып көру керек. Көптеген жағдайда, шүмектің 
шетімен бұйымға тигізу доғаның қоздырылуын жеңілдетеді. 
Доға жанасып тұтанған кезде, электродты пісірілетін жерге 
жақындатып, оны ақырын (1.2 с) бөлшектің бетіне тигізеді. Бұл 
кезде электродтың ұшталған ұшы қызады. Содан кейін электродты 
101


жоғары қарай баяу көтереді. Вольфрамдық электродтың қызған 
ұшы электрондардың көзі болып табылғандықтан, доғалы 
аралықтың иондануы мен доғаның қозуы орын алады. Яғни, 
электрод көтерілгенде, доға қалыптасады. 
Жанасып тұтану режиміне бұйымға электрод тиген кезде пісіру 
тогының шектелуі кіреді. Бұл вольфрамдық электродты қызып кету 
мен жабысып қалудан, ал пісірген жіктің металын ластанудан 
сақтайды. 
Доғаны жанасып тұтанудың сипатталған тәсілі белгілі бір 
дағдыны талап етеді. Доғаны жанасып тұтанудың одан да 
қарапайым тәсілі кезіндегі әрекеттердің реті 3.7-суретінде 
көрсетілген: 

— электродты бұйымға сәл тигізу; 

— триггердің батырмасын басып, бұл жағдайда қорғаушы 
газы беріле бастап, шағын ток электродтан өтетін болады. Шүмек 
бұйымға сәл жетпей тигізетіндей етіп, жанарғыны баяу еңкейту 
керек; 

— электрод бұйымнан үзілгенше, жанарғыны еңкейтуді қосу 
керек, бұл кезде доға тұтанатын болады; 

— жанарғыны көтеріп, бұл кезде ток берілген өсу уақыты 
ішінде берілген деңгейге дейін көтерілетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет