28
Осындай амалдардың негізінде кәсіптік рефлексияны өзіндік ерекшелігі,
ойлау қабілеті, оның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті
жағдай және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне жету, кез келген бейінде
маман дайындау үшін маңызды. Бұл жағдайда жоғары білімдегі оқу үрдісі
жағдаяттық пен проблемалық деңгейлерге бағытталуы керек.
Бұл ретте дене шынықтыру пәнінің басқа пәндер сияқты маңызды пән
екенін айта кеткен жөн. Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы бейнелеу өнері, ән –
күй, еңбек, дене шынықтыру сабақтары «қосымша»
сабақтар болып келгені
жасырын емес. Пәнге деген осындай «бағадан» оның мұғаліміне деген
көзқарас туындайтыны белгілі. Ал шындығына келсек, тек дені сау, физикалық
қасиеттері, қозғалыс белсенділігі, моторикасы дамыған, сондай - ақ дененің
физиологиялық және психологиялық қызметтері жетілген бала ғана дұрыс
білім алып, тағылымды тәрбиені қабылдайды.
Қоғам жоғары білім беру жүйесінен іргелі білімі бар, кез-келген, оның
ішінде ерекше мәселені шешуге
шығармашылықпен қарайтын, еңбек
нарығында бәсекеге қабілетті, адамгершілік және физикалық сау мамандарды
даярлауды талап етеді. Соңғы жылдары жастардың денсаулық жағдайы
медициналық мамандарды алаңдатады. Халық арасында насихатталатын
салауатты өмір салты адамдардың тыныс-тіршілігінің міндетті компонентіне
айналған жоқ, өйткені жеке адамның денсаулығы әлі күнге дейін дәстүрлі түрде
ұлттың жалпы денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде емес,
оның жеке
проблемасы ретінде қарастырылады; салауатты өмір салтын ынталандыру жеке
адамның қажеттілігіне айналған жоқ. Балалық шақтан бастап денсаулық
мәдениетін қалыптастыру керек, ал мұғалімдер мұны істеуі керек, ал
студенттердің педагогикалық профилінің жоғары оқу орындарында осындай іс-
шараларға дайындалуы керек.
Жұмысымыздың осы тараушасында дене шынықтыру мұғалімдерін
даярлау мәселесінің ғылымда қарастырылуын талдай келе, біз бұл саланың
заманауи педагогтарының сипаттамасын жасауды жөн деп санадық (сурет 1).
29
Сурет 1 - Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке
даярлығының бағыттары, мазмұны
Суретте бейнеленгендей, ол 4 құрамдас бөліктен тұрады.
Оларға біз
педагогикалық даярлығы: денешынықтыру пәні мақсат міндеттерін, жаңа
мазмұнын, оқыту технологияларын білу, әрекетті рефлексиялай алуды
жатқыздық.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке
даярлығының ішіндегі құрамдас бөлігіне педагогтың құзыреттіліктері енді.
Құзыреттілік – педагогикалық ұғым, әлеуметтік ерекше қабілет, ғылымда
оның әртүрлі түсініктері мен әр қырлы сипаттамалары беріледі.Мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен
ұстаздық шеберлігімен,
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді,
шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік»
ұғымы
педагогика
саласында
тұлғаның
субъектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады
дегенді білдіреді.
Дене шынықтыру мұғалімінің бұл маңызды сапасына
білімнің ізгілік негіздерін түсіну, өз ісін білу, шәкірттерін ұйымдастыра білу,
Педагогикалық әрекетке даяр дене шынықтыру мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: