Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет19/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
дш

1.2 
«Рефлексия», 
«рефлексивтік 
мәдениет»,«болашақ 
дене 
шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениеті» ұғымдарының мәні, 
құрылымы, өзара байланысы 
Еліміздегі білімді дамытудың жаңа беталыстары жағдайында қай 
деңгейдегі де білім алушылардың құндылықтар жүйесін қайта қарауға, көп 
білетін, тіпті оны қолдана да білетін адам ғана емес, өз әрекетін бағдарлай, 
дұрыс ұйымдастыра, оны қайтадан ой елегінен өткізіп саралай немесе 
рефлексия жасай білетін тұлға қалыптастыруды жоғары орынға қояды. Осыған 
орай болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің өз әрекеттерін бағамдай, 
бағалай алуға даярлау бiлiмнiң басты идеяларының бiрiнен саналуы 
орынды.Жоғары оқу орындарында болашақ спорт педагогтарын даярлауда
«рефлексия», «рефлексиялық мәдениетті қалыптастыру» ұғымдарының білім 
берудегі түйінді түсініктер ретінде басты ұстанымға айналдыру білім беру 
үдерісіндегі жоғарыда тоқталып кеткен қажеттіліктен туындап отыр. Осы 
тұрғыдан алғанда рефлексия феноменіне арналған ілімдер, көзқарастар мен 
пікірлерге талдау жасау жұмысымыздың негізгі міндеті болып саналады.
«Рефлексия» ұғымы философияда ертеде пайда болды және философиялық 
ойлаудың пәні ретінде қарастырылды. Рефлексия терминінің латын тілінен 
аудармалары: «reflekto»-кері бұру; «refleksys»-кері қозғалу, кері бұрылу; 
«reflexio»- кері қарау. Сонымен қатар латын тілінде «animum reflektere» - көңіл 
бөлу, еске түсіру, ойлау дегенді білдіреді. Рефлексия - субъектінің өзіндік ішкі 
психикалық күйін тану үрдісі дегенді білдіреді [92]. 


32 
Философияда рефлексия – адамның өзіндік әрекеттерін және олардың 
заңдарын қайта түсінуге бағытталған, теориялық іс-әрекетінің формасы. 
Философиялық сөздікте рефлексияның үш түріне түсініктеме беріледі. Олар: 
қарапайым (әрекеттер рефлексиясы); ғылыми (жаңа білімді меңгеру әдістерінің 
рефлексиясы); философиялық (ойлау мен болмыстың шектелген қатынастарын 
және біртұтас адамзат мәдениетін қайта түсіндіру) [93]. Біздің пікірімізше бұл 
сипаттамалар рефлексияның әрекеттің барлық түрлерінде қолдануға болатын 
әмбебаптығын көрсетеді.
Рефлексия мәселесін Дж. Локк, Гегель және басқа да философтар 
қарастырған. Дж. Локк, білімді меңгерудегі рефлексияның ролін қарастырып, 
білім тәжірибесінің екі түрінің, яғни сезімдік және рефлексивтік негізінде пайда 
болатындығымен түсіндіріледі. Біріншісінің көзі түйсік, екіншісі-рефлексия. 
Дж. Локк рефлексияны − іс-әрекеттің ақылмен бақылану, әрекет идеяларының 
ойда бейнелену тәсілдері деп түсіндіреді [94]. 
Гегель адамның өзін танып білу қызметімен байланыста болатын 
рефлексияның екі деңгейін бөліп көрсетті: 

бірінші деңгей
– рефлексияда пайдаланылатын құралдар талпыныс 
тудыра ма, талпыныс қанағаттандырыла ма, сонымен бірге бұл талпыныстарды 
қанағаттандыру үшін олар өте маңызды болып табыла ма? деген сұрақтарға 
жауап берумен сипатталса; 

екінші деңгей
– рефлексияда әр түрлі талпыныстардың мақсаттары басты 
мақсатпен салыстырылады және олардың қанағаттаныдырылуы басты мақсатқа 
жетумен сәйкес келе ме?- деген сұрақтарға жауап берумен сипатталады.
Гегель еңбегінде сұрақтарға жауап шешім қабылдаудың негізі деп бөліп 
көрсетіп, рефлексия үрдісі «төменгі қабілеттіліктен оның жоғары деңгейіне 
ауысу ниетінен басталады», - деп түсіндіреді. Сонымен қатар, рефлексия басқа 
адамдармен әрекет үрдісіндегі өзара әрекеттестік және қарым-қатынас 
барысындағы өзін-өзі тану құралы ретінде қарастырылады.
«Рефлексия» ұғымы ресей философиясына неміс философиясы 
классиктерінің еңбектерінің Еуропаға кең таралуымен байланысты келді. Сонда 
да болса, мәселені дербес күрделі талдау және оны шешудің тәсілдерін 
құрастыру ХХ ғасырдың басындағы және ортасындағы әртүрлі философиялық 
мектептердің өкілдеріне қатысты екенін байқауға болады. 
Ресейлік философияда рефлексияны талдау мәселесінің қойылуын 
анықтайтын басым бағдарлар ретінде, дәстүрлі түрде онтологиялық және 
гносеологиялықбағдарлар алынады. Сонымен, бірлік философиясында 
рефлексия сананың аса маңызды мазмұны болып саналатын, тұлғаның өзінің 
рухани, діни тәжірибесін саналы ұғыну тәсілі ретінде анықталады. 
ХХ ғасырдың соңғы үшінші жартысында философтардың рефлексия 
мәселесіне қызығушылығы қайтадан арта түседі. Бұл рефлексия феноменімен 
байланысты философиялық мәселелер шеңберінің кеңеюіне алып келді. Белгілі 
ресейлік философтар В.А.Лекторский [95], М.К.Мамардашвили [96], 
Г.П.Щедровицкий [97] және т.б. еңбектерінде, рефлексия дәстүрлі 
онтологиялық және гносеологиялық аспектілерде ғана емес, сонымен бірге сана 


33 
мен іс-әрекет мәселесі контексінде, аксиологиялық және философиялық-
антропологиялық тұрғыда қарастырылды. 
Осы айтылғандарды қорытындылай келе, келтірілген ойлар мен 
тұжырымдар мазмұнын кесте түрінде төмендегідей бейнеледік. 
Кесте 1 - Рефлексияның философиялық жүйеде қарастырылуы 
Ғалымдардың аты-жөні 
Мазмұны 
Джон Лок 
Түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау 
сананың ішкі іс-әрекеттеріне бағытталғанда рефлексия ерекше 
білімнің бастамасы 
Лейбниц 
Рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл 
бөліп, елеушілік 
Юм 
Идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау 
Гегель 
рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы, мен құбылыстың 
өзара бейнеленуі 
Қорытынды 
«Рефлекстеу» термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз 
психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды. 
Психологияда «рефлексия» ұғымы адам санасының ең маңызды 
ерекшелігіретінде 
ХХ 
ғасырдың 
басында 
қолданыла 
бастады.С.Л.Рубинштейннің ойлау мен сананы зерттеуге бағытталған 
жұмыстарында [98], Л.С.Выготскийдің тұлғаны [99], А.А.Бодалевтің қарым-
қатынасты зерттеу жұмыстарында қарастырылды [100]. Осыларға тоқталар 
болсақ, С.Л.Рубинштейн: «рефлексия - өмірден және қоршаған ортадан алған 
әсерлерді бөліп алып, оның санада пайда болуы» –деп көрсетсе,
Л.С.Выготский психикалық дамудағы рефлексияның ролін қарастыра отырып, 
«рефлексияның негізгі қызметі - өзіндік әрекеттердің санада болуы» деген 
түсініктеме береді [99,с. 183]. В.В.Давыдов [101], Г.П.Щедровицкий [102], 
В.И.Слободчиков [103], И.Чеснокова [104] және басқалар адамның өзін-өзі 
тануға, түсінуге, зерттеуге тырысуы рефлексияға тән қасиеттер екендігіне назар 
аударады. Жоғарыдағы тұжырымдар рефлексия сияқты күрделі феноменің 
астарларын ашып, мәселені зерттеушіге бағыт-бағдар береді деп ойлаймыз. Біз 
үшін де олардағы идеялар аса маңызды. 
И.Н.Семеновтың пікірінше, адам санасының рефлексия феноменінсіз еш 
мәні болмайды [105]. Себебі кез-келген күрделі жүйе дамиды, ерте ме, кеш пе 
рефлексия феномені туындайтындай жағдайға жетеді, яғни, адам өз әрекетін 
ойында қорытып, оның барысын бақылап, реттеп, нәтижесіне баға бере 
отырып, өткен тәжірибеден қорытынды шығарады, алдағы әрекетін 
жоспарлайды.
Бұл оймен Л.И.Божовичтің: «адам санасында өзіндік рефлексия тек адам 
өміріндегі іс-әрекеттерді жоспарлап, бақылап, реттеп отыру процесінде пайда 
болады, себебі адам өз өміріне өзі жауапты екенін түсініп, оған әсер ете алу 
мүмкіндігінің барын сезіне алады», - деген пікірі сай келеді [106]. Келтіріліп 
отырған екі ғалымның пікірлерінде бір бірінен алшақтық жоқ, қайта 


34 
толықтыру, нақтылауды айқын байқаймыз. Рефлексияның дәл осы қызметі 
біздің жұмысымыздың да басты бағдары болып отыр. 
И.Чеснокованың айтуынша, жеке тұлғаның өзін-өзі тану үрдісі: 
- жеке тұлғаның жалпы жеке ерекшеліктері; таным процесінің өзіндік 
ерекшелігі; 
- адамның ішкі дүниесіне даралық дәрежесі; 
- жеке тұлғаның өзін-өзі тануда «ашылатын» тереңдігі, қарқындылығы
рефлексиядағы қажеттіліктерінің даму дәрежесі айтарлықтай осыған 
байланысты [104,с. 87]. 
Осы тұжырымға сүйене отырып, рефлексия үрдісі адамдарда бірдей емес 
деп ойлаймыз. Әрбір адамда көрініс беруімен дамуының белгілі бір деңгейімен 
сипатталады. 
Осы негізде И.И.Чеснокова екі деңгейдегі көріністі анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет