Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет21/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
дш

ефлексия
– өткенге назар аудару, яғни адамның өз әрекетінің, ойларының 
бастамасына қайта-қайта назар аудару қабілеті, сырттай бақылаушы 
позициясына тұра алу, сенің және өзінің не істеп жатқанын, қалай танып 
жатқанын ойлануға қабілеті деген тұжырым жасауға болады. 
Қазіргі уақытта рефлексия туралы ойлар одан әрі дамумен жалғасуда. 
Олар, мысалы, пәнаралық зерттеулерді ұйымдастыру, жүйелік объектілерді 
кешенді зерттеу және жобалау құралдарын перспективалы дамыту және ірі 
жүйелерді басқаруды оңтайландыру сияқты әдіснамалық мәселелерді шешуге 
және жоспарлауға белсенді түрде қатысады. Мәселен, дәстүрлі ретроспективтік 
қызметтен басқа - рефлексивті талдау, рационализация, ғылыми жинақталған 
білімнің жүйеленуі - оның жасампаздық және шығармашылық қызметі жүзеге 
асырылады. Рефлексия білімнің көрініс беруі, шығарылатын ғылыми қызмет 
құндылықтары, мақсаттары, бағдарламалары мен құралдарының дамуыретінде 
қарастырылады [109]. Рефлексияны түсіндірудің алуан түрлілігі осы 
тұжырымдаманы ұғыну мен осы мәселені зерделеуде жан-жақтлықты талап 
етеді. 
Рефлексия педагогика ғылымында да жеткілікті дәрежеде талданған деп 
айтуға негіз бар. ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін педагогика ғылымында 
рефлексия ұғымын психологиялық-философиялық тұрғыда түсіндіруге 
басымдылық берілді. Оны мына педагогикалық энциклопедиялық сөздікте 
берілген: «рефлексия – субъектінің ішкі психикалық актілерді және күйлерді 
өмірлік тәжірибе негізінде өзін-өзі тану үдерісі», – деген анықтамадан көруге 
болады. 
М. Жұмабаев рефлексияны тұлғаның өзін өзі бақылауы деп қарастыра 
отырып, бұл сөздің шын мағынасы өткенді еске түсіру екендігіне тоқталады. 
Педагог адамға өзін өзі тексеріп, өзіне өзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. 
Өзін өзі тексеріп, қателерін көруге адамның менмендігі бөгет болады. 
Әйткенмен де, адамның өзін өзі тексеруі – жан тұрмысының өркендеуіне, түзу 
жолға түсуіне көмектесетін бірінші шарт. Өз қатесін көре білген адам 
келешекте сол қатені істемеске ұмтылады. Адамның өзін өзі, яғни өз қатесін өзі 
көре білуі оның жанының идеялға, қасиетті қиялға ұмтылатын мінезі барлығын 
көрсетеді, – деп тұжырымдайды [110].
Бұдан шығатын қорытынды, тұлғаның өз іс-әрекетіне рефлексия жасауды 
М.Жұмабаев өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, сол арқылы 
өзін өзі жетілдіру, өзін өзі бақылау, өзін өзі тәрбиелеу мен бағалау деп 
санағандығын анық көреміз. Бұл пікір дәл осы уақытта да өміршең десек 


37 
қателеспейміз. Олай дейтініміз тұлға осы әрекеттері арқылы қазіргі уақытта 
қоғам қажет ететін жетілген адамға айналады.
К.Я.Вазинаның ойынша, рефлексия–бұл ішкі қарама-қайшылықтардың 
өзектілігін тауып, оларды шешу жолдарын көрсететін, өзінің тәжірибиелік іс-
әрекетін сезінуге бағытталған, адамның өзін-өзі тану қабілеті. Сонымен қатар 
ол, өзінің іс-әрекетін сезіну, жеткен жетістіктерін көріп, кеткен қателіктерін 
байқап, оларды түзету мүмкіндігіне ие болып, соның негізінде мәдени 
құндылықтарды тұтыну және жаңа құндылықтарды дүниеге әкелу құбылысы 
болып табылады [111]. 
Ғалымның пікірімен келісе отырып, рефлексия арқылы тұлға (маман) 
өзінің дамуына әсер етіп, қоғам үшін пайдалы адамға айналады деген пікір 
білдіреміз. 
Ю.Н.Кулюткин рефлексивті үрдіс деп - оқушының ішкі жан дүниесі мен 
ұмтылыстарын, талпынысын, ойларын және сезімдерін түсінуге бағытталған 
«педагогтың ойлауында көрініс табатын» құбылысты атайды [112]. 
А.А.Бизяеваның еңбектерінде рефлексия – өз жұмысында табыстарға қол 
жеткізуге және шеберлігін дамытуға ықпал ететін тұлғаның жеке бас қасиеті 
ретінде қарастырыра мынадай анықтама берген: «рефлексия - субъектінің өз іс-
әрекетін талдау мен өзін-өзі реттеу сияқты психологиялық тетіктерді әрқашан, 
ұдайы тұлғалық қасиеттерін жетілдіру мен шығармашылық деңгейін өсіруінде 
көрініс табатын тұлғалық қасиет» [113]. 
Автордың рефлексияны шығармашылықтың көзі ретінде тануы біз көтеріп 
отырған мәселенің негізгі идеясына сәкес келеді. 
Оразаева З.Н., Жабагина Р.М. «Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің 
кәсіби шеберлігінің негізі» аттыәдістемелік құралда ойлау туралы ойлану – 
оқытудың бір түрі ретінде мұғалім өз қызметіне рефлексивтік талдаулар жасау 
арқылы нәтижеге, өзгеріске ұмтыла отырып, алдындағы оқушылардан да әрбір 
іс-әрекеттеріне сыни көзқарасты талап етудің маңыздылығы сөз болып
тәжірибеде оны қолданудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады-деген пікір 
білдіреді [114]. А.В.Захарова және М.Э.Больцманова рефлексияның қызметіне 
мынадай түсінік береді: «Ойлау әрекетінде рефлексия маңызды жауапты 
қызмет атқарады: ол міндеттің шешімін табу үрдісін реттейді, ынталандырады, 
оны бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді [115]. Рефлексия – ойлау 
қызметін қамтамасыз ететін механизмдердің бірі». Бұл жерде өзіндік бағалау 
рефлексияның бір кезеңі ретінде қарастырылады. 
Ғалымдардың еңбектеріне талдау жүргізу негізінде, «рефлексия» – кең 
ауқымды да, көп мағыналы ұғым деген тұжырым жасап, бұл ұғым төрт 
мағынада қарастырылғандығына көз жеткіздік. 
Жоғарыда айтылған пікірлерді басшылыққа алу – оқу іс-әрекетіндегі 
рефлексия – ойлау, қабылдау үрдісіндегі оқу іс-әрекетінің субъективтік сипат 
алуы болып табылады - деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.Демек, 
оқу іс-әрекетіндегі рефлексияның мақсаты – оқу іс-әрекетінің компонентін, 
мәселені шешу жолындағы алынған нәтижені еске түсіруді, оқушының өзін-өзі 


38 
тануын қамтамасыз ету. Оқушы рефлексия арқылы оқу іс-әрекетінің тәсілін 
және мәселелерді шешу жолын түсініп, білімді меңгере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет